Женевада орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою мәселесі талқыланды

2017 жылғы 12-14 желтоқстанда Қазақстан Республикасының делегациясы КСРО мен АҚШ арасындағы Орта және кiшi қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың (ОКҚЗ) Ерекше бақылау комиссиясының 31-ші сессиясына қатысты. Аталған кездесуден кейін тараптар бұқаралық ақпарат құралдарына мынадай хабарлама жариялау туралы келісті.

«2017 жылғы 12-14 желтоқсанда Женева қаласында Америка Құрама Штаттары мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасындағы олардың орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарын жою туралы шартқа сәйкес Ерекше бақылау комиссиясының XXXI сессиясы өтті.

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары және Украина делегациялары Шарт аясында қабылданған міндеттемелерді сақтау мәселелерін талқылады.

Құжатқа қол қойылуының 30-жылдығын атап өткен делегация мүшелері ОКҚЗ шартының халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпаудың қолданыстағы жүйесінде маңызды рөл атқаратынын және оны сақтау және нығайту үшін жұмысты жалғастыруға уағдаласты».

Қосылған : 15.12.2017, 17:40, Өзгертілген : 15.12.2017, 17:40