«Анаға апарар жол» фильмі Хорватиядағы Халықаралық кинофестивальда басты жүлдеге ие болды

23-27 тамызда Хорватияда «Марко Поло» кинофестивалінде «Анаға апарар жол» тарихи драманың тұсаукесер көрсетілімі өтті. Фильм ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған, режиссері Ақан Сатаев, продюсері Әлия Назарбаева.

Халықаралық кинофестиваль жыл сайын Хорватия Президенті патронатымен, әлемге әйгілі саяхатшы Марко Поло дүниеге келген, Корчулада өткізіледі. Ол XIII ғасырда Жібек жолы арқылы өтіп Шығыс Түркістанға барған. Фестивальдің «Жібек жолы – диалогқа апарар жол» ұраны Азия мен Еуропа елдері арасындағы мәдени-тарихи байланыстардың маңыздылығын көрсетеді.

Фестивальға Әзірбайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдерден келген режиссерлер қатысты. «Анаға апарар жол» ананың сүйіспеншілігі мен ХХ ғасырдың ауқымды тарихи катаклизмдер аясында өмір сынақ қуаты туралы фильм, фестиваль көрермендер мен қонақтарды баурап алды. Фильмнің тұсаукесерінен кейін, көрермендер қол шапалақпен «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөл орындаушылар Әділ Ахметовты, Алтынай Нөгербекті, продюсер Жарасхан Кульпиеновті және «Қазақфильм» қызметкерлерін қарсалды. «Марко Поло» фестивалінің қазылар алқасы «Анаға апарар жол» фильмін бас жүлдемен марапаттады және қазақстандық делегация мүшелеріне арнайы сертификаттар табыс етті.

Фильмнің премьерасы Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанының 25 жылдығына арналған және Хорватиядағы Қазақстан Елшілігімен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» жағынан ұйымдастырылды. Фильмнің тұсаукесері барысында Қазақстан туралы ақпараттық буклеттер мен кәдесыйлар таратылған, «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» фотокөрмесі өткізілді (http://www.marcopolofilmfestival.com/).

Қосылған : 28.08.2017, 11:40, Өзгертілген : 28.08.2017, 11:40