Қазақстан Сауд Арабиясында өтетін «Camel Festival» халықаралық этнофестиваліне қатыспақ

Ү.ж. 6 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Абдулазиз атындағы «Camel Festival» халықаралық этнофестивалінің жаңадан тағайындалған Атқарушы директоры Халед Сауд Абухаймедпен кездесті.

Кездесу барысында 2020 жылғы қаңтарда өтуі жоспарланған «Camel Festival» халықаралық этнофестиваліне Қазақстанның қатысуы  талқыланды

Қазақ дипломаты халқымыздың салт-дәстүрлерімузыкаән мен биқол өнері мен ұлттық ойындары жайында жан-жақты әңгімелеп берді

Атқарушы директор ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабыл алыпқазақстандық өнер топтарыныңдәстүрлі әнші-бишілері мен ұлттық спорт шеберлерінің алдағы шараға кеңінен қатысуына үміт білдірді.

Түйе фестивалі 2000 жылдан бастап жыл сайын өтіп келедіФестивальдің басты мақсаты әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар мен этностардың мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерін жандандыружергілікті халықты олармен таныстыру болып табыладыОның аясында ү.жнаурызда алғашқы рет «Nomad Universe» этнофестивалі өттіЖалпы түйе фестиваліне АмерикаЕуропа және Азияның 94 еліненсоның ішінде алғашқы рет Қазақстаннанжалпы 2400 астам өнер майталмандары қатысыпмәдени құндылықтарын паш еткен болатын.

Қосылған : 6.10.2019, 18:00, Өзгертілген : 6.10.2019, 18:00