«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы енгізілсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               С. Ахметов

«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

                                                                           

т/т

Түсініктеме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі

Дайындаушы мемлекеттік органның ақпараты

1.

Мемлекеттік орган – жобаның дайындаушысы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

ҚР Президентінің 2011 жылғы 15 тамыздағы      № 93-5.164 тапсырмасы,

ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы                    23 тамыздағы № 12-22/004-480, 04-165 (1-9) тапсырмасының 9-тармағы. ҚР ПӘ Басшысының 2012 жылғы 21 тамыздағы                     № 350-6 ПАБ тапсырмасы.

3.

Жобаны қабылдау жағдайында жобланудағы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты жобаланудағы қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау қаржылық шығындарға әкеліп соқтырмайды

5.

Күтілудегі нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және жобаны қабылдаудың жобаланудағы тиімділігі

Елбасының қарауына «Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын енгізу 

6.

Жобада қаралудағы мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәлімет 

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұымдарда өткізілуі жағдайында қосымша сараптаманың нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа)

ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы                         8 желтоқсандағы № 149-р өкімімен мүдделі ҚР мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

2011 жылғы қазанда Халықаралық бейбітшілік институтының Вена офисінің қатысуымен, СІМ, ҚМ, ӘМ, ТЖМ өкілдері үшін БҰҰДБ және дамуға көмек ұлттық агенттіктері (NORAD, SLOVAKAID, GIZ, USAID) сарапшыларының қатысуымен  семинар ұйымдастырылды.

2011 жылғы қараша-желтоқсанда Қазақстан аталған үдерістегі «жаңа донорлардың» маңызды рөлін растаған Дамуға көмек бойынша жоғарғы деңгейдегі Төртінші Форумға (Пусан, Республика Корея) қатысты. 

Тұжырымдаманың жобасы жағымды бағаланған және БҰҰ Даму бағдарламасының және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұсыныстарын ескере отырып пысықталған.

«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағытұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасының ережелері 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 291-ші отырысында мақұлданды.                 

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұялы офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің ұялы құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) жолдау

Рұқсат етілген

МИНИСТР                                                                                     Е.ЫДЫРЫСОВ                                                                                  

2013 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын

келісу парағы

Жобаның атауы: «Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы»

Жобаны кім және қашан енгізді: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Дайындаушы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент актілері (күні мен №): қабылданбаған

Жобаны келісудің нәтижелері:  

Қабылдау күні

Мемлекеттік органдар,

басшылар,

Құрылымдық бөлімшелер

Жекеше түрде кімен келісілген

(аты-жөні)

Келісудің нәтижелері

(белгі немесе қолы, күні)

Қайткру күні

1

2

3

4

5

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар  министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

     

           

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

     
 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

     

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қорытындыны ұсыну күні: ______

Бөлімдердің қорытындыларды ұсыну күні:

___________________________________ Қайтару күні  _____________

___________________________________ Қайтару күні  _____________

___________________________________ Қайтару күні 

Келіп түскен күні:

Редакцялық сараптама үшін Жалпы бөлімге: ____________                           ______________

Жобаның өтуі туралы ерекше белгілер

______________________________________________________________________

Редакциялық сараптама және актілерді шығару секторына: _____ қабылдады ___

Жарлық (өкім) жобасына қоса берілген құжаттардың тізімі

№ т/т

Құжаттардың атауы

Құжат номері мен күні

Парақ саны

1.

Жарлық (өкім) жобасы

   

2.

Жобаға түсініктеме жазба

   

3.

Жіберу көрсеткіші

   

4.

Қорытындылар, анықтамалар, мемлекеттік органдардың ескертулері

   

5.

Қол қойылған Жарлықтың (өкімнің) көшірмесі

   

6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уқытша жүктеу туралы бұйрық көшірмесі

   

7.

     

8.

     

9.

     

Редакциялық сараптама және актілерді шығару секторына барлығы құжаттар келіп түсті

Қол қоюдан кейін ________, онда _________ парақ

Қолы  __________ күні _________

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевқа

«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына

түсініктеме жазба 

«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі - ДРК) Қазақстан Республикасының саяси қолдауы мен дамуға көмек көрсету бойынша халықаралық күш-жігерге қатысуды жүйеге келтіру ниетін растау мақсатында өсіп келе жатқан экономикалық мүмкіндіктерді және әлемдік аренадағы белсенді ұстанымды ескере отырып енгізілуде.

Соңғы жылдары біздің қолдауымыздың көбінесе негізгі қабылдаушылары Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, Сомали және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (бұдан әрі - ИЫҰ) басқа да мүше мемлекеттері болып табылғанын атап өту қажет. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының № 01-38. 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесіндегі төрағалығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында KAZAID Дамуға көмек және техникалық жәрдем көрсету жөніндегі қазақстандық агенттікті құру туралы ұсынысты енгізу көзделген болатын.     

            Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекітудің негізгі мақсаты: 1) кедейшілікті жоюға және орынды экономикалық дамуды қамтамасыз етуге  жәрдемдесуге; 2) донор-мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты және ұлттық нарықтар интеграциясын дамыту; 3) Қазақстан беделін нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты дамуға ресми көмек тетігін кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыру көзделуде.

Бірінші кезең шеңберінде тиісті құқықтық база құрылады, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруші рөлі нығайтылады, негізгі донорлармен және халықаралық институттармен мазмұнды әріптестік байланыстар жандандырылады, ДРК іс-шараларының орта мерзімді жоспары дайындалады.  

Екінші кезең барысында халықаралық тәжірибені есепке ала отырып,                керек болған жағдайда ҚР СІМ-ге ведомстволық бағынысты мамандандырылған ұйым құрылады («KAZAID Дамуға көмек және техникалық жәрдемдесу жөніндегі қазақстандық агенттігі» (бұдан әрі – KAZAID), оның ұйымдастырушылық-құқықтық негізі сосын анықталатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысымен бекітілген Тұжырымдаманы, доктринаны дайындау қағидасының 6-тармағына сәйкес, аталған Тұжырымдаманы дайындау Халықаралық бейбітшілік институтының (International Peace Institute - IPI), БҰҰ Даму бағдарламасының (United Nations Development Programme - UNDP), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Халықаралық ынтымақтастық бойынша герман қоғамының (Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit - GIZ)  сарапшылары мен мамандарын қатыстыру арқылы жүзеге асырылған.

Аталған Қағиданың 7-тармағына сәйкес, құпиялық түсініктеріне байланысты, әзірлену кезеңінде Тұжырымдама мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында және ғаламтор-ресурстарында жарияланбаған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 152-2 ПАБ қарарымен Тұжырымдама жалпы тұрғыдан мақұлданған. 

            Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленген.

«Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасының ережелері 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 291-ші отырысында мақұлданды.                  

Аталған Жарлықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді және мемлекеттік органдардың штаттық санының көбеюін талап етпейді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                               С.Ахметов

Жоба

Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасын бекіту туралы 

Реципиент мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, көмек ұсынудың мониторингіне, сондай-ақ әлемдік аренадағы Қазақстан Республикасының рөлі мен беделін нығайтуға жәрдемдесуге арналған шет елдерге қаржылық, техникалық және басқа да көмек көрсету саласындағы ұлттық саясатты дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдамасы бекітілсін.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н. Назарбаев

Астана, Ақорда,  2013жылғы _____

Қазақстан Республикасы

Президентінің

________ жылғы № _____

Жарлығымен бекітілді

Қазақстан Республикасының

Дамуға ресми көмек саласындағы

Тұжырымдамасы

1-тарау. Қазақстан Республикасы көрсететін

дамуға ресми көмектің даму пайымы

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек саласындағы Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - реципиент-мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, көмек көрсету мониторингіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы рөлінің және мәртебесінің нығаюына жәрдемдесуге шақырған, шет мемлекеттерге қаржылық, техникалық және басқа көмек көрсету саласындағы ұлттық саясаттың даму көрінісін қамтитын құжат.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат тұжырымдамасына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне (бұдан әрі - БҰҰ), БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясына және дамуға көмек саласындағы, сондай-ақ тиісті халықаралық тәжірибедегі халықаралық құжаттарға негізделеді.

            Қазақстан Республикасының заңнамасында дамуға ресми көмек түсінігін регламенттеу жоқ. Сонымен қатар, осы саладағы қатынасты дамыту тиісті санатты құқықтық анықтауды талап етеді.

Осыған орай, халықаралық көмек көрсету және дамуға техникалық жәрдемдесу саласындағы мемлекеттік саясат шараларының кешені немесе басқаша, дамуға ресми көмек Тұжырымдамада жалпыға бірдей терминологияда ұғынылады және бекіту ұсынылуда.

Дамуға көмек саласындағы дамыған мемлекеттердің қызметін үйлестіруші және 1969 жылы тиісті терминді айналымға енгізген, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) Дамуға жәрдемдесу комитетінің терминологиясына сәйкес дамуға ресми көмек (бұдан әрі - ДРК), ең алдымен, дамушы мемлекеттердің экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында түп негізі бойынша жеңілдетілген, 25 %-дан кем емес қайтарымсыз элементі бар мемлекеттің қаржылық ресурстарды ұсынуы ұғынылады.

Дамуға ресми көмек және ресми гуманитарлық көмек - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының өтеусіз көрсетудегі көмек түсініктерін бөлу маңызды.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибе қазіргі гуманитарлық көмектің дамуға неғұрлым ұзақ мерзімді көмекпен, соның ішінде, төтенше жағдайларға қатысты осалдықтың терең себептерін жоюда, сондай-ақ оларды ескертуге дайындықта тығыз байланысуда екендігін көрсетуде.

Дамуға ресми көмектің қажеттігін дәлелдеу

Қазақстан Республикасы халықаралық және өңірлік қатынастардағы өзінің өсіп келе жатқан рөлін және жауапкершілігін, сондай-ақ елдің экономикалық жағдайының серпінді жақсаруын түсіне отырып, тұрақты дамудың жаһандық және өңірлік проблемаларын шешу, әлемдік аренадағы елдің рөлі мен мәртебесін арттыру мақсатында дамуға ресми көмек бойынша халықаралық күш-жігерлерге қатысуды өзінің сыртқы саясатының қажетті элементі ретінде қарауда.

Халықаралық дамуға жәрдемдесу саласындағы Қазақстанның неғұрлым белсенді және мақсатты саясаты: әріптес елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды тұрақтандыруға, заңсыз миграцияны жоюға, терроризмге және экстремизмге қарсы күресуге, тату көршілік белдеуін құруға, халықаралық ұстанымдардың және Қазақстанның жағымды имиджінің нығаюына жәрдемдесетіндіктен ұлттық мүдделерге жауап береді.

2011 жылғы желтоқсанда Корея Республикасының Пусан қаласында Көмектің тиімділігі бойынша жоғары деңгейдегі форумда әлемдік қоғамдастық қол жеткізген, уағдаластық тұрғысында дамуға ресми көмек ұлттық тұжырымдамасын анықтаудың ерекше уақыттылығы туындап отыр. Атап айтқанда, Форумда дамуға ресми көмекке серпінді дамушы өтпелі экономикалар ішінен «жаңа донорлардың» қатысу маңыздылығы дәлелденді және оның нысандарының әртүрлілігі мен икемділігі мойындалды.

Өңірде және жалпы әлемде, елдің орнықты дамуы онымен көршілес жатқан мемлекеттердегі жағдайға және даму деңгейіне байланысты болып табылатын қазіргі заманғы әлемде шет мемлекеттердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы халықаралық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікке, ұлттық мүдделерді іске асыруға тікелей ықпал етуге қабілетті элемент ретінде қаралады.

Осыған орай, жаһандық сын-қатерлерге және өңірлік проблемаларға барабар жауап іздеу жүйесін құруға, ДРК және гуманитарлық көмек саласындағы қызметті үйлестіруды арттыруға, сондай-ақ өңірлік және халықаралық қатынастардағы Қазақстанның рөлі мен мәртебесін нығайтуға бағытталған осы саладағы нақты негізделген саясаттың қажеттілігі анық.

ДРК саласындағы ағымдағы жағдайды талдау

және халықаралық тәжірибе

Бүгінгі күні ДРК-нің негізгі үлесін дамыған мемлекеттер жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «жаңа донор» деп аталатындардың өсіп келе жатқан рөлі қазіргі заманғы үрдіс болып табылады, олардың көбісі дамуға көмектің доноры және реципиенті де болып табылады.

БҰҰ Мыңжылдық декларациясының негізгі мақсаттарының бірі 2015 жылға қарай аталған көрсеткішті жалпы ұлттық табыстың (бұдан әрі - ЖҰТ) 0,7 %-ға дейін жеткізу. ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер көрсетіп отырған көмек көлемінің орташа көрсеткіші ЖҰТ-тың шамамен 0,4 %-ды құрайды. Көмек салыстырмалы өлшемдер бойынша жетекші донорлардың көрсеткіштері ЖҰТ-тың 1 %-ға жуығын құрайды.

Соңғы уақытқа дейін Қазақстанның екіжақты форматтағы дамуға көмекке қатысуы объективті себептер бойынша, көрсетілетін көмектің ауқымы бойынша да, нысаны және географиясы бойынша да айтарлықтай шектелген болды. Екіжақты форматтағы қазақстандық ДРК-ның шағын мысалдарының бірі 2010 жылғы қабылданған сомасы 50 миллион АҚШ долларын құраған Ауғанстан Ислам Республикасы студенттеріне арналған білім бағдарламасы болып табылады.

Экология, тұрғын халық, денсаулық сақтау, әйел құқықтары, теңізге шыға алмайтын елдерге көмек, есірткіге қарсы күрес және басқа салалардағы жобаларды қоса алғанда, ерікті жарналар және сенімгерлік қорларға қатысу арқылы БҰҰ қамқорлығымен халықаралық дамуға көмек жобаларына Қазақстанның қатысу тәжірибесі анағұрлым кеңірек. 2011 жылы мұндай ынтымақтастық 2 миллион АҚШ долларынан асты. 2012 жылы дамуға көмек ретінде анықталуы мүмкін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға ерікті жарналар төлемінің сомасы 418 миллионнан астам теңгені құрады.

Сонымен қатар БҰҰ-ның 2006-2011 жылғы шілдедегі статистикасына сәйкес Қазақстан шет мемлекеттерге гуманитарлық көмек ретінде 53,7 миллион доллар бөлді, оның негізгі бөлігі Орталық Азияға жіберілді. Қазақстан 30 миллион АҚШ доллары көрсеткішімен көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі бойынша өңірде үшінші орында тұр.

Жалпы алғанда, Қазақстан гуманитарлық және ДРК ретінде сомасы 100 миллион АҚШ долларына жуық көмек көрсетті. Алайда, аталған  салада жүйелік әдістің болмауы тиісті жұмысты жоспарлаудың тиімділігі мен мүмкіндігін төмендетеді, ал ел тиісті мөлшерде саяси және имидждік «дивидендтер» алмайды.

ДРК ұсынудың қазіргі бар жүйелерінің барлық әртүрлілігіне қарамастан, аталған құбылыстың жалпы сипаттамалар қатарын атап көрсетуге болады:

1) ДРК дәстүрлі дамушы елдерге әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатынды техникалық көмек, гранттар және несиелер нысанында, ақшалай немесе заттай нысанда қайтарымсыз немесе жеңілдік негізінде ұсынылады.

2) ДРК жоғары рухани-альтруистік құндылықтарды және  сындарлы тәсілдерді өзінде жинақтай отырып, көптеген мемлекеттердің сыртқы саяси қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

Дамуға жәрдемдесу бойынша күш-жігерлерге қоса, донор-мемлекеттер ұлттық мүдделерді сақтаумен, реципиент елдердегі мемлекеттің тартымдылығын арттыру және жалпы әлемдік қоғамдастықтағы елдің ықпалын нығайтумен байланысты мәселелерді шешеді.

Осы тұрғыда, соңғы жылдары белсенді қолданылып келе жатқан «жұмсақ күш» тұжырымдамасын атап өту қажет (мемлекеттің өз мақсаттарына мәжбүрлеу немесе сыйақы арқылы емес, өз даму  үлгісінің тартымдылығы арқылы қол жеткізу) оны мамандар мемлекет ықпалының үш негізгі құралдарының (әскери және экономикалық артықшылықтан басқа) біріне жатқызады;

3) ДРК сыртқы саясаттың тиімді құралы болып табылады. ДРК-ны стратегиялық пайдалану сыртқы саясат басымдықтарын іске асыруды, ішкі тұрақтылықты сақтауды, елдің имиджін жақсартуды, оның бизнесінің мүдделерін ілгерілетуді қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жасайды. Бұл құралдың әлеуетін пайдалану Қазақстан алдында тұрған міндетті білдіреді;

4) қарқынды дамушы экономикалардың көбі ДРК-ні неғұрлым дамыған елдерден көмек алумен қатар сәтті қолданады. Өңірдегі мемлекеттерге өз тәжірибесін бере отырып, уақыты жеткенде дамудың жаһандық проблемаларын шешуге жауапкершілік үлесін өзіне ала отырып, мемлекеттер әлемдік аренадағы өз рөлінің және ықпалының өсуіне қол жеткізеді;

5) іс жүзінде барлық мемлекеттерге сыртқы саяси ведомство тиісті саясат және ведомствоаралық үйлестіруді жүргізуге жауапты басты орган ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, көмек көрсету бойынша агенттіктер ұлттық стратегияны (соның ішінде гуманитарлық көмек көрсету және төтенше жағдайлардың салдарын болдырмау саласында) жасаумен, жобаларды іске асырумен, бақылаумен және мониторингімен, сондай-ақ ішкі және сыртқы алаңдағы ақпараттық қамтамасыз етумен айналысады.

Мысал ретінде Ресей Федерациясының, Болгария Республикасының және Норвегияның тәжірибесін келтіруге болады.

Ресей дамуға көмек көрсетуге өз үлесiн дәйектi түрде ұлғайтуда,                  мысалы, 2011 жылы 2010 жылға қарағанда халықаралық дамуға жәрдемдесудің (ХДЖ) көлемі 8,8 пайызға өсіп 514 млн. АҚШ долларын құрады. Осы көрсеткiш 2007 жылдың маусым айында қабылданған «Ресей Федерациясының Халықаралық дамуға жәрдемдесуге қатысу Тұжырымдамасының» ережесіне  сәйкес келеді. Онда 2010 - 2012 жылдарға жоспарланған ХДЖ көлемі жылына 500 млн. АҚШ доллар денгейінде белгіленген.

2008 жылдың қыркүйек айында Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынысты «Россотрудничество» Федералдық агенттігі құрылды. Агенттiк міндетіне ТМД аумағындағы интеграциялық үдерістерге  қолдау көрсету, шет елдерде тұратын отандастарға көмек көрсету, сондай-ақ орыс тiлiн және мәдениетiн қолдау және ілгерлету кiредi.

Қазіргі танда Ресей Федерациясының Үкiметінде Россотрудничество агенттігіне халықаралық дамуға жәрдемдесу бойынша өкiлеттiкті беру мәселесі пысықталуда.

Болгария. Болгария Үкіметінің «Болгария Республикасының даму жөнінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысу саясаты туралы»  2011 жылғы 1 тамыздағы № 234 қаулысының 1-бабына сәйкес даму бойынша ынтымақтастық саласындағы Болгария саясаты Болгария Республикасының сыртқы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, аталған қаулының 6-бабының тармақшаларында мыналар көрсетілген:

 (1) Сыртқы істер министрі даму саясатын құру және іске асыру бойынша қызметті басқарады;

(2) 1 тармақ бойынша өз функцияларын орындау үшін Сыртқы істер министріне Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері өз құзыреті шеңберінде жәрдем көрсетеді;

(3)  әріптес елдердегі Болгария Республикасының Елшілігі мүдделі тұлғалармен байланысты қолдай отырып, даму саясатын дамытуды және іске асыру үдерісіне қатысады және саясаттың маңызы мен ынтымақтастықты іске асыру нысандарына қатысты ұсыныстар береді;

 (4) халықаралық ұйымдар жанындағы Болгария Республикасының тұрақты өкілдіктері даму мәселелеріндегі тұжырымдамалық әдістерді дайындауды қоса алғанда, даму саясатын құру және келісу бойынша жұмысқа қатысады, даму және даму саясатының басқа мәселелері бойынша ынтымақтастықтың көпжақты тетіктеріне Болгария Республикасының қатысуы мәселелері бойынша басқа донор мемлекеттермен және әріптес мемлекеттермен үйлестіруде жәрдем көрсетеді.

Норвегия. NORAD дамудағы ынтымақтастық жөнінде норвегиялық агенттігі Сыртқы істер министрлігі жанындағы құрылымдық бөлімше болып табылады. NORAD құзыретіне норвегиялық ҮЕҰ-лер, халықаралық ұйымдар арқылы жіберілетін, сондай-ақ зертеу мақсаттарына және бизнесті дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражатты басқару кіреді. Сонымен қатар, NORAD жобаларды бағалаумен және тәуелсіз зерттеушілер мен консультанттарды тартумен, сондай-ақ көрсетілген көмектің нәтижелері туралы есептер дайындаумен айналысады. 1968 жылы құрылған агенттік өзінің тиімділігін дәлелдеді.

NORAD қызметі Сыртқы істер министрілігінің арнайы нұсқауларымен регламенттелген.

NORAD норвегиялық үкіметтің техникалық қосымша мекемесі болып табылғандықтан және барлық салаларда тәжірибесі болмағандықтан СІМ әртүрлі жобаларды іске асыруға тиісті министрліктер мен ведомстволарды шақырады.

ДРК мақсаттары мен міндеттері

ДРК саласындағы Қазақстан Респуликасының саясаты мына мақсаттарды көздейтін болады:

            1) кедейшілік, халықаралық қылмыс, есірткінің жасырын айналымы және заңсыз миграция проблемаларын қоса алғанда, тұрақты дамудың жаһандық және өңірлік проблемаларын шешуге жәрдемдесу;

            2) әлеуметтік-бағдарлық экономиканы құру үдерістеріне жәрдемдесу;

            3) шет мемлекеттермен саяси, экономикалық, білім, қоғамдық, мәдени және ғылыми байланыстарды дамыту;

4) қазақстандық шекара периметрі бойынша тату көршілік белдеу құру;

5) әріптес елдермен сауда-экономикалық ынтымақтасты дамыту және капитал, тауарлар, қызметтер және жұмыс күштері нарықтарының интеграция үдерістерін ынталандыру;

6) әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту және жағымды қабылдауға жәрдемдесу.

Тұжырымдаманың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында ДРК жүйесін құру;

2) ұлттық заңнамада ДРК-ні құқықтық регламенттеу;

3) халықаралық құрылымдармен және шет мемлекеттермен ДРК саласындағы қатынастарды орнату және дамыту;

4) тиісті бейіннің кадрларын қалыптастыру;

5) халықаралық қоғамдастықты және Қазақстан халқын ДРК саласындағы қызмет туралы хабардар ету.

Орындау мерзімі және күтілетін нәтижелер

Қазақстанның ДРК-ні іске асыруы көмек түрінде екі жақты да, көп жақты да негізде іске асырылатын болады. Соңғысы, ерікті жарналарды халықаралық ұйымдарға, БҰҰ арнайы бағдарламаларына, қорлары мен мекемелеріне және даму бойынша жобаларды іске асырушы, басқа ұйымдарға енгізуді, сондай-ақ басқа донорлармен бірлесіп жаһандық қорлардың, БҰҰ жүйесінің қаржы иниституттарының және ұйымдарының жобаларына демеушілік етуге қатысуды білдіреді.

ДРК-ні тәжірибелік іске асыру барысындағы әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы жеке құрылым құру қажеттілігі ұсынылуда (бұдан әрі - ҚР СІМ), ол ҚР СІМ қабылдаған шешімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне гуманитарлық көмек бағдарламаларының операторы қызметін сақтау арқылы дамуға көмек көрсету бағдарламаларын іс жүзінде іске асырумен айналысатын болады.

Сонымен қатар, бұл салада тәжірибенің болмауын ескере отырып, Қазақстан үшін ДРК тетігін кезең-кезеңімен енгізуді іске асыру неғұрлым дұрыс болып табылады. ДРК-нің мұндай қадам-қадаммен дамуы қарапайым халықаралық тәжірибе болып табылады.

Бірінші кезең. Іске асыру мерзімі 5 жылға дейін.

Қорытынды нәтижеге бағытталған халықаралық көмек көрсету тұрғысынан барлық қатыстырылған министрліктер мен ведомстволар жұмыстарының жөнге салынғандығы негізгі маңызға ие.

Осыған байланысты, мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1.      ҚР СІМ-де дамуға ресми көмек көрсету жөнінде құрылымдық бөлімше құру және ДРК-ні ұсыну саласында білікті мамандарды даярлау.

ҚР СІМ рөлін күшейту кең таралған халықаралық тәжірибемен де, дамуға көмек түсінігі сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде есепке ала отырып, аталған функцияны қолдағы бар заңнамалық актілер шеңберінде іске асыруға мүмкіндік беретін, ұлттық заңнамамен де байланысты.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңына сәйкес, ҚР дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктеледі: 1) Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 7 наурыздағы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын дайындау және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыну; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын іске асыруға жәрдемдесу және халықаралық мәртебесін нығайту.

Алғашқы кезеңде бұл қолайлы кескіндеме ретінде ұсынылады. БҰҰ Даму бағдарламалары тиісті жобаларының қолдауымен шет мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің мұндай құрылымдық бөлімшемелері уақыты келгенде ДРК-нің толық агенттіктері болып кеңейді.

Құрылған құрылымдық бөлімше Тұжырымдаманы іске асыруды жалғастырады, соның ішінде құқықтық негізді дайындауға кіріседі, ҚР СІМ шеңберінде ДРК-ні үйлестірумен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты тереңдетумен айналысатын болады.

2.      ДРК-нің құқықтық негізін құру екінші кезеңге өтудің негізгі шарты болып табылады.

«Дамуға ресми көмек туралы» (жұмыс атауы) Қазақстан Республикасының заңын қабылдау және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне өзгерістер енгізу ДКР тетіктерін, оның түрлерін, қаржы

Қосылған : 3.02.2014, 10:24, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:25