Литвада Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы талқыланды

2018 жылғы 31 қазанда Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі баптарын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. Аталған іс-шараға Литва Сеймінің, академиялық және іскерлік топтарының өкілдері қатысты.

В. Темірбаев шараға қатысушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жайында xабардар етті. Сондай-ақ, Елші, денсаулық сақтау және білім беру сапасын арттыру мәселелеріне жете тоқтала кетті.

Литва шаруаларының жылдар бойы жинақтаған әлеуетін ескере келе, экспортқа бағдарланған, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында, экономика құру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асырудың зор болашағы бар екені атап өтілді.

Өз кезегінде, «дөңгелек үстелге» қатысушылар ҚР Үкіметі қабылдаған шаралардың өзектілігі мен ауқымын атап өтті. Қазақстандық шағын және орта бизнес секторын қолдауға бағытталған шаралар жоғары баға алды.

Литвалық медициналық, білім беру және ауыл шаруашылығы кластерлерінің Жолдауда аталған міндеттерді іске асыруға қатысу үшін практикалық қызығушылық танытып отырғаны айрықша баса айтылды.

Атап айтқанда, Каунастың жоғарғы оқу орындары қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру, ҚР-дағы серіктес оқу орындармен қос диплом бағдарламаларын енгізуді талқылау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық мамандарды даярлау бойынша қазақстандық мекемелермен бүгінгі таңдағы бірлескен жұмысын атап өтті.

Вильнюс университеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Қазақстандық медициналық жоғарғы оқу орындардың дүниежүзілік университеттердің жетекші медициналық мектептерімен стратегиялық әріптестігі арқылы медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» жобасын жоспарлы түрде іске асырып келеді.

Қосылған : 31.10.2018, 18:00, Өзгертілген : 31.10.2018, 18:00