Будапешттегі Кеден одағына арналған семинар туралы

Желтоқсан айында Будапешт қаласында Мажар Сауда-өнеркәсіптік палатасының (бұдан әрі - МСП) ұйымдастыруымен Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағына арналған семинары өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының Мажар Республикасындағы Елшілігінен басқа, МСП құрметті президенті И. Тот, Ресей Федерациясының Мажарстандағы сауда өкілі Л. Шурыгин, Беларусь Елшілігінің кеңесшісі П. Шульга және палатаның мүшелері қатысты.
Елшіліктің кіріспе сөзінде, Кеден одағының бастаушысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев болғаны атап өтіліп, Одақтың құрылуынан Қазақстанға тиімділігі туралы мәлімденді.
Сонымен қатар, жиналғандар еліміздің экономикалық жетістіктері, 2013 жылы Астана экономикалық форумының шеңберінде өтетін дағдарысқа қарсы конференция, Мемлекет басшысы ұсынған G-Global интернет сұхбат алаңы және біздің елдің «ЭКСПО-2017» мамандырылған халықаралық көрме өткізуге жеңіске жетуі туралы ақпаратпен таныстырылды.
Семинар аясында, ҚР мен Мажарстанның екі жақты қарым-қатынастары және Қазақстанның бүгінгі экономикалық ахуалы мен инвестициялық жағдайы жөнінде презентация өткізілді. Соған байланысты мажар бизнесмендері «ҚР Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға белсенді түрде қатысуға шақырылды.
ҚР Мажар Республикасындағы Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 12:02, Өзгертілген : 9.05.2014, 00:33