Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің КХДР-дағы ядролық сынаққа қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

2016 жылғы 9 қыркүйекте Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) тексеруге арналған Халықаралық мониторинг жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының барлық сейсмикалық станциялары сейсмикалық оқиғаны тіркеді, оның эпицентрі  Корей Халық Демократиялық Республикасының Пунгери ядролық сынақтар полигонына жақын орналасқан (бұл полигонда 2006, 2009, 2013 жылдарда және 2016 жылдың қаңтар айында ядролық сынақтар жүргізілген). Деректерді талдау ядролық қаруды сынау фактісін растайды.

Қазақстан КХДР-дың бұл әрекеттерін қатаң айыптайды және олардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің осыған сәйкес қарарларына абсолютті  қабылдауға жатпайтындығы және қайшылығы туралы мәлімдейді.

Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және өңірлікпен қатар ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді.

Қазақстан ядролық қарудың ажал құштыратын болмысын тұтас бастан кешірген, ядролық арсеналды иеленуден ерікті түрде бас тартқан және БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні деп жариялау туралы шешімнің бастамашысы болған ел ретінде, әлемде ядролық сынақтарға толықтай тыйым салуды қолдайды және КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан  толық бас тартуға шақырады.

Қазақстан әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді, біздің еліміз және ядролық қарусыз әлемді құруды адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты деп көрсеткен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осыған дәйекті түрде шақырады.

 

Қосылған : 10.09.2016, 11:42, Өзгертілген : 22.09.2016, 16:33