Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу

Қажетті құжаттар:

Баланың тууын екі ай ішінде, ал өлі бала туған жағдайда – туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • алушының жеке басын куәландыратын құжат;
  • ата-анасының неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі) немесе некеде тұрмаған анасының өтініші;
  • баланың туғаны туралы емдеу мекемесінің анықтамасы немесе кемінде екі куәгердің жазбаша куәландыруы;
  • алушының мүдделеріне өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы);
  • сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  • мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқа) ұсынуы қажет.

Неке-отбасы заңнамасында белгіленген тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

  • ата-анасының еркін нысанда жасалған жазбаша түсініктемесі;
  • баланың туған жері бойынша туу туралы актілік жазбаның болмауы туралы уәкілетті органның берген анықтамасы;
  • баланың денсаулығы туралы оның тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның берген медициналық құжат.

Ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу кезінде:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • әкелікті анықтау туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі,
  • баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • алушының мүдделеріне өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы);
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Ұл (қыз) баланы асырап алуды тіркеу үшін:

  • асырап алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • ұл (қыз) баланы асырап алу туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • асырап алушылардың неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Неке қиюды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • некеге тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • некеге тұратын адамдардың құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті орган беретін анықтама;
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса, олардың заңды өкілдерінің келісімі қосымша ұсынылады.

Сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • өтініш білдірушілердің жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • некені бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • өтініш білдірушілердің жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);
  • сот шешімі немесе сот үкімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі)
  • мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртек (түпнұсқасы).

Атын, әкесінің атын және тегін, өзгертуді тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • өтініш білдірушінің туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі)
  • егер өтініш білдіруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • егер өтініш білдірушінің кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, ұл (қыз) баланы асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • неке бұзу туралы куәлік (егер өтініш беруші некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса);
  • өлшемі 3х4 см екі түрлі-түсті фотосурет;
  • өтініш берушінің атын, әкесінің атын және тегін өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт (әскери қызметкерлерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған, бірақ паспорт алмағандарға – туу туралы куәлік).

Қайтыс болуды тіркеу үшін:

  • алушының еркін нысанда жасалған өтініші;
  • қайтыс болу фактісін растайтын құжат (түпнұсқасы);
  • өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі).

Қолданыстағы неке-отбасы заңнамасына сәйкес, қайтыс болу туралы куәлік қайтыс болған адамның мұрагерлер тізіміне енетін адамдарға ғана беріледі.

Консулдық лауазымды тұлға болу елінде тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында азаматтық хал актілерін тіркеген, шетелдік азаматтардан және азаматтығы жоқ тұлғалардан азаматтық хал актілері жазбасына өзгертулер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініштерді қабылдайды.

Консулдық лауазымды тұлға болу елінде тұрақты тұратын немесе уақытша болған Қазақстан Республикасының азаматтарынан, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органдарында азаматтық хал актілерін тіркеген, шетелдік азаматтардан және азаматтығы жоқ тұлғалардан жоғалған азаматтық хал актілерін қалпына келтіру және азаматтық хал актілерін жою туралы өтініштерді қабылдайды.

Қосылған : 8.05.2014, 15:09, Өзгертілген : 8.05.2014, 15:09