Бейбіт Атамқұлов. Сабақтастық арқылы өзгерістер

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Сабақтастық арқылы өзгерістер


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау салтанаты.

Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 12 маусым. Akorda.kz

«Дипломатия жаршысы» журналының жазғы шығарылымының оқырмандарымен баспасөз арқылы қауышып отырғаныма қуаныштымын. Өткен тоқсан өзінің оқиғаға толы саяси күн тәртібімен, халықаралық іс-шараларымен және мерекелік күндерімен есте қалды.

9 маусымда ағымдағы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі – халықаралық қоғамдастық тарапынан аса қызығушылыққа ие болған және бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен резонанс тудырған Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы болып өткені белгілі. Сыртқы істер министрлігі сайлауға халықаралық журналистердіңрекордтық санын – әлемнің 40 елінен келген 220 астам тілшілерді тіркеді.

Сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 12 маусымдағы ұлықтаудағы сөйлеген сөзінде барлық қазақстандықтарға жоғары сенімі үшін алғысын білдірді және Қазақстанның Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақтың заманауи мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы бастаған стратегиялық бағдарламалар мен бастамаларды жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетті және өзінің саяси бағдарының он бағытын белгіледі, олар: 1) халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру; 2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау; 3) сот-құқықтық реформа; 4) жалақыны арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу; 5) тұрғын үй мәселесін шешу; 6) әлеуметтік әділ саясат; 7) өңірлерді дамыту;8) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру; 9) теңгермелі және көп векторлы сыртқы саясат; 10) жастарды қолдау.

Билік пен қоғамның арасында диалог қалыптастыру үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатын болады, оған жастарды қоса алғанда, барлық қоғам өкілдері кіреді.

Өткен сайлаудың нәтижесі бойынша қазақстандықтар тұрақты саяси бағыттың сабақтастығының және елдің болашақта дамуы үшін экономикалық реформаларды жалғастырудың маңыздылығын көрсетті.

Сабақтастық сонымен бірге біздің сыртқы саяси бағытымызда да сақталады, ол бейбітшілдік, көп векторлылық, прагматизм қағидаттарына және барлық халықаралық міндеттемелерді сақтауға негізделеді.

* * *

Бүкіл дипломатиялық корпусты жыл сайын 2 шілдеде атап өтілетін Қазақстан Дипломатиялық қызметінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің дипломатиялық қызмет халықаралық істерде аса мол тәжірибе жинақтады, Қазақстан дипломатиясының дәстүрі және біртұтастығы қалыптастырылды, жоғары деңгейдегі кәсіби кадрлар даярланды, еліміздің әлемдік аренада жағымды имиджі жасалды, Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің дамыған желісі құрылды, біздің барлық халықаралық әріптестерімізбен өзара тиімді және бір ниеттегі қатынастар жолға қойылды.

Бұл ретте Қазақстанның Елбасы қалыптастырған теңгерімді және прагматикалық сыртқы саясаты біздің мемлекеттігіміз үшін күшті іргетасқа, өңірдің және әлемнің қауіпсіздігіне қосылған баға жетпес үлеске, сондай-ақ халықаралық сарапшылар зерделеуге арналған объектіге айналды.

* * *

Ағымдағы айдың 6 шілдесінде біз Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы күнін де мерекелейміз. Елбасының құрметіне қайта аталған қала оның есімімен байланысты болуы заңды құбылыс. Нақ Қазақстанның Бірінші Президентінің өзі Еуразияның жүрегінде орналасқан әсемдігі мен инновациялары бойынша бірегей астананың құрылысына бүкіл халықты жұмылдырды және оның сәулет ансамблін жасауға тікелей қатысты. Бұл тұрғыдан алғанда, қала тағдырының Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонмен ұқсастығы қызықтырады. Бүкіл халық болып алғаш сайлаған АҚШ Президенті Джордж Вашингтон да Потомак өзенінің бойындағы жаңа астана қаласының құрылысы мен көшелерін жоспарлауды және салуды тікелей өзі бақылауда ұстады, ал кейіннен АҚШ Конгресі Дж. Вашингтонның билікте болуы кезеңінде оның құрметіне қаланың атын атау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бүгінде Нұр-Сұлтан тәуелсіз Қазақстанның символына, жаңа идеялардың, адами капиталдың, инвестициялардың, озық технологиялардың тартылуы орталығына, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕЫҚҰ, ЕАЭО саммиттерін өткізуге арналған алаңға, өңірлік және халықаралық көшбасшылардың, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының, Сирия келіссөздеріне қатысушылардың,. саясаткерлердің, сарапшылардың, ғалымдардың, Нобель сыйлығы лауреаттарының, бизнес-элита өкілдерінің АЭФ, АХҚО, Astana Hub, ЭКСПО-2017 және т.б алаңдарындағы кездесу орнына айналды.

* * *

Осы маусымда журнал, барлық қозғалыстағы, даму үстіндегі құбылыстар сияқты, жаңа дизайн мен фактураға ие болды, оның баспалық нұсқасына алғаш рет озық цифрлы технологиялар енгізілді. Біз «Дипломатия жаршысының» халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, экономикалық дипломатия және осы заманғы қоғамдағы трендтік бағыттар сияқты салалардағы өзекті оқиғалардың ортасында болуы үшін күш саламыз. Осының барлығы Қазақстанның жаңа саяси дәуірге өтуімен және дамудың сапалық жағынан жаңа деңгейіне шығуымен үйлесім табады.

Осы жылдың 29 мамырында Елбасы мен ҚР Президентінің, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің, Молдованың (бақылаушы ел) және Тәжікстанның (құрметті қонақ)көшбасшыларының қатысуымен Нұр-Сұлтанда болып өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мерейтойлық саммиті осы тоқсанның айтулы оқиғасына айналды. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа оның «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы, дамытудағы және нығайтудағыжоғары рөлін және оған қосқан жеке үлесін» мойындау ретінде «Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті Төрағасы» атағы берілді.

Бүгінгі таңда ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастық прогресі Одақ ішіндегі интеграцияның ғана емес, сонымен бірге үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтудің де нәтижесі болып табылады. Еуразиялық одақтың қызметін бағалау және мерейтойлық саммиттің қорытындылары туралы жәйттар Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықтың кешенді мақаласында ұсынылған.

Соңғы жылдары Шаңхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық аренадағы ықпалы мен беделі айтарлықтай өсті. Ұйым интеграцияны тереңдетуге арналған төрт берік тіректі: қауіпсіздікті, цифрландыруды, экономиканы және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтты. Бұл ретте, Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 маусымда Бішкекте өткен ШЫҰ-ның саммитінде атап өткендей, бүгінде «Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш диалог» туралы бастамасының шеңберінде ЕАЭО, АСЕАН, БРИКС және ЕО сияқты Еуразияның негізгі көп жақты құрылымдарымен толық форматты қатынастарды жолға қою жолымен Ұйымның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет».

Журналға берген эксклюзивтік және мазмұнды сұхбатында Ұйымның қызметі, оның осы заманғы халықаралық аренадағы орны мен рөлі туралы ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов әңгімелейді.

Өткен тоқсан 15 мамырда Еуроодақ қабылдаған Өңір жөніндегі стратегияның арқасында Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерініңарасындағы қатынастардың жаңа деңгейге шығуымен есте қалды. Сонымен қатар, біз Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) күшіне енуінің алдында тұрмыз, бұл оқиға келісімде көзделген ынтымақтастықтың 29 саласындағыөзара іс-қимылды тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тусктің 31 мамырдағы Қазақстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша осы сапар «Нұр-Сұлтан мен Брюссельдің диалогында жаңа бет ашты», - деп атап өтті.

Тұтастай алғанда, Еуропалық одақпен жасалған қатынастардың серпіні өңірлік деңгейде де, екі жақты деңгейде де күшейе түсуде. Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Петер Буриан өзінің эксклюзивтік мақаласында осы болып жатқан өзгерістерге Еуропаның көзқарасы туралы ойларымен бөліседі.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия, Ирак және Ауғанстан бойынша бұрынғы Арнайы өкілі Стаффан де Мистураның эксклюзивтік сұхбатында бітімгершілік, Сирия дағдарысы және Астана процесі туралы беделді пікірі ұсынылған.

Дәстүрге сәйкес, бұл нөмірде де экономикалық дипломатия тақырыбына бірқатар мақалалар арналған. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі инвестициялық және экспорттық бағыттарды күшейту бойынша белсенді де дәйекті жұмыс жүргізуде. Осы жұмыстың аралық қорытындылары мен одан арғы жоспарлары Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың мақаласында көрсетілген.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы» (АХҚО) туралы мақалалар сериясы жалғасын табуда. Осы нөмірде оқырмандарды АХҚО Сотының қызметімен оның Төрағасы Лорд Гарри Вульф СН таныстырады.

Қазақстанның және өңірдің жыл сайынғы негізгі іскерлік оқиғасы – ХІІ Астана экономикалық форумы, оның ұйымдастырылуы мен қорытындылары туралы өзінің эксклюзивтік сұхбатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Руслан Жемков әңгімелейді.

Нөмірдің жоғарыда аталған өзекті тақырыптарымен қатар, журналда Қазақстан үшін Экономикалық дипломатияны нығайтудағы АҚШ-тың тәжірибесі, Африка елдеріне қазақстандық экспорттың перспективалары, біздің еліміздің Оңтүстік Кореямен инновациялар және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға және Қазақстанның виртуалдық кеңістігінде әлеуметтік желілерді дамытуғақосқан үлесі туралы жарияланымдар да ұсынылған.

Қосылған : 13.06.2019, 11:20, Өзгертілген : 13.06.2019, 11:20