«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 189-құжат)келесітолықтырулар енгізілсін:

жоғарыдағы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбемынадай мазмұндағы 6, 7 тармақтарымен толықтырылсын:

«6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың жұмыс жасауы үшін қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету болып табылатын, «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма Астана» акционерлік қоғамынан Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қосылған, 1961 жылғы 18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қосылған, 1963 жылғы 24 сәуірдегі консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қосылған, 1946 жылғы 13 ақпандағы Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенциясына, 2004 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1965 жылғы 4 желтоқсанда Манилада жасалған Азиялық Даму Банкініңқұрылтайшылық шартына, 2004 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1944 жылғы 22 шiлдеде Бреттон-Вудсте жасалған, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің Келісімнің Баптарына, 2012 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1992 жылғы 5 қазанда Нью-Йоркте жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Өкілдігін ашу туралы келісімге, 2006 жылғы 12 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2006 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласында жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi аралығында Еуразиялық Даму Банкінің мекемесi туралы келісімнің қосымшасы болып табылатын, Еуразиялық Даму Банкінің Жарғысына, 2004 жылғы 9 шiлдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1990 жылғы 29 мамырда Парижде жасалған, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің мекемесі туралы келiсiмге, 1997 жылғы 11 наурыздағы № 315 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, 1996 жылғы 19 қыркүйекте Алматыда жасалған, Ислам Даму Банкі өкілдігінің Алматыдағы мекемесі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкінің арасындағы келісімге, 1996 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1974 жылғы 12 тамызда Джидда қаласында жасалған, Ислам Даму Банкінің құрылтайлықшартына, 2001 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1994 жылғы 25 қарашада Алматыда жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы Негізгі келісімге, 2008 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификациаланған, 2007 жылғы 26 маусымда Астана қаласында жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге, 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңымен ратификацияланған, 1956 жылғы 20 шілдеде Вашингтонда жасалған, Халықаралық Қаржы Корпорациясын құру туралы Келісімнің Баптарына, 1998 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Көші-қон жөніндегі Халықаралық Ұйымның арасындағы келісімге, 2011 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2007 жылғы 14 қарашада Астанада жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының босқындар ісі жөніндегібасқарманың арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2006 жылғы 24 шілдеде Астана қаласында жасалған, Есіртік құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия Өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы Әзірбайжан Республиканың, Қазақстан Республикасының, Қыргыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түркіменстанның және Өзбекістан Республикасының арасындағы келісімге сәйкес сатып алынатын қызметтер:

1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерді (бұдан әрі - Өкілдіктер) қосылған құн салығын қайтару тізбесіне енгізу бойынша, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құқықтық актілерін дайындау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде келістіру;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық салық басқармаларына қосылған құн салығын қайтаруға тапсыру үшін құжаттарды (жиынтық ведомосітөлем қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарының, шот-фактуралардың, төлемдерді растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса) дайындау бойынша Өкілдіктердің қызметкерлеріне кеңес беру;

3) Өкілдіктердің жасағанқұжаттарын (жиынтық ведомосітөлем қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарының, шот-фактуралардың, төлемдерді растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса) қабылдау және қосылған құн салығын қайтаруға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық салық басқармаларына тапсыру;

4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық салық басқармаларының Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару үдерісін бақылау және жетелеу;

5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық салық басқармаларынан алынған, қосылған құн салығының қайтарылғандығы және (немесе) қайтарылмағандығы жөніндегі хабарламаларды (қосылған құн салығын қайтару ойынша қорытындылар, актілер/анықтамалар) Өкілдіктердің орналасу мекен-жайларына жолдау;

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық салық басқармаларында Өкілдіктердің салықсалуға байланысты пікірталас сұрақтарын шешу.

7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың жұмыс жасауы үшін қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету болып табылатын, «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма Астана» акционерлік қоғамынан 2008 жылғы 20наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификациаланған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге,1994 жылғы 4 қазанда Нью-Йорк қаласында жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының арасындағы келісімге, 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификациаланған, 2001 жылғы 5 желтоқсанда Анкарада жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкiлдiктер ғимараттары құрылысын салу үшiн өзара жер учаскелерiнiң беруi туралы келісімге сәйкес, сатып алынатын қызметтер, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекттердің дипломатиялық өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің орналасулары үшін ғимараттарды беру.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                           С. Ахметов 

Қосылған : 3.02.2014, 10:51, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:11