«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

«

3-1.

Жүсіпбеков Қонысбек Арғынғазыұлы – Атқарушы комитет төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

                                                                                                                                 »;

мына:

«

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымының Хатшылығы (Рабат қаласы, Марокко Корольдігі)

7.

Ермекова Меруерт Азатқызы – Директорат басқармасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

                                                                                                                                »;

деген жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Даненова Жұлдыз Жакенқызы – Бірінші дәрежедегі сарапшы

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы

11.

Галинова Ұлжан Тұрсынбайқызы - Референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

                                                                                                                                »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-2 және 20-3-жолдармен толықтырылсын:

«

20-2.

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ арнайы өкілі

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

20-3.

Нұртазин Жаслан Қабдешұлы – ЕҚЫҰ экономика-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші офисінің қызметкері

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

                                                                                                                                 »;

мына:

«

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (Киев қаласы, Украина)

22.

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – Украинадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жобаларын үйлестіруші

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

                                                                                                                                  »;

деген жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

23.

Сапарбекұлы Абзал – Бас хатшының орынбасары

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

                                                                                                                                »;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                   К. Мәсімов
 
 
 

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1- бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру

3.

Жоба қабылданған жағдайда   болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, қаржыландыру ҚР СІМ-нің 013 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» және 017 «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, басқа халықаралық және өзге де органдарға қатысуы» бюджеттік бағдарламасында көзделген каражат шегінде жүзеге асырылады.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2011 ж. № 1625, 31.05.2012 ж. № 723, 20.12.2012 ж. № 1647, 14.05.2013 ж. № 482, 03.07.2013 ж. № 683, 18.04.2014 ж. № 375 қаулылары

7.

Заңнаманы кейін жобаға   сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Бар

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

http://mfa.gov.kz

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

 
     Қазақстан Республикасы
     Сыртқы істер министрінің
         міндетін атқарушы                                                                Р. Жошыбаев
      2014 жылғы «____» ___________

 

 

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген,
бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кестесі
 

р/с №

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысы

1

3-1-тармақ

жоқ

Жүсіпбеков Қонысбек Арғынғазыұлы – Атқарушы комитет төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1- бабы 3-тармағына сәйкес,

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру

2

7-тармақ

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымының Хатшылығы (Рабат қаласы, Марокко Корольдігі)

Ермекова Меруерт Азатқызы – Директорат басқармасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

алынып тасталсын

3

10-тармақ

Сейітов Сакен Саламатұлы - Референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

Даненова Жұлдыз Жакенқызы – Бірінші дәрежедегі сарапшы

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы

4

11-тармақ

Сырлыбаев Болат Қадырұлы - Бірінші дәрежедегі сарапшы

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы

Галинова Ұлжан Тұрсынбайқызы – Референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

5

20-2-тармақ

жоқ

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ арнайы өкілі

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

6

20-3-тармақ

жоқ

Нұртазин Жаслан Қабдешұлы – ЕҚЫҰ экономика-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші офисінің қызметкері

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

7

22-тармақ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (Киев қаласы, Украина)

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – Украинадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жобаларын үйлестіруші

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

алынып тасталсын

8

23-тармақ

Сапарбекұлы Абзал - директор

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

Сапарбекұлы Абзал - Бас хатшының орынбасары

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

 

 

 

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің
            міндетін атқарушы                                                                         Р. Жошыбаев

 

Қосылған : 9.09.2014, 18:05, Өзгертілген : 9.09.2014, 18:20