«Brainstorming session» форматындағы семинар аясында «ИЫҰ-15 үнқатысу платформасын» құру перспективалары талқыланды



2019 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің қатысуымен ИЫҰ Бас хатшылығының, ИЫҰ ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КОМСТЕК) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен ҚР СІМ ұйымдастыруымен «brainstorming session» форматында «ИЫҰ-15 үнқатысу платформасын» құру жөніндегі ҚР бастамасын іске асыруға арналған семинар өтті.

Бұл бастама ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында жариялап, онда ол мұсылман елдерінің көшбасшыларын ғылым мен технлогиялардың алға жылжуын XXI ғасырда олардың дамуының басым бағыты ретінде қарастыруға шақырды және «ИЫҰ-15» тобы шеңберінде ислам уммасының экономикалық тұрақты және технологиялық дамыған мемлекеттерінің күш-жігерін өзара біріктіруге бастама жасады.

Іс-шараға ИЫҰ мүше-мемлекеттердің Тұрақты өкілдері мен елшілері, ұйымның субисидиарлық және мамандандырылған органдар мен институттары қатысты. Семинарға қатысушылар ИЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі ғылым мен технологиялардың дамуына баға берді, сондай-ақ семинардың қорытынды есебінде бекітілген Болашақ «ИЫҰ-15 үнқатысу платформасына» қатысты өз пікірлерін айтты.

Қорытынды есеп пен семинарға қатысушылардың пікірлері 2020 жылдың екінші тоқсанында Нигерде өткізуге жоспарланған ИЫҰ мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуінің қарауына ұсынылатын болады.

Қосылған : 20.11.2019, 15:05, Өзгертілген : 20.11.2019, 17:00