БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ)

1992 жылы ақпанда Балалар қоры мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы балалар жағдайын бағалауды өткізу үшін тәуелсіз Қазақстанға бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл барлық балаларды қызылша және полиомелитке қарсы иммундау миссиясы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қызметіне негіз болған бірінші жобасы болды. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды.

ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен күшінің нәтижесінде Мыңжылдық даму мақсаттарының (МДМ) алғашқы үш мақсатына жету саласында өрлеуге жетті. 2007 жылы ҚР Үкіметі ұлттық артықшылықтар мен статистиканың талдауы негізінде құрастырылған қосымша мақсаттары бар «МДМ плюс» күн тәртібі бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

1994 жылы 25 қарашада қол қойылған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры арасында ынтымақтастық туралы негізгі Келісім 2001 жылдың 10 сәуіріндегі № 176-ІІ ҚРЗ Заңымен бекітілді.

2000 жылдың қыркүйегіндегі Мыңжылдық Саммитте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Балалар саудасы, балалар зинақорлығы және балалар порнографиясына қатысты балалар құқығы туралы» Конвенцияға және «Балалардың қаруланған қақтығыстарға қатысуына байланысты балалар құқығы туралы» факультативтік протоколға қол қойды.

Астанада 2014 жылдың 18 ақпанында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита және Адам құқығы бойынша өкілетті Асқар Шакиров Қазақстандағы Балалар құқығын қорғау және ынталандыру саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

 

Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметі келесі үш негізгі бағытқа шоғырланады:

1. Әлеуметтік саясат және білімді басқару.

ЮНИСЕФ балалар мен әйелдер, сонымен қатар маргиналдық және осал топтардың жағдайына қатысты ақпаратты жинауда қолдау көрсетеді.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі ұлттық даму бағдарламасы, стратегиялар, қазақстандық заңнама және балалар мен әйелдер құқығына қатысты қоғамдық бастаманы қамту және ықпал ету саласын зерттейді.

2. Денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы.

2002 жылдың маусымында Қазақстан полиомелиттен еркін ел ретінде Дүниежүзілік Сақтау Ұйымымен және ЮНИСЕФ-пен сертификатталды.

3. Балаларды қорғау.

Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау саласында отбасыны сақтау, әлеуметтендіру және сауықтыру бойынша оларға мерзімді көмек көрсету мақсатында қаупі бар топтағы отбасын ерте анықтау мәселелері шешілмеген болып табылады.

ЮНИСЕФ жақын болашақта Қазақстандағы, әсіресе шалғай аудандар мен осал қауымдастықтарда өмір сүретін балалардың өмірін жақсарту, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында ҚР заңнамалық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Қосылған : 4.12.2013, 14:39, Өзгертілген : 13.08.2014, 19:26