Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 104,1% құрады.

Экономиканың нақты секторы.

2013 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8737,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 102,2% құрады (5269,8 млрд. теңге). Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 1,8% өсу болды (2784,0 млрд. теңге). Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,5%-ға ұлғайды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 11,9%-ға төмендеді.

Табиғи газ өндіру көлемінің өсу қарқыны 106,6%-ды құрады, көмір мен лигнит 100,6%-ды, металл кені – 105,9%-ды. Шикі мұнай өндіру 1,8%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі2013 жылғы қаңтар-маусымда 510,3 млрд. теңгені құрап 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі2013 жылғықаңтар-маусымда 796,1 млрд. теңгені құрап 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,7%-ға жоғары.

Жүк айналымының көлемі 2013 жылғы қантар-маусымда 224,2 млрд. ткм. құрап 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары.

Жолаушылар айналымының көлемі 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11,5%-ға артып, 110,1 млрд. жкм құрады.

Байланыс қызметі 2013 жылғы қаңтар-маусымда 14,6%-ға өсті.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2013 жылғы қаңтар-маусымда2235,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайды.

Көтерме сауда тауар айналымы есепті кезеңде 6070,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,5%-ға өсті.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2013 жылғы қаңтар-мамырда 52,1 млрд. АҚШ долл. құрап, 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,5%-ға азайды, оның ішінде экспорт – 34,3 млрд. АҚШ долл. (10,8%-ға төмендеді), импорт – 17,9 млрд. АҚШ долл. (10,3%-ға өсті).

Төлем теңгерімінің оң сальдосы 16,4 млрд. АҚШ долларын құрады (2012 жылыдың тиісті кезеңінде – 22,1 млрд. теңге АҚШ долларын құрады).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2281,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 7,9%-ға көп.

Қаржыландыру көздері бойынша.

Негізгі капиталға салынға инвестициялар құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттарының үлесі 52,7%-ды (2012 жылғы қаңтар-маусымда – 56,6%), шетел инвестициялары – 14,6%-ды, (16,6%), бюджет қаражаттары – 14,3%-ды (17,7%) және қарыз қаражаттары – 18,5%-ды (9,1%) құрады.

Еңбек нарығы.

2013 жылғы маусымда жұмыссыздар саны 468,0 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,2%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы маусымның аяғында 58,9 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады (31,6 мың адам).

Халықтың табысы.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2013 жылғы қаңтар-мамырда 268,0 мың теңгені құрады. Өсім 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,2%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 2,4%-ды құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2013 жылғы қаңтар-маусымда 104,1 мың теңгені құрады, өсім атаулы мәнде 7,0%-ға, нақты мәнде 0,5%-ға өсті.

Инфляция.

Тұтыну бағасының индексі 2013ж. маусымда өткен аймен салыстырғанда 100,3% құрады (2012 жылдың сәйкес кезеңінде – 100,3%), оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті (0,2%), азық-түлік емес тауралар 0,2%-ға қымбаттады (0,2%), ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің индексі 0,5%-ға қымбаттады (0,2%).

Жылдық көріністегі инфляция деңгейі (2013 жылғы маусымда 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда) 5,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы маусымдағы 4,9%-ға қарсы. Азық-түлік тауарларына баға өсімі 4,5%-ды құрады өткен жылғы 3,6% қарсы. Азық-түлік емес тауарларға баға өсімі 2,8%-ды құрады (4,6%), ақылы қызметтерге – 10,9% (7,1%).

Қосылған : 19.11.2013, 11:43, Өзгертілген : 7.05.2014, 17:07