Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы»

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  28.02.2013 жылғы  № 12-37/001-354, 01-17 (1.5-т), 004-517 (32-т) тапсырмасы

3.

Жоба  қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарлар

ҚР мемлекеттік органдарының шарттық-құқықтық жұмысының тиімділігін арттырады, сонымен бірге СІМ шарттық-құқықтық сипаттағы мәселелердің тиімділігін арттырады.  Шарттарды жасасу және шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды жоспарлау мүдделі инстанциялар (Президент Әкімшілігі, Премьер-Министрдің Кеңсесі, Парламент, мемлекеттік органдар) арасындағы жұмысты ретке келтіреді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға  байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Аталған Үкімет қаулысын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындары талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Комиссияның қызметі мемлекеттік органдардың шарттар жобаларын қол қоюға әзірленуін, шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің уақытылы орындалуын ретке келтіреді, шарттарды жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелерді алқалылық түрде шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шарттық-құқықтық базасы мониторингінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

6.

Жобада қаралған мәселелер бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылданған  кесімдері және    олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Аталған мәселе бойынша бұрын Президенттің немесе Үкіметтің нормативтік құқықтық актілері қабылданған жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажеттігі жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және  басқа да)  жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ 

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына материалдарды (үзінді) беруге  рұқсат берілген

Рұқсат етілген

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

http://mfa.gov.kz

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрі                                                                                             E. Ыдырысов

        

 2013жылғы«____» ____________

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

             Қазақстан Республикасының шарттық-құқықтық қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
             1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
             2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
             3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » _________

№ _____ қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының 
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (әрі қарай – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және орындау тетіктері – халықаралық шарт жобасын әзірлеу мен келісу, оны қол қоюға дайындау, жасалған халықаралық шартты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының Мемлекеттік тізілімінде тіркеу, Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шартын жариялау, ол бойынша құқықтар мен міндеттерді орындау, сондай-ақ оның жүзеге асырылуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету және оның орындалуын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың шараларының/іс-қимылдарының Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жүйелері;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өзектілігін, мәртебесін анықтау, олардың күшін тоқтатуды немесе оларға өзгерістер енгізуді контрагентпен келісу бойынша мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестіретін іс-қимылдарының кешені.

2. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары

4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу мен орындаудың мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру;
2) Халықаралық шарттарды жасасу бойынша жоспарлауды қамтамасыз ету; 
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу жүйелерін жетілдіру;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және орындау саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жауапкершілігін арттыру.
5. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады: 
1) Халықаралық шарттарды жасасу бойынша жыл сайынғы және перспективалық (үш жылдық кезеңге арналған) жоспарлар жасау;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау, сондай-ақ 1995 жылғы 5 қыркүйекке дейін жасалған және ратификацияны күшіне ену шарты ретінде қарастырмаған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау бойынша жыл сайынғы жоспарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін енгізу; 
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелерін қарастыру және олар бойынша шешімдер әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және/немесе орындауға қатысты проблемалық мәселелерді қарастыру; 
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу. 
6. Комиссия өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес мынадай құқықтарға ие болады: 
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне халықаралық шарттар мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; 
2) мемлекеттік органдардың өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыру және тыңдау; 
3) Қазақстан Республикасының Парламентімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан сұрату және алу;
5) Мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Үкіметімен келісілген Комиссияның шешімдерін орындауды мемлекеттік органдардан талап ету;
6) Халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне ұсыну және тиісті ұсыныстарды енгізу;
7) уақытша және тұрақты негізде қызмет ететін жұмыс топтарын құру;
8) Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару үшін қажетті өзге де құқықтар.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

7. Комиссияның қызметін төраға басқарады.
Төраға Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылау жүргізеді. Төрағаны қоса алғанда, Комиссияның әрбір мүшесі өзі өкілдік ететін мемлекеттік органның құзыреті шегінде Комиссияның қызметі мен оның шешімдері үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке жауапты болады.
Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссияның жұмыс органы (әрі қарай – жұмыс органы) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
9. Жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
10. Жұмыс органы Комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастыруды, Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды, сондай-ақ Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді жүзеге асырады.
11. Комиссияның отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілу күнін, уақытын және орнын Комиссияның төрағасы айқындайды.
12. Комиссия отырысының күн тәртібі қажетті материалдармен бірге электронды түрде Комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ Комиссияның отырыстарына шақырылған және оларда тыңдалатын мемлекеттік органдарға және қажеттілікке қарай басқа да мүдделі адамдарға отырыстың өткізілуінен кемінде 10 жұмыс күні бұрын жолданады.
13. Комиссияның отырысы Комиссияның барлық мүшелері оған қатысқан кезде құқылы болып саналады. Комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органда тең дәрежелі лауазымға ие адаммен ауыстыруға жол беріледі.
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып саналады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
15. Комиссияның шешімдері оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
16. Комиссияның құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, ғалымдар, біліктілігі жоғары мамандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары тартылуы мүмкін.

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

17. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «    »_________

№ ____ қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комисси 

ҚҰРАМЫ

Ыдырысов

Ерлан Әбілфайызұлы

Сарыбай

Қайрат Шораұлы

Ахметжанов

Тимур Болатұлы

Өкіл

Меркель Иоганн Давидович

Өкіл

Ахметжанов

Саян Қылышұлы

Лукин

Андрей Иванович

Майкеев

Бағдат Абдықадырұлы

Демеуов Марат Ғанұлы

Рау Альберт Павлович

Толибаев

Марат Еркінұлы

Баймолдина

Зәуреш Хамитқызы

Шаяхметов

Саят Болатұлы

Төкежанов

Болат Тұрғанұлы

Кұрманғалиева

Аида Дәденқызы

Бектұров

Азат Ғаббасұлы

Дәленов

Руслан Ерболатұлы

Мұхамеджанов

Бектас Ғафурұлы

Өкіл

Өкіл

Смаилов

Жанболат

Амангелдіұлы

Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

Мәтішев

Әлиәкпар Болатұлы

Шойкин

Ғалым Нұрмағамбетұлы

Шәйжүнісов

Аллен Сержанұлы

Жарқынбаев

Жасер Әзімханұлы

Өкіл

Шаймағамбетов

Еркін Мұстафаұлы

Исетов

Арман Асқарұлы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі,төраға

Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің бірінші хатшысы, хатшы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің жауапты хатшысы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаувице-министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениетжәнеақпаратвице-министрі

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Қазақстан Республикасың Төтенше жағдайлар вице-министрі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігітөрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігітөрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры

Қосылған : 3.02.2014, 10:28, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:21