Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатия қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай КОММЮНИКЕ

2017 жылғы 13 мамырда Қазақстан мен Финляндия айрықша оқиға -дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.

Финляндия Солтүстік Еуропа елдері қатарынан бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

Ширек ғасырдағы мемлекеттеріміздің жан-жақты және тығыз өзара іс-қимылы көптеген жетістіктермен және ілгермелі динамикамен ерекшеленуде.

Астана мен Хельсинки арасындағы қатынастарындағы ерекше мәртебе 2013 жылғы Финляндия Президенті Саули Ниинистёнің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған «Жасыл экономиканы» дамытудағы әріптестік туралы Декларацияда бекітілген.

2015 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер V съезінің жұмысына Суоми лидері С.Ниинистёнің қатысуы қазіргі заманның өзекті жаһандық және аймақтық мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыздың жақындығын, сондай-ақ халықаралық бастамаларымызға көрсетіліп келе жатқан өзара қолдаудың жарқын көрінісі болып табылады.

Сонымен бірге, бұл тезисті БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДСҰ, АСЕМ және басқа да көпжақты халықаралық құрылымдар мен форумдар аясындағы екі ел сыртқы саяси ведомстволарының жемісті іс-қимыл.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға парламенттік дипломатия да өз үлесін белсенді қосуда. 2014 жылы Қазақстан өзінде Финляндия Парламентінің спикері Э.Хейнялуоманы қабылдады. 2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин Финляндияға ресми сапармен болып қайтты. Бұл бағытта екі ел заң шығарушы органдарында құрылған парламентаралық достық топтары маңызды рөл атқарады.

Финляндия Солтүстік Еуропа елдері ішінен негізгі сауда-экономикалық және экономикалық әріптестікте көшбасшылық позицияны ұстанады және біздің еліміздің экономикасына тікелей капитал салу көлемі бойынша ол Солтүстік Еуропа мемлекеттері арасындағы ең ірі инвестор болып табылады.

Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде Финляндияның Ұлттық павильонның ашылуын Қазақстан толық қолдап, оның өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға арқау болатын тың идеялар мен мүмкіндіктерге серпін беретініне сенімді.

1993 жылы құрылған Қазақстан мен Финляндияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы өзін маңызды және тиімді тетігі ретінде көрсетіп, экономикалық тректің аясын кеңейтуге, іскерлік топтардың тікелей байланыстарын бекітуге, сондай-ақ екіжақты күн тәртібін нақты жобалармен толықтыруға септігін тигізді.

Қазақстан мен Финляндия үшін ортақ мерейтойлы 2017 жыл Суоми Тәуелсіздігінің 100-жылдығымен де ерекшеленеді.

Қазақстан Финляндиямен достық байланыстарды әрі қарай нығайтуды, ашық та жан-жақты диалогты тереңдетуді және өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейтін бағыт-бағдарды берік ұстанады.

Қосылған : 13.05.2017, 17:00, Өзгертілген : 13.05.2017, 17:00