«Босния мен Герцеговинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

Босния мен Герцеговинада қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Босния мен Герцеговинаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 100000 (жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

Intermediary Bank / Correspodent Bank

SWIFT-BIC:   DEUTDEFF
Name:    DEUTSCHE BANK AG
City, Country:   FRANKFURT AM MAIN, GERMANY
Account with Institution / Beneficiary s Bank
SWIFT-BIC:   CBBSBA22
IBAN/Account Number:  DE81 5007 0010 0935 9621 00  Name:    CENTRALNA BANKA BOSNE I HERCEGOVINE
Address:    MARŠALA TITA 25
City, Country:   SARAJEVO, BOSNIA AND HERZEGOVINA
Beneficiary

IBAN:    BA390000030000000145
Reference Number:  06414331
Name:    MINISTARSTVO FINANSIJA I TREZORA BIH
Address:    TRG BIH 1

City, Country:   SARAJEVO, BOSNIA AND HERZEGOVINA

NOTE:
Corespodent bank for DEUTSCHE BANK AG F/M for USD payments is DEUTSCHE BANK TRUST COMPANY AMERICAS N/Y (SWIFT: BKTRUS33, ABA: 021 001033).
In all payments please quote ReferneceNumber

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                          К. Мәсімов

 

 

«Босния мен Герцеговинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы
30 шілдедегі №12-57/3033 тапсырмасы.

Халықаралық ізгілік көмек жөніндегі комиссия отырысының 2014 жылғы                       2 шілдедегі № 01-66 хаттамасы.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулы жобасын қабылдау Босния мен Герцеговинада қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты ресми ізгілік көмек көрсетуге мүмкіндік береді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржылық шығындар

Жоба ҚР Қаржы министрлігінің 2014 жылға республикалық бюджетте қарастырған «Қазақстан Республкиасы Үкіметінің резерві» 010 бағдарламасындағы қаржы есебінен 100 000 (жүз мың) АҚШ доллары көлеміндегі сома негізінде жүзеге асырылатын болады

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Босния мен Герцеговинада қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты ресми ізгілік көмек көрсету

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа

ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажет емес

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Рұқсат етіледі

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Босния мен Герцеговинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына қатысты ақпарат баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына (www.mfa.gov.kz) 2014ж. _________________орналастырылды

 

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі                                                                                          Е. Ыдырысов

 

Қосылған : 14.08.2014, 14:43, Өзгертілген : 14.08.2014, 14:43