Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясы

Экономикалық дипломатияның дамуы Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сыртқы істер министрлігінің жұмысы халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың бағдарларына, қазақстандық сыртқы экономикалық бастамалардың жүзеге асуына жәрдемдесуге, экспортты көтермелеуге және шетелдік инвестиция тартуға бағытталады.

Министрліктің күнделікті жұмысының маңызды бағыты Мемлекет басшысы және Үкімет басшылығының Бес реформа және Жүз нақты қадам бойынша тапсырмаларын орындау болып табылады. Министрліктің ерекше жігері «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының іске асуына қолайлы сыртқы шарттар жасауында жатыр.

Қазақстан Республикасына инвестиция тарту бойынша кешенді тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде және қазақстандық экспортты көтермелеу үшін, Министрліктің шетелдік мекемелері басшылығы «бірінші байланыстық тұлға» және шетелдік кәсіпкерлік-қоғамдастық арасындағы «байланыстырушы буын» рөлін ойнайды. ҚР шетелдік мекемелері өткізіп жатқан іс-шаралар аясында Қазақстан жайлы ақпараттық-танымдық материалдарды тарату қамтамасыз етіледі. Трансұлттық компанияларды экономиканың басымды салаларына тартуға аса зор назар аударылады, сонымен қатар кіші және орташа кәсіпорындардың әлеуетті инвесторлармен байланысын дамыту қарастырылады. Бұл жұмыс онымен қоса, Мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы және оның екінші бесжылдығы, Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама, Тікелей инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар бойынша жүргізіледі.

ЭКСПО-2017 кезінде Астанада Халықаралық маманданған көрменің болуы және көрмеге шетелдік қатысушыларды шақыру Министрліктің басымды жұмыстарының бірі болып табылады.

Қазақстанның сыртқы саяси әлеуетінің өсуін және оның өңірлік жауапкершілігін ескере отырып, Министрлік «жұмсақ күшті» жылжыту, дамуға ресми көмектің толыққанды тетігі бола алатын қазақстандық және халықаралық дамуға жәрдемдесуші Қазақстандық «KazAID» агенттігін құрумен белсенді түрде айналысуда.

Көпжақты серіктестік экономикалық дипломатияның маңызды құраушысы болып табылады. Бұл дегеніміз халықаралық ұйымдармен, яғни Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Европалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялық банк және энергетикалық әрі транспорттық (Энергетикалық Хартия, Халықаралық энергетикалық агенттік, ОПЕК, ТРАСЕКА және тағы басқа) ұйымдармен жұмысты қарастырады.

Астаналық экономикалық форумды дайындау және өткізуде Министрлік белсенді рөл атқарады. Ағымдағы жылы Министрлік «Дамуға ресми көмектің қазақстандық жүйесі. Бүгінгі және ертеңгі қажеттіліктер мен үндеулер» және «Африка - әлемдік экономиканың келесі драйвері» атты екі сессия ұйымдастырды.

Қосылған : 3.07.2014, 22:49, Өзгертілген : 10.09.2015, 12:18