​Ержан Қыстафин "Қазақстандық Дипломаттар бірлестігі туралы"

Ержан ҚЫСТАФИН,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігінің» төрағасы

Қазақстандық Дипломаттар бірлестігі туралы

-Ержан Сансызбайұлы, өзіңізге белгілі, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан дипломаттар бірлестігі (ҚДБ) конференциясының II отырысы өтті. Бізге осы іс-шараның қорытындысы туралы айтып берсеңіз?

Конференцияның өтуі біздің Бірлестік өміріндегі аса маңызды оқиғалардың бірі болды. Оның жұмысына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, сыртқы саясат ведомствосының барлық басшылық құрамы, біздің дипломатиялық қызметтің ардагерлері, сондай-ақ қазіргі уақытта өзге де құрылымдарда еңбек ететін және біздің Ұйымның мүшесі болып табылатын әріптестеріміз қатысты.

Отырысты аша отырып, Министр Қайрат Әбдірахманов өткен жылдың басында Бірлестіктің құрылуы біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саяси ведомстволық жүйемізді қарқынды трансформациялаудың логикалық жалғасы екенін атап көрсетті. Сондай-ақ ол, Бірлестік мүшелерінің ішкі корпоративтік мәселелерді шешумен, ведомстволық іс-шараларды өткізумен қатар, еліміздің мұқтаж азаматтарын, біздің талантты жастарымызды қолдауы керектігін, Бірлестіктің әлеуметтік-бағдарлы жобаларына қатысуы қажет екенін атап өтті. «Қазақстандық дипломат, барлық жағдайда қоғамдық өмірге, оның қамқорлығы мен мұқтаждығына белсенді түрде араласуға тиісті» – деді Министр.

Отырыста мен 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы, оның ішінде қаржылық көрсеткіштердің кіріс және шығыс баптары бойынша есепті назарға ұсындым. Сонымен қатар, Бірлестіктің қызметіне байланысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, сондай-ақ оның алдағы жұмыс бағыты айқындалды.

Отырыс барысында төрағаның үш жаңа орынбасары сайланды, сондай-ақ Кеңестің жаңа құрамына 20 адам бекітілді, оған СІМ құрылымдық бөлімшелерінің және оның ведомстволық бағынышты ұйымдарының өкілдері енді.

Бірлестік мүшелері Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысты қолдады. Атап айтқанда, біздің қызметіміздің бағыты, мемлекеттік органдарға сыртқы саяси бағытты және сыртқы экономикалық саясатты іске асыруға көмектесу, қайырымдылық, имидждік және баспа саласындағы іс-шараларды жүргізу, Бірлестік мүшелерінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға жағдай жасап, сотқа дейінгі тәртіппен еңбек дауларын реттеу, тұрғын үй және басқа да мәселелерді шешу сияқты мақсаттармен толықтырылды.

Жарғының жобасына, шетелдік тәжірибе ескеріле отырып, Бірлестікке тұлғаларды «құрметті мүше» мәртебесімен қабылдау мүмкіндігіне қатысты нормалар енгізілді. Қазақстандық дипломатиялық қызметке үлесін қосқан, Бірлестікке көмек көрсеткен ҚР азаматтары Бірлестіктің құрметті мүшелері болуы мүмкін.

Отырыста сондай-ақ, Бірлестіктің жаңа эмблемасы мен туы мақұлданды. (суреті қоса беріліп отыр).

Ту



Эмблема


Бірлестік мүшелері сонымен бірге, ұсынылған пікірлер негізінде іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті, сондай-ақ Конференцияның қарауына әнұранның екі жобасы енгізілді, оның қорытындысы бойынша, осы мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау жөніндегі жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. Нәтижесінде, өткен жылдың тамызында Кеңес мүшелері әнұран мәтінін мақұлдады, оның авторы ҚДБ мүшесі Мұқтар Кәрібай болып табылады. Қазіргі уақытта әнұран үшін музыканы іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Бірлестікті одан әрі институционалдық дамыту мақсатында Әйелдер комитетін құру, оның ішінде ол жұмысқа дипломаттардың жұбайларын тарту үшін және Бірлестік мүшелерінің жарты жылдық негізде бір күндік жалақысын аудару есебінен қалыптастырылу бойынша, тиісті материалдық қолдау қорын белсенді түрде тарту туралы шешім бірауыздан мақұлданды.

Бірлестік аясында өткізілетін іс-шаралар біздің ұжымды топтастыруда, «корпоративтік» рухты, жас дипломаттар мен дипломатиялық қызмет ардагерлері әулетінің байланысын нығайтуда, біздің дипломаттардың қоғамдық өмірге қатысуын ынталандыруда және өмірдің қиын жағдайында қалған мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуде, отырысқа қатысушылардың барлығы бірауызды екені мені қуантады.

Конференцияның жалпы қорытындысы – біздің Бірлестігіміз өзінің ең алғашқы міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Ол, Министрлік қызметін жақсартуы мүмкін жаңа идеялар мен бастамаларды ілгерілету үшін ынталандыратын, мүдделердің ортақтығы негізінде біздің дипломаттарымыздың ашық бейресми сұхбаты үшін тиімді алаңға айналды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі, толықтай алғанда, Бірлестік жақтаушыларының қатары өсе түсуі болды. Әрине, мұнымен шектеліп қалмаймыз. Бүгіндері Бірлестік құрамында 770 адам бар. Үстіміздегі жылдың соңына дейін жақтаушыларымыздың санын мың адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Конференция қорытындысында ҚР Сыртқы істер министрі оған мейлінше белсенді қатысқан қазақстандық дипломаттар: Б.Нұрғалиевті, И.Омаровты, А.Ермекқалиеваны, А.Байшығашевті, А.Бекенованы, Ж.Мұхадиеваны, С.Пердебековты, И.Сүлеймановты, Б.Бегалимовты, П.Салиеваны, А.Жасұзақты, Г.Жұмасанованы, С.Тұяқованы және А.Әбеуовті Бірлестіктің алғыс хатымен марапаттады.

-Бірлестік әртүрлі көптеген іс-шараларды өткізгені белгілі, осы қызмет туралы айтып өтсеңіз?

Толықтай алғанда, Бірлестік мүшелері жүзден астам әртүрлі іс-шараны ұйымдастырды және өткізді, олар: спорттық сайыстар, жас дипломаттардың дипломатиялық қызмет ардагерлерімен кездесуі, мәдени іс-шараларға қатысуы, қайырымдылық акциялары, оның ішінде материалдық көмекке мұқтаж біздің әріптестерімізге көмек көрсету және т.б.

Қазақстандық дипломатиялық қызметтің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде СІМ қызметкерлері арасында мемлекеттік тілде үздік талдау жұмыстарына конкурстар, сондай-ақ «Әлем балалар көзімен» тақырыбы бойынша балалардың сурет конкурсы ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шаралар – менің ойымша, біздің мүшелеріміздің арасындағы қарым-қатынас үшін, ұжымның тұтастығын, қазіргі жастар әдетке айналдырған корпоративтік рухты нығайту үшін бейресми алаңды құруға мүмкіндік жасайтын, біздің жұмысымыздың басты бағыты.

Біздің күнтізбелік жоспарымыз шеңберінде жазғы және қысқы жарыстар сериясы – екі шартты топ қалыптасты. Жаз айларында бильярд, футбол, волейбол және армреслинг бойынша турнирлер ұйымдастырылды. 25 жылдыққа байланысты, қыста АӨСШК шақыру туралы мемлекет басшысының бастамасына сәйкес, футболдан және волейболдан жарыстар өткіздік. Сондай-ақ, боулинг, стол теннисі мен бильярдтан сайыстар ұйымдастырылды.

Конституция күніне орай СІМ қызметкерлері және олардың балалары арасында шахматтан жарыс өтті. Турнирдің құрметті қонағы Дәрмен Садуақасов дипломаттардың интеллектуалдық ойындағы деңгейін жоғары бағалады.

«Астана опера», «Астана балет» театрларына, мұражайларға, көрмелерге, футбол және хоккей ойындарына қатысу ұжымның дәстүрлі әдетіне айналды. Өткізілетін іс-шараларға Бірлестік мүшелері ерекше қызығушылық танытады, оларға тұрақты түрде 100-ден 200-ге дейін адам қатысады.

Дипломаттардың жаңа ұрпағы мен дипломатиялық қызмет ардагерлері арасындағы байланысты сақтауға және нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеміз. Халықаралық әйелдер күніне байланысты алғашқы елші әйел, Қазақстанның БҰҰ алғашқы өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековамен кездесу болып өтті. Ол тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңдері туралы әңгімеледі, өзінің еңбек жолындағы қызықты деректермен бөлісті. Ашық әңгіме жас дипломаттарға ерекше қызығушылық тудырды, олар өз кезегінде бағалы кеңестер алды.

Жыл соңында сыртқы саясат ведомствосының қызметкерлері «Үздік басшы – 2017» конкурсын өткізді, оның қорытындысы бойынша жабық дауыс беру арқылы Консульдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев жеңімпаз атанды.

Біздер, Бірлестік қызметіне байланысты орын алып жатқан барлық мәселелерді назарда ұстауға тырысамыз. Ағымдағы және өзекті мәселелерді талқылау үшін, оның ішінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша, ай сайынғы негізде, Кеңес отырыстарын өткіземіз, оның шеңберінде жоспарларды бекітіп, оны іске асыратын жауапты адамдарды белгілейміз. Ондай кездесулерге Кеңес өкілдері ғана емес, сонымен бірге, біздің қоғамның өміріне бей-жай қарамайтын кез-келген тілек білдіруші қатыса алады.

-Жүргізілген қайырымдылық іс-шаралары туралы, оның ішінде «25 қайырымды іс» туралы толық айтып беріңізші?

Бірлестік мүшелері үшін қайырымдылық жұмыстың жекелеген бағыты емес, шын мәнінде күн сайынғы қызметінің құрамдас бөлігіне айналғанын жақсы білесіздер. Бұл жерде біз ақша қаражатын аудару туралы ғана емес, сонымен бірге, тірліктің қиын жағдайында қалған адамдарды қолдауға дербес қатысу және қолдау, аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, баласы сырқат ата-аналарға және басқа да халықтың қорғалмаған жігіне көмек көрсету туралы айтып отырмыз.

«25 қайырымды іс» қайырымдылық акциясы ҚР дипломатиялық қызметінің 25 жылдығын мерекелеу аясындағы бастама болды. Бір жыл ішінде біздер бірсыпыра әртүрлі қайырымдық акцияларын өткіздік және ұйымдастырдық. Біздің мақсатымыз, осынау ізгілікті істерге қатысатын көптеген әріптестеріміздің көзқарасы мен ниетіне толық үйлесіп жатуы маңызды.

Өткен жылдың сәуірінде СІМ қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын, Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге аударды және жиналған заттарын жеке табыстады.

Жеңіс күніне ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Біздер тыл еңбеккерлері А.Маликзатовада, Г.Веретенниковада, Н. Паненкода және Х. Алиахметовада қонақта болып, азық-түлік себетін және тиісті дәрі-дәрмек құралдарын табыстадық.

Балаларды қорғау үшін аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшін СІМ ашық есік күні ұйымдастырылды. 30-дан астам жоғары сынып оқушылары Қазақстан дипломатиясы мұрағатында, «Қазақстан» және «Астана» халықаралық келіссөздер залында болды, сондай-ақ Министрлік қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қонақтарды өзі қарсы алып, кездесу барысында қазақстандық дипломатияның тарихы, оның қазіргі әлемдегі ролі мен маңызы туралы, сондай-ақ кәсіби дипломат игеруге тиісті негізгі ерекшелік қасиеттер туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, оқушылардың сұрақтарына жауап берді, балаларға тұрақты түрде өздерінің дүниетанымын кеңейтуге, білімдерін толықтыруға, шет тілдерін үйренуге және Отанымыздың патриоты болуға кеңес берді.

Қорытындысында, оқушыларды «тәтті дипломатиялық қабылдау» өткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» акциясы аясында Семеновка кентінде және Астана қаласында тұратын көпбалалы отбасынан шыққан балаларға материалдық көмектер көрсетілді. Балалар үшін мектеп және спорт киімдері, аяқ киімдер сондай-ақ аспалы сөмкелер мен кеңсе керек-жарақтарының толық кешені сатып алып берілді.

«Шұғыла» қайырымдылық қорымен бірлесіп №49 және №57 орта мектептер оқушылары үшін Астана циркінің, «Жастар» музыка театрының әртістерін және «Алан» аулалық клубы каратэ секциясы тәрбиеленушілерін қатыстыра отырып, қайырымдылық мерекелік концерт ұйымдастырылды, кеш балмұздақ және тәттілер таратумен аяқталды. Сондай-ақ, біздер «Мектепке жол» қоры акциясына қатысып, оның аясында аз қамтылған отбасы балалары үшін қаражат жиналып, мектептің керек-жарақтары сатып алынды.

«Мейірімділік» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып «Балаларға көмектесеміз!» қайырымдылық жәрмеңкесіне қатыстық, Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты кенті ЛА-155/4 мекемесінің «Балалар қалашығына» материалдық көмек көрсеттік. Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің тәрбиленушілері үшін жаңа жылдық тәттілер ұйымдастырылды.

Өткен жыл ішінде аз қамтылған және көп балалы 10 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Т.Мараттың жанұясы қамқорлыққа алынды. Өрттен зардап шеккен Сейіловтың және Мутеевтің отбасына көмек көрсетілді. Денди-Уокери сырқатымен ауыратын кішкентай Ф.Мәжитке және басқа да сырқат балаларға қаржылай көмек жасалды.

Әртүрлі іс-шараларды белсенді түрде ұйымдастырған және өткізген Бірлестік мүшелері – біздің Алматы қаласындағы филиалымыздың қызметін ерекше атап өткім келіп отыр. Дипломат күніне орай, өмірден өтіп кеткен қазақстандық дипломаттарға арналған, еске алу күні ұйымдастырылды, қазақстандық дипломаттардың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Еске алу күні дәстүрлі түскі ас берумен аяқталды. Аталған іс-шараларды өткізу Бірлестіктің барлық мүшелерін бұрынғыдан да топтастыра түсуге мүмкіндік берді деп ойлаймыз.

Біздің Бірлестігімізге шетелде тұратын дипломаттар елеулі қолдау көрсетеді. Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі Лапландиядан Санта-Клаустың арнайы бейне-үндеуін жазып алып, «Күн бала» қайырымдылық қорының қазақстандық балаларға арналған шынайы жаңа жылдық мерекесін ұйымдастырды, сондай-ақ, арнайы дамытушы ойыншықтар ұсынды. Осы ретте, аталған акцияның біздің әріптестеріміз тарапынан екі жыл қатарынан өткізілгенін атап өту керек және ол біздің қоғамды «күншығыс балаларына», олардағы әлеуметтендірудің маңызына және қазіргі Қазақстан өміріне осындай балалардың белсенді қатысуы үшін назар аудартуға арналды.

Түркиядағы ҚР Елшілігіндегі әріптестеріміз Астана қаласындағы аз қамтылған отбасыларға және қайырымдылық қорларына әртүрлі киімдердің «мол қорын» жөнелтті.

Өздеріңіз көріп отырғандай, біз неғұрлым көп қайырымдылық істер жасауға талпындық. Бұл өткізілген іс-шаралардың толық тізбесі емес. Мұндай акцияларды алдағы уақытта да өткізе беруді жоспарлап отырмыз.

-Бірлестік өзінің алдына ағымдағы жылы қандай жоспарлар мен міндеттер қойып отыр?

Ең алдымен, басым міндет біздің дипломаттарымыздың әлеуметтік-тұрмыстық проблемасын шешу болып табылады. Дипломатиялық қызметтің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, біздің қызметкерлеріміз шетелде болу мерзімі аяқталғаннан кейін және Астанаға оралған кезде, балаларын балабақшаға, мектепке орналастыру, тұрғын үйге байланысты проблемаларға жиі ұшырасады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің басты мақсатымыз – үйіне оралғаннан кейін дипломаттарымызға және олардың отбасы мүшелеріне, жедел бейімделуі үшін, мейлінше қолайлы жағдай жасау.

Сыртқы саясат ведомство қызметкерлерінің шет тілдерді меңгеру деңгейін арттыру, оның ішінде сирек тілдерді оқып үйрену үшін, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетімен арнайы тілдік курстар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Оны өткізуді биылғы жылдың наурызында бастап кетуді жоспарлап отырмыз.

Әйелдер комитетін институттандыру және оның жұмысын жедел бастау, негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бірлестік шеңберінде, біздегі әйелдердің әлеуметтік-бағдарлы, қайырымдылық жобаларды алға жылжыта отырып, жүзеге асыруға болатын идеялары аз емес.

Бірлестігіміздің әлеуетін, біз толықтай алғанда, жоғары бағалаймыз. Қазіргі уақытта, ол ұжымдық рухты және ортақ жеңістерді нығайту үшін тиімді алаңға айналды. Біз қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауға тиістіміз, қарқынды бәсеңдетпей бірлескен жұмысымызды, оның әлеуетін арттыра отырып жалғастыруымыз қажет. Біздің Бірлестігіміз, сыртқы экономикалық міндеттерді және басымдықтарды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетіп, кәсіби дипломаттар әулетін нығайта алады, іс жүзінде және оның мүшелерінің еңбек, кәсіби және өзге де құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, сондай-ақ дипломатиялық қызметтің жоғары моральдік бет-бейнесін төмендетуге жол бермеу үшін алдын алу шараларын қамтамасыз ете алады. Орта мерзімдік келешекте сапалы жаңа деңгейге көтерілу, өзге де осыған ұқсас ұйымдар арасында қазақстандық қоғамдағы жетекші орынға берік жайғасу қолымыздан келеді деп ойлаймын.

ҚДБ қызметі туралы тұрақты хабардар болып отыруға тілек білдірушілерді, Facebook және Instagram сияқты, әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымызға қол қоюға шақырамыз.




Қосылған : 12.04.2018, 20:15, Өзгертілген : 12.04.2018, 20:15