Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі жаңа Нұсқаулық туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен дайындалды.

Аталған Нұсқаулық нормативтік-құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 11 маусымда № 8508 тіркелген.
Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер және ұйғарымдар қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулы (бұдан әрі – Құрметті консул) – Қазақстан Республикасы атынан болу мемлекеті аумағында жекелеген консулдық функцияларды орындау тапсырылған, штаттағы консулдық лауазымды адам болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жоқ адам;
2) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы (бұдан әрі – консулдық мекеме) – Құрметті консул басқаратын консулдық мекеме;
3) консулдық округ – консулдық функцияларды орындау үшін консулдық мекемеге бөлінген аудан;
4) консулдық үй-жайлар – меншік құқығы кімде болмасын, тек консулдық мекеменің мақсаты үшін ғана пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бір бөлігі және сол ғимаратқа немесе ғимарат бөлігіне қызмет ететін жер учаскесі;
5) консулдық мұрағаттар – консулдық мекеменің қызметтік әрекетіне тиесілі шифрлар мен кодтар, картотекалар мен консулдық мекеменің тізілімі және барлық қағаздар, құжаттар, хат-хабарлар, кітаптар, фильмдер мен дыбыстық жазу ленталары және олардың сақталуын немесе сақтауды қамтамасыз ететін кез келген жабдық бұйымдар;
6) консулдық деректеме – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналастырылған тақта, Құрметті консул қолданатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде консулдық мекеме атауы жазылған мөр, мөртабандар мен бланкілер. 
Құрметті консул өзіне жүктелген функцияларды дербес орындайды.
Құрметті консул өз функцияларын орындау кезінде:
өзі басқаратын консулдық мекеме ғимаратына Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнелеген тақта мен мемлекеттік тілде және болу мемлекетінің тілінде консулдық мекеме атауы жазылған тақта іліп қояды;
өзі басқаратын консулдық мекеменің ғимараттарына, оның резиденциясын қоса алғанда, сондай-ақ өзі жүретін көлікке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын іліп жүре алады.
Сонымен қатар Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, ақпараттық-имидждік қызметіне, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, визалық режимді жеңілдетуге, Қазақстан Республикасының әуе және теңіз кемелеріне қатысты, сондай-ақ санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық қорғау бойынша Құрметті консулдың функциялары мен өкілеттіктердің тізімі қарастырылған.
Осы Нұсқаулық Құрметті консулды тағайындау және оның қызметін тоқтату тәртібін реттейді.

Қосылған : 22.11.2013, 13:44, Өзгертілген : 3.02.2014, 12:56