Ерлан Досымбеков. Қазақстанның заманауи тренд мәнмәтініндегі іскерлік ортасын және инвестициялық тартымдылығын дамыту ерекшеліктері


Ерлан ДОСЫМБЕКОВ,

ЕҮ компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша Басқарушы серіктесі,

«Шетел инвесторларының Қазақстандық Кеңесі» Қауымдастығы Басқармасының мүшесі

Қазақстанның заманауи тренд мәнмәтініндегі іскерлік ортасын және инвестициялық тартымдылығын дамыту ерекшеліктері

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші отырысы. Астана қ., 2017 жылғы 6 маусым. (www.fic.kz)

Қазақстанда ЕҮ тәжірибесінің қалыптасу тарихы елдегі іскерлік және инвестициялық ортаның даму тарихымен тығыз байланысты. Біз Қазақстанда өз қызметімізді 1992 жылы бастадық. Ол кезде нарық енді ғана халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ашылған еді. Көптеген ірі инвесторлар (ол кезде жаһандық ЕҮ желісінің клиенті болған) нарықтың әлеуетін бағалады және бірінен соң бірі осы жерден кеңселерін аша бастады. Біз Қазақстанға халықаралық стандарттарға сәйкес келетін аудит және бизнес-консалтинг бойынша сапалы қызметтерге мұқтаж клиенттерге көмекке келдік. Уақыт өте келе мемлекеттің өзі де біздің клиентімізге айналды, және қазіргі таңда біздің портфеліміздің басым үлесі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік аппаратқа қызмет көрсетуге тиесілі.

25 жыл бойы біз елдің бизнес-ортасындағы айтарлықтай жағымды өзгерістерді бақылап қана қоймай (шетел инвесторы болып және клиенттердің мүдделерін білдіре отырып), сонымен қатар инвестклимат және инвестициялық тартымдылық мәселелерінің кең спектрі бойынша Үкіметке кеңес бере отырып, бұл процеске өз үлесімізді де қостық.

Сонымен бірге, көптеген нәтижелер ел басшылығының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы мен тиісті бағдарламалары бойынша уақтылы қабылдаған бағытының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн (2010-2014 жылдарға арналған ИИДЖМБ, әрі қарай 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ «Қазақстан-2050» Стратегиясының және Қазақстанның әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына кіруі бойынша тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде). Нәтижесінде соңғы 10 жылда елге шамамен 250 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициялары тартылды; Орталық Азия аумағындағы инвестицияның 70%-дан астамы Қазақстанға тиесілі (ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараты бойынша).

Дегенмен, соңғы жылдардың құбылыстары мен жаһанды трендтері елдің инвестициялық тартымдылығы мен оны бағалау параметрлері туралы қазіргі ұғымдарды түбегейлі өзгертеді. Ағымдағы жылдың қазанында Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) елдердің бәсекеге қабілеттілігінің ауқымды индексі (БАИ) бойынша өзінің жыл сайынғы есебін жариялады. 2018 жылы БАИ әдістемесі өзгертілді және төртінші индустриалдық төңкеріс құрауыштарын қамтыды. 2018 жылғы есеп нәтижелері бойынша Қазақстан 59-ші орын алды (ұқсас 2017 ж.). Елдің шолудың 140 қатысушы-елдердің жалпы рейтингісіндегі беделді жайғасымына қарамастан, жеке критерийлер бойынша көрсеткіштер дамуға арналған кеңістікті көрсетеді. Осылайша, мысалы, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (44-ші орын) және «Білім және дағдылар» (57-ші орын) бойынша «орташа» және «Инновациялық әлеует» (87-ші орын) сияқты фактор бойынша «әлсіз» деп белгіленеді.

Дүниежүзілік банк тобының басқа жақын арадағы есебі – The Best Countries to Invest In (немесе бүкіл әлемде сұралған 6000-нан астам басшылар мен бизнес иелерінің пікірлері бойынша «инвестициялау үшін ең жақсы елдер») келесі қорытындыларды шығарады: елдің табиғи байлығы мен өткізу нарығымен қатар, инвесторлар көбінесе (жеке, сонымен қатар корпоративтіктер де, және де ірі институционалдықтар да) қандай да бір елде дамыған технологиялар мен брендтердің пайдасына орай таңдау жасайды.

Қазіргі таңда инвестициялық орта мәнмәтінінде ғылымның да маңызы төмен болып табылмайды. ЮНЕСКО Статистикалық институтының соңғы деректеріне сәйкес, ғылыми-зертеу және тәжірибелік-құрастырушылық әзірленімдерге (ҒЗТҚӘ) инвестициялау көлемдері бойынша көшбасшы-елдердің бестігіне абсолюттік айқындықпен АҚШ, Қытай, Жапония, Германия және Корея Республикасы кірді. ЖІӨ-ге пайыздық қатынаста – Оңтүстік Корея (ЖІӨ 4,3%) көшбасшы болып табылады, одан кейін Израиль (4,1%) және Жапония (3,6%). Қытайдың ҒЗТҚӘ шығыны ЖІӨ 2% құрайды, бұл ретте ҒЗТҚӘ шығындары артуының орташа жылдық қарқындылығы 18,3% жетеді, 1,4% салыстырғанда басқа дамыған елдерде. Салыстыру үшін, қазақстандық ғылыми зерттеулер шығыны ЖІӨ 0,3%-нан кем.

Берілген мысалдар инвестиция үшін ауқымды бәсекелес ортаның жаңа шындықтарын көрнекі көрсетеді. Қазіргі таңда табиғи ресурстардың молшылық пен қолжетімділік көзқарасы тұрғысында ғана емес, сонымен қатар инвесторларды сапалы адами капиталмен, технологиялық инфрақұрылыммен және ғылым мен инновацияны дамыту үшін сәйкес жағдайлармен қамтамасыз ететіндігімен өзі туралы жағымды пікір қалыптастыратын елдер алда келеді.

Және осы жерде ел басшылығының аса көреген саясатын атап өткім келеді – сыртқы факторларға да (яғни елдің жаңа инвестицияны тартуға жайғасымдануы үшін жұмыс істеу) барлық соңғы ауқымды трендтерді ескеретін ішкі нарыққа да (инвестклиматты жақсарту және ағымдағы инвесторлармен қайта инвестициялауға көмектесу бойынша шаралар) қатысты.

ҚР ИДМ және Сыртқы істер министрлігі (СІМ), Қазақстан Елшіліктері мен KAZAKH INVEST сыртқы бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Осыған Қазақстанның ЕАЭО және Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі, Еуроодақпен кеңейтілген серіктестігін даму, «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құруы, BRI («Бір белбеу – бір жол») жобасына қатысуы және көптеген басқалар бойынша барлық соңғы бастамалар жатады.

ҚР ИДМ (инвесторлардың барлық мәселелері бойынша «бір терезе») тікелей жұмысынан бөлек ішкі мәселелерді шешу үшін, Елбасының жеке төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) және ҚР Премьер-министрі жанындағы Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес сияқты алаңшалар қосымша қызмет етеді.

EY компаниясы 2001 жылдан бері ШИК белсенді мүшесі. ШИК Инвестициялық саясатты жүзеге асыру бойынша Жұмыс тобының қызметі аясында жыл сайын Инвестициялар және даму министрлігімен бірге алдыңғы қатарлы шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен біз, инвестклиматқа қатысты басым мәселелерді белгілейтін және одан кейін тығыз пысықтайтын жұмыс жоспарын анықтаймыз. Олардың қатарында: үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану, заңнаманы жетілдіру, салықтық және кедендік басқару. ҚР Премьер-министрі жанындағы Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес отырыстарында экономиканы дамыту басымдықтары мен қолданыстағы және әлеуетті инвесторлардың қажеттіліктеріне жауап беретін Қазақстанның біріңғай инвестициялық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатындағы мәселелер талқыланады.

Жақын арада қабылданған 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны (Дүниежүзілік банкпен бірге ҚР ИДМ әзірлеген, бұл ретте шетел инвесторларының қоғамдастығы жоғарыда аталған алаңдар арқылы түсініктемелер мен ұсыныстар түрінде өз үлесін қосты) да атап өткен жөн. Бұл стратегияда инвестициялар үшін басым салалар белгіленген, осы ретте қолданыстағы әлеуеті бар салалар да (тағам өнеркәсібі, мұнайды, газды және пайдалы қазбаларды терең өңдеу, машина жасау), келешегі зор салалар да (АКТ, туризм және қаржы). Стратегия, сондай-ақ күшейтілген серіктестік үшін әлемнің 36 әлеуетті елдерін, оның ішінде – 11 басымдықты елдерді анықтайды (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ). Стратегияда белгіленген салалық және елдік басымдылықтар нәтижеге барынша тиімді түрде қол жеткізуге жәрдемдесу мүмкін.

Инвестицияларды тарту үшін бәсекелес күресте маңыздылығы арта түсетін фактор ретінде «жұмсақ күш» құбылысына бөлек назар аудартқым келеді. «Жұмсақ күш» материалдық емес активтердің арқасында үшінші тараптың таңдауына ықпал ету қабілеттілігі сияқты анықталады. «Жұмсақ күш» ұғымы бірнеше критерийлерді қамтиды: бүтіндік және бірізділік, жаһанды экономикаға интеграция (сауда қатынастарындағы ашықтық, тиімді визалық режим және көші-қон саясаты), имидж (мәдени мұра, ғылым, спорт, іскерлік имидж). Қазақстанның «Жұмсақ күш» саласындағы жетістіктерінің ішінде этноаралық және діни келісімді, ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларды, қалпына келтірілетін энергетика мәселелеріне назар аударуды, халықаралық спорт жарыстарын, мәдени іс-шараларды өткізуді атап өтуге болады. Осы жерге елде өткізілетін көптеген халықаралық конференциялар мен форумдар да кіреді. Ең соңғылардан – жүргізу арқылы біздің Үкіметіміз инвестицияларға жан-жақты деңгейде ықпал ету мәселелері бойынша пікірталастардың маңыздылығын атап өткен, ДСҰ «Дамыту мақсатынды инвестицияларға ықпал ету саласындағы достар» тобымен серіктестікте ҚР Ұлттық экономика министрлігімен ұйымдастырылған «Дамыту мақсатында сауда мен инвестицияларды жылжыту бойынша: Еуразиялық көзқарас» Жоғары деңгейдегі форум.

Сөзсіз, ықпалды «жұмсақ күш» брендтері бар елдер инвесторларда сенім қалыптасудың арқасында көбірек инвестициялар алады. Осылайша, мысалы, Астанада халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстанның дамуына оң экономикалық және имидждік әсерлерді тигізді. Көрме инфрақұрылымының пайда әкелуді жалғастыруы да маңызды – бұны қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО» алаңында Astana Hub IT-стартаптарының Халықаралық технопаркін ресми түрде ашуы дәлелдейді.

Стартап-мәдениетті дамытуға назар аудару — «жұмсақ күштің» тағы бір мысалы және дарынды жастарды Қазақстанда өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру үшін маңызды шара болып табылады. Бүгінгі таңда, жас ұрпақ белгілі бір жұмыс берушіге, елге және тіпті азаматтыққа байланбай әлемнің кез келген нүктесінен қашықтықтан жұмыс істей алатын гиг-экономика дәуірінде оларға өз отанында жұмыс істеу үшін ең үздік жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін лайықты мәдениетті қалыптастыру қажет. Бір жағынан, кәсіпкерлік ортаны дамыту арқылы біз шетел инвесторларының біздің нарыққа деген қызығушылығының артуына ықпалдасамыз.

Сөз соңында, инвестициялауға болатын елдердің кең таңдауы талаптарында, — елде ашық әрі болжамды заңнамалық ортаның, заң үстемдігінің және сот жүйесі тәуелсіздігінің болуына көбірек назар аударылатындығын атап өткім келеді. Сөзсіз, инвесторлар ұзақ мерзімді перспективада өз инвестицияларының бүтіндігіне сенімді болғысы келеді. Сонымен қоса, заңнаманы цифрлық дәуір талаптарына сәйкес жүргізіп, оны жедел түрде жасау қажет. Бұл бағытта біз EY компаниясынан да үлкен перспективалар көреміз және талқылаулар мен өзара әрекеттестікке ашықпыз.



Қосылған : 21.12.2018, 11:55, Өзгертілген : 21.12.2018, 11:55