Британ қаржы министрі Дж. Осборнның Ұлыбританияның экономикалық ахуалы бойынша баяндамасы жөнінде

2012 жылғы 5 желтоқсанда Ұлыбритания Қазынашылығының басшысы Дж.Осборн «кіші бюджет» ретінде бағаланатын елдің экономикалық дамуының келешегі бойынша дәстүрлі күздік баяндамасын жасады. Баяндама, өз кезегінде, тәуелсіз сарапшылармен үкіметтің қатаң үнемдеу саясатын жалғастыратындығын қайтадан көрсету құралы ретінде қабылдануда.

Қаржы министрінің жылдық күзгі баяндамасы 2010 жылы құрылған тәуелсіз қаржы реттеушісі Бюджеттік жауапкершілік басқармасының (Office for Budget Responsibility, OBR) экономикалық өсу және мемлекеттік қаржы бойынша ресми болжамдарына негізделеді. Баяндаманың негізгі түйіні ел экономикасы өсуінің 2017 жылға дейін төмендеу бағытында қайта қарастырылып, қатаң үнемдеу бағдарламасының кемінде 2018 жылға дейін жалғастырылу ықтималдығы болуда. 

Бюджеттік жауапкершілік басқармасының дерегіне сәйкес ел экономикасы 2012 жылы 0.1%, 2013 жылы 1.2%, және 2014 жылы 2%-ға қысқаратын болады. Бұл дегеніміз Басқарманың бұған дейін жасаған, соның ішінде, өсу қарқынының 2012 жылы 0.8%, 2013 жылы 2%, 2014 жылы 2.7% болады деген болжамының төмендеу бағытында қайта қарастырылуын көрсетеді (үкімет болжамдары тәуелсіз зерттеу институттарының 2013 жылы 0.5% және 2014 жылы 1.3% экономикалық өсу бойынша болжамдарынан әлдеқайда жоғары болып келуде). Бюджеттік жауапкершілік басқармасы қаржы саясатының күшейтілуіне қарамастан ортамерзімдік келешектегі болжамы, атап айтқанда, экономика  2015 жылы  2.5-3% аймағында өседі деп бағалауда. Тәуелсіз сарапшылар, сонымен бірге, Басқарманың дәстүрлі түрде жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жуық арада қайта қарастырылатынына еш күмән келтірмейді.

  Баяндамада жасалған маңызды мәлімдемелердің бірі болжанған «құрылымдық дефициттің» мағыздылығын сақтауына және экономиканың ұзақмерзімді келешекте өсуінің болжамы жағымсыз болуына орай, Қазынашылық басшысының бұған дейін жарияланған қатаң үнемдеу бағдарламасының бес жылдан сегіз жылға, 2017-2018 қаржы жылына дейін ұзартуына тура келуін көрсетуде. Бұған қоса, Дж.Осборн мемлекеттік қарыздың Жиынтық ішкі өніммен арақатынасының да 2015-2016 қаржы жылында төмендейтіндігін мойындады.

Жағымсыз болжамдардың орнын толтыру мақсатында Қазынашылық басшысы бірқатар шаралар қолға алатынын да жариялады. Соның ішінде, негізгі нысан жоғары жалақы алатын азаматтардың салықтық жеңілдіктерге құқық беретін жылдық зейнетақы үлесі жылына 1 миллиард фунтқа өседі деген болжаммен 50 000 фунттан (80 000 АҚШ доллары) 40 000 фунтқа қысқартылды (өмірлік шектеу 1.5 миллион фунттан 1.25 миллион фунтқа қысқартылды).

Алдағы жылдары мемлекеттік құрылымдар бюджеттері де қысқаратын болады, атап айтқанда, 2013 жылы 1%, 2014 жылы 2%-ға қысқарады. Қазынашылық басшысы жаппай қысқартудың төмен кірісті үй шаруашылықтарын да қамтитындығын атап өтіп, зейнетақыға қатысы жоқ шамамен барлық кірістер алдағы үш жылда кесімді межеде жылына тек1% өсетін болатындығын жариялады (бұл мәлімдеме инфляцияның жылдық өсуі 3% болады деген болжамға негізделген). Дж.Осборн аталмыш шараның үкіметке жылына 1.2 миллиард фунт қаржыны үнемдеп береді деп болжауда.

Жанармай алымының жоспарланған өсуі орын алмауына орай, Қазынашылық басшысы жеке кіріс салығының кішігірім өсірілуін және корпоративтік салықтың ставкасын 1 пайызға қысқарту арқылы салықтың ең жоғары деңгейін 2014 жылғы сәуірден 21% болатынын атап өтті.Жалпы алғанда салық пен әләуқатқа қатысты шаралар жағымды өзгерістер әкеледі деп күтілгенімен, аталмыш шаралардан ұтатындар да, ұтылатындар да болатыны белгілі.

  Қаржы министрінің кеңінен тоқтаған мәселелерінің қатарында үкіметтің бизнестің салық төлеуден жалтаруына қарсы күреске бағытталған жаңа Теріс пайдалануға қарсы ережемен (General Anti-Abuse Rule, GAAR) таныстырды. Бұл шара Ұлыбританияда ауқымды кіріс табатын Amazon, Google сияқты компаниялардан түсетін төмен салық көлеміне қоғамның жаппай наразылығының нәтижесінде қолға алынуда. 

Әлеуметтік саладағы дамуды қамтамасыз ету мақсатында мектептер, ғылым, транспорт инфрақұрылымына қосымша 5 миллиард фунт қаржы бөлінетін болады. Баяндамада, Қазынашылық басшысы, сонымен бірге, бұған дейін үкімет жариялаған 40 миллиард фунт көлеміндегі мемлкеттік кепілдемелердің қамтамасыз етілуін тағы да қайталағанымен, қаржының нақты қай жобаларға бөлінетінін анықтап айтпағандығын атап өткен жөн.

Зауыт жұмыстарын жандандыру мен машина жасауға салынатын инвестицияларға салық жеңілдіктері он есе өсіріліп, 250 000 фунтты құрайтын болады; экспорттық тауарларды шығаратын орта және кіші бизнестің халықаралық нарықтарды кеңеюін қолдауға 1.5 миллиард фунт бөлінуі күтілуде. Осы мақсатта коммерциялық банктерден несие алуға мүмкіндіктері жоқ компанияларға үкімет бизнес банкін жасақтайтын болады.

Дж. Осборн баяндамасында, сонымен бірге, жеке қаржы бастамаларын (Private Finance Initiative, PFI) реформалайтынын да жариялады. Бұл кесте лейбористер үкіметімен жеке капитал салынған мемлекеттік инфрақұрылымды қаржылауға белсенді пайдаланылғандығын атап өткен жөн. Соғын қарамастан, кейінгі жылдары Ұлттық аудит басқармасы аталмыш жобалар капиталы құнының жоғары болуына және мемлекеттік кепілдемелерге қарамастан шығыстардың мемлекеттік теңгерім есебінен анағұрлым алшақ болуына алаңдатушылығын білдіргенін атап өткен жөн. Баяндамада 30 газ станцияларының құрылысына жол ашатын газ өңдеуге қаржы салатын компанияларға салықтан босату кезеңдерінің енгізілетіні де жарияланды.

Жалпы алғанда Дж.Осборнның дәстүрлі күздік баяндамасы, ең алдымен, үкіметтің бұған дейін алға қойған мемлекеттік дефицитті қысқарту мақсатына қол жеткізудің қиындығы мен ел экономикасы өсуі болжамының қысқару бағытында қайта қарастырылуын, және осыған орай, үкіметтің қатаң үнемдеу бағдарламасын жалғастыруға мәжбүрлігін ресми халыққа жеткізу ретінде бағалануда. Тәуелсіз сарапшылар үкіметтің жеке капитал және бизнестің экономиканы қолдайтындығына сенімі ішкі және сыртқы сұраныс деңгейінің төмен болуына байланысты ешқандай негізі жоқ деп қорытындылауда. 

ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия

Құрама Корольдігіндегі Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 11:52, Өзгертілген : 8.05.2014, 01:59