​Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері мен халықаралық азаматтық қоғам өкілдеріне Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты жетістіктері мен сын-тегеуріндері туралы әңгімеледі

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 4 ақпан - Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қауіпсіздік Кеңесі құрамында жұмысын аяқтаған мүше елдерінің қатысуымен БҰҰ мемлекеттеріне және азаматтық қоғам өкілдеріне тұңғыш рет брифинг өткізілді.

Қазақстан, Боливия, Италия, Нидерланд, Швецияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері 2017-2018 жылдары бойы Қауіпсіздік Кеңесінде атқарған қызметтері кезінде алған тәжірибесімен бөлісіп, басты жетістіктер мен сын-тегеуріндер туралы егжей-тегжей әңгімеледі және Кеңестің жаңа сайланған мүше елдеріне өз ұсынымдарын берді.

Елші Қайрат Омаров, Орталық Азия және Ауғанстанға көңіл аудару, өңіріміздің сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін ашып көрсету, дүниежүзілік проблемаларды бүкіл әлемге жағымды жолмен шешудің тәсілін ұсыну Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басты мақсаты болғанын атап өтті.

«Орталық Азия елдерінің белсенді қатысуымен Ауғанстанды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерді «экономикаландыруды» басымдыққа алу еліміз ұсынған бұл бағыттағы инновациялық тәсілге айналды», - деді Қ.Омаров. «Біз Ауғанстандағы жағдайды тек қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, экономикалық даму тұрғысынан да қарастыруын Қауіпсіздік Кеңесінде бірінші рет қол жеткіздік», - деп айтты Елші.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі жылдық жұмысының басты жетістіктерінің қатарында Қазақстанның елшісі ядролық қаруды таратпау мәселесін шешудегі сенімді қалыптастыру шараларын нығайтудың маңыздылығын, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексін іске қосу, Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреядан ұзақ мерзімді санкцияларын алып тастау және Қазақстанның «жарқын карточкасы» болып танылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату рәсімі дәстүрін өткізу іс-шараларын атап өтті.

Қ. Омаровтың айтуынша, Қазақстан үшін басты сын-тегеурін – Қауіпсіздік Кеңесіндегі дипломатияның эрозиясы және бірліктің болмауы. «Осы терең және ымыраны көтермейтін қайшылықтарды жеңу және Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін сенімділікті қайтару біз үшін басты сын-тегеурін болды», - деді Қ.Омаров. Қазақстанның Елшісі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі поляризация қорқынышты шындыққа айналғанын және бұл жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін жағдайдан шығу жолдарын табудың аса маңыздылығын атап өтті.

Брифинг қатысушылары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің рөлін күшейту маңыздылығын, сондай-ақ Кеңестің тұрақты мүшелері мен БҰҰ Бас хатшысымен тығыз қарым-қатынас жасау қажеттігін атап өтті. Мәселелерді насихаттау басымдығы климаттың өзгеруіне, қақтығыстарды алдын алу мен шешу, Сирия, Йемен, Мьянма, Сомалидегі гуманитарлық дағдарыстарды шешуге, әлемнің ыстық нүктелеріндегі БҰҰ бітімгершілік операцияларын жалғастырудың маңыздылығына, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру, адам құқықтарын қорғау және қоғамдағы әйелдердің рөлі атап өтілді.

Брифингті 1946 жылы құрылған халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін бүкіл әлем бойынша 100-ден астам БҰҰ қауымдастығын біріктіретін жаһандық үкіметтік емес ұйымы болып табылатын БҰҰ Ассоциацияларының халықаралық федерациясы ұйымдастырды.

Қосылған : 5.02.2019, 16:35, Өзгертілген : 5.02.2019, 16:35