«ExxonMobil» Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «ExxonMobil Kazakhstan» компаниясының Басқарушы директоры Динеш Сивасамбуды қабылдады.

Тараптар «ExxonMobil» компаниясының Қазақстандағы қызметін, соның ішінде компанияның Теңіз, Қашаған және т.б. жобаларындағы қатысуын, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жоспарларын талқылады.

М. Тілеуберді «ExxonMobil» компаниясының Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытудағы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін қамтамасыз етудегі үлкен рөлін атам өтті.

Өз кезегінде, Д. Сивасамбу елдің инвестициялық климатты жақсарту және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын жоғары бағалайтындығын атап өтті.

«ExxonMobil» компаниясы Қазақстандағы қызметін 1993 жылы бастап, ел экономикасына енген ірі батыс мұнай инвесторларының бірі болды. Құйылған инвестиция көлемі 22 млрд. АҚШ. долл құрайды. Компания мұнай мен газды барлау, игеру және тасымалдау секілді бағыттарда жұмыс істейді.

Қосылған : 3.12.2019, 17:25, Өзгертілген : 3.12.2019, 17:50