Азиядағы ынтымақтастық диалогы

 

Азиядағы ынтымақтастық диалогы (АЫД) - саяси және экономикалық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша Азиядағы өзара әрекеттесуге қатысты проблемалар жөніндегі диалог, консультациялар, ымыра негізіндегі шешімдерді қабылдау және шараларды іске асыруғаарналған мемлекетаралық форум.

2003 жылғы маусымда Чиангмайда (Таиланд) АЫД-ға мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 2-ші кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасы Кувейт, Шри-Ланка және Оманмен қатар АЫД мүшелігіне қабылданды.

АЫД-н құру бастамасын Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Таксин Шинаватра 2000 жылғы 17-20 қыркүйекте Манилада (Филиппиндер) өткен Азиялық саяси партиялардың Бірінші халықаралық конференциясы барысында алғаш рет ұсынды. Т.Шинаватра сол уақытта азиялық өңірде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерінің кең аясын талқылауғаарналған  жеке форумның болмауына байланысты, осындай құрылымды құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.

АЫД-н құру мәселесі 2001 жылғы шілдеде Ханойда өткен (Вьетнам) Онтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (ОШАМҚ)Сыртқы істер министрлерінің 34-ші кеңесінің және 2002 жылғы ақпанда Пхукетте (Таиланд) өткен ОШАМҚ Сыртқы істер министрлерінің көшпелі кеңесінің қарауына берілді.

АЫД 2002 жылғы 19 маусымда Ча-Амада (Тайланд) өткен Сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуінде (СІМК) құрылды.

Нәтижесінде азиялық мелекеттердің басшылары, үкімет басшылары және сыртқы саясат ведомстволарының басшылары бұл бастаманы кеңінен қолдады.

АЫД құрамына 33 мемлекет кіреді:Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Бруней, Бутан, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан (2003 жылдан бастап), Камбоджа, Қатар, Қырғызстан, Қытай, Корея Республикасы, Кувейт, Лаос, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Сингапур, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка және Жапония.

АЫД негізгі мақсаттары:

  1. Азиялық тұрғындар өмірінің денгейін жақсарту және кедейлікті қысқарту мақсатында Азияның жалпы мүмкіншілігі мен артықшылығын табу жолымен ынтымақтастықтың барлық салаларында Азиялық елдер арасындағы өзара байланыс деңгейін жоғарылату, сондай-ақ, адамдар және қоғамдастық еркіндіктерін және құқығын кеңейтуді белсендіру және білім негізіндегі азиялық қоғамды дамыту;
  2. Азиядағы қаржы және сауда нарықтарының кеңейуі және бәсекелестіктің орнына азиялық елдердің келіссөз мүмкіншіліктерін арттыру, сонымен қатар, азия аймағының дүниежүзілік нарықтағы экономикалық бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату;
  3. Басқа аймақтарға тең құқықты серіктес болу мақсатында, азиялықигерілмеген бағыттардыигеру, ынтымақтастықтың қазіргі жүйесін толықтыру  мен оның артықшылықтарын ынтымақтастық шеңберіндекөтеру.
  4. Әлемнің басқа бөлігімен тең дәрежеде өзара әрекет жасай алатын және өркендеу мен жалпы әлемге үлкен үлес қоса алатын Азиялық континентті азиялық қоғамға өзгерту.

Қазақстан АЫД шеңберінде өзі үшін ынтымақтастықтың төрт басым саласын анықтады – энергетикалық қауіпсіздік, көлік, қаржы және ауыл шаруашылығы.

Қазақстан көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы АЫД қоса-үйлестірушісі болып табылады. Осы ретте, қазақстан тарапы «Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық» және «АЫД көлік байланыстары» тұжарамдамалық құжаттардың жобалары әзірленді. Қазіргі уақытта бұл құжаттар АЫД үйлестіруші-мемлекеттерімен қарастырылуда (көлік – Үндістан, ауыл шаруашылығы – Қытай, Пәкістан).

Азиялық бірлікті нығайту және жақсарту жолдарын, өңірлік ынтымақтастық мәселелерін және АЫД жетістіктерін талқылау мақсатында,  АЫД шеңберінде АЫД-ға мүше мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволарының басшылары 12 кездесу өткізді: Ча-Амада (Таиланд,2002 ж.), Чиангмайда (Таиланд, 2003 ж.), Циндаода (Қытай, 2004ж.),Исламабадта (Пәкістан, 2005ж.),Дохада, (Катар2006ж.),Сеулде (Корея 2007ж.), Астанада (Қазақстан2008 ж.),Коломбода (Шри-Ланка 2009ж.), Тегеранда(Иран 2010ж.),Эл-Кувейтте, (Кувейт 2011ж.), Душанбеде (Тәжікстан 2012ж.), Манамада(Бахрейн 2013ж.).

Қазіргі күні АЫД шеңберінде энергетика, туризм, ақпараттық технологиялар, қаржы, экологиялық білім, адами ресурстардың дамуы, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, жол қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, стандарттау, табиғи аппаттар, электрондық білім, көліктік байланыстар, инфрақұрылымдық қор, кедейлікпен күресу, биотехнологиялар, электрондық сауда, ғылым және технологиялар, құқықтық инфрақұрылымды нығайту және мәдени диалог тәрізді жобалық өлшемдегі 20 бағдарлама бойынша ілгерілеу көзделіп отыр.

АЫД 1-ші Саммиті Кувейттің бастамасы бойынша 2012 жылғы 15-17 қазанда Эл-Кувейтте өтті. Қорытынды құжат ретінде мүше-мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды және ынтымақтастықтың болашақ дамуын қамтитын Кувейт декларациясы қабылданды.

Отырысқа қатысушылар ынтымақтастықтың өткен он жылын, өзара іс-қимылдың келешегін және Диалогты одан әрі институционалдау мәселелерін талқылады.  

АЫД Саммиттінде Кувейт мүше мемлекеттерді орта масштабты жобаларды іске асыру мақсатында, Азияның нашар дамыған елдеріне (негізінен араб елдер емес) 2 млрд. АҚШ долл. жұмылдыруға шақырды. Осыған қатысты, Кувейт  300 млн. АҚШ долл. көлеміндегі өз үлесін енгізуге уәде етті. 

2016 ж. 8-10 наурызда Бангкокта (Таиланд Корольдігі) АЫД мүше елдерінің сыртқы істер министрлерінің 14-ші кездесуі өтеді, ал АЫД 2-ші Саммитті 2016 жылдың соңына өткізу жоспарлануда. 

АЫД Хатшылығының хабарлауынша, Араб Әмірліктері АЫД Сыртқы істер минитрлерінің 15-ші кездесуін 2017 жылдың басында Әбу-Дабиде өткізуді ұсынды.

 

 

Қосылған : 4.12.2013, 19:55, Өзгертілген : 18.03.2016, 18:22