Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Украина оңтүстік-шығысындағы жағдайға қатысты Мәлімдемесі

Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаңдаушылығымызды білдіреміз.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты жағдайды реттеуде бейбіт келіссөздерден басқа жол жоқ екеніне кәміл сенімдіміз.

Тараптарды қақтығысты жағдайды барлық қатысушылар өз мойындарына алған міндеттерді орындауға, соның ішінде Минск келісімдерінде көзделген міндеттерге негізделген бейбіт жолмен шешуге шақырамыз.

Қазақстан өз кезегінде украиндық дағдарысты реттеу мақсатында тараптарға қолайлы кез-келген форматта және кез-келген уақытта келіссөздер өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын.

Қосылған : 26.01.2015, 13:13, Өзгертілген : 26.01.2015, 13:13