Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаң айыптайды.

Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады.

 

Қосылған : 29.06.2016, 10:35, Өзгертілген : 29.06.2016, 16:12