Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу/қатыстылығын анықтау

Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау

Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау үшiн өтiнiш берушi ҚР-дың шет елдегі мекемелеріне келесiлердi тапсырады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2. №1 қосымшаға сәйкес сауалнама-өтiнiш;
3. 4х5 см. үш фото сурет;
4. Сұрау салуда өтiнiш берушi хабарлаған мәлiметтердiң негiзiнде iстiң мәнiсi, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы анықталып жатқан адам туралы егжей-тегжейлi деректер, оның өтiнiш берген кезiндегi азаматтығы, отбасылық жағдайы, бiлiмi, Қазақстан Республикасында туыстарының бар екендiгi және олардың тұратын жерi жазылады;
5. Заңда көрсетілген тәртіп бойынша консулдық қызмет көрсеткені үшін консулдық алым алынады;
6. Барлық өмірбаян мен сауалнама-өтініш даналары өтінуші өз қолынан толтырылып қол қойылуы және өтініш берген күнін қою тиіс;
7. Талап етілетін құжаттарды тапсырған соң, консулдық алым төленеді.

 
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдеу тәртібі

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын (ҚР-ның уәкілетті органдарынан ҚР-ның аумағынан тыс тұрақты тұруға рұқсат алған) адамдар Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтiнiшiне келесі құжаттарды қоса бередi: 
1. №2 қосымшаға сәйкес сауалнама-өтiнiш (дұрыс ақпарат беру және толық толтыру керек);
2. Өмірбаян (дұрыс ақпарат беру және толық толтыру керек);
3. Үш фотосурет;
4. Неке қию және балаларының (болған жағдайда) туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
5. Консулдық алымды төлегендiгi туралы құжат;
6. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауында адамдар болған жағдайда, ол осы адамдардың өзiне материалдық және өзге де талаптары жоқ екендiгi туралы нотариалды сипатта куәландырылған осы адамдардың өтiнiшiн ұсынады;
7. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту жөнiндегi шетелдердегi мекемелер куәландырған өтiнiштi, олардың заңды өкiлдерi арқылы баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергiлiктi атқару органы шешiмiнiң көшiрмесiн тапсырады), не iс-әрекетке қабiлетсiз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса табыс етедi;
8. 14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының өтiнiшiне шет елдердегi мекемелер куәландырған жазбаша келiсiмiн қоса бередi;
9. Барлық құжаттар мемлекеттiк не орыс тiлiнде жазылуы немесе мемлекеттiк не орыс тiлiнде тиiстi түрде куәландырылған аудармасымен жабдықталуы тиiс;
10. Төлқұжат көшірмелері;
Өмірбаян мен сауалнама-өтініш даналарының барлығын өтінуші өз қолынан толтырылып қол қойылуы және өтініш берген күнін қою тиіс;
ҚР-дың шет елдегі мекемелері тізімдегі көрсетілмеген құжаттарды қосымша талап етуге құқығы бар. Талап етілетін құжаттарды тапсырған соң, консулдық алым төленеді.

Қосылған : 26.11.2013, 10:53, Өзгертілген : 3.02.2014, 13:19