«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 195-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: 
«2-1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының қызметімен байланысты имидждік, ақпараттық, талдамалық және өзге де баспа материалдарын әзірлеу, басып шығару;
2-2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мәселелері бойынша материалдарды аударуға жәрдемдесу;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                            С. Ахметов

Қосылған : 3.02.2014, 10:59, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:07