Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы террористік актіне байланысты мәлімдемесі

Қазақстан 2016 жылғы 7 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алып, көптеген адамдар құрбан болған террористік актіні үзілді-кесілді айыптайды.

Қазақстан бауырлас түрік халқына және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтады.

Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында жасалған теракт террористердің пасықтығы мен қатыгездігін көрсетіп, олардың Исламға ешқандай қатысы жоқтығын растады.

Қазақстан терроризмнің өршуіне деген өзінің  алаңдаушылығын білдіріп, әлемдік қоғамдастықтың осы зұлымдықты жою үшін тиімді ұжымдық күш жұмылдыруын құптайды. Қазақстан терроризм қауіпсіздіктің жаһандық ауқымдағы қауіп-қатері екеніне сенімді.    

Халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын негізге ала отырып, Қазақстан БҰҰ аясында әлемнің барша мемлекеттерін терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы күш біріктіруге шақырады.  

 

 

 

 

 

Қосылған : 8.06.2016, 16:49, Өзгертілген : 8.06.2016, 16:52