Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жібeру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасынан мыналар өкілетті өкілдер болып жіберілсін:
Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне «Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару Қорының Атқарушы дирекциясы» Қоғамдық қорының Қызылорда қаласындағы филиалының сарапшысы Дәулетияр Аймағамбетұлы Байәлімов (келісім бойынша);
Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов.
2. Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдері Мұрат Қабікенұлы Бекниязов және Марат Тұрсынбекұлы Нарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен кері қайтарылсын.
3. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа Халықаралық Аралды құтқару Қорының қызметіне қатысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге және құжаттарға қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. «Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 967 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                        С. Ахметов
 

ҚР СІМ «Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Халықаралық Аралды құтқару Қорына төрағалық ету 2013 жылы Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына ауысуына байланысты, ХАҚҚ басқармасы, Атқарушы комитеті және Тексеру комиссиясының жаңа құрамын қалыптастырып, 2011-2015 жылдар кезеңіне арналған Арал теңізінің бассейні бағдарламасының Үшінші Кезеңін жүзеге асыру бойынша қойылған міндеттерді орындауға кірісу қажет.
Осыған орай, «Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 967 қаулысының ескіруіне байланысты оның күші жойылды деп тануға жатқызылады.


Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов

2013 жылғы «___» ____________

Қосылған : 3.02.2014, 10:38, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:15