Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Грузия арасындағы қатынастар достық пен өзара тиімділік, өңірлік және халықаралық саясатта жақын ұстаным қағидатында дамып келеді.

2011 ж. 7 желтоқсанда Грузияның Премьер-Министрі Н.Гилауридің жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Н.Гилауридің Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен кездесулері ұйымдастырылды.

Қазақстан Грузиямен мұнай-газ саласында өзара әрекеттеседі, сондай-ақ Грузияны қазақ энергетикалық ресурстарын әлемдік нарығына шығатын транзиттік ел ретінде санайды. Осы орайда, Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз портының иесі «ҚазТрансОйл» АҚ-нің жұмысы қазақ компаниялардың арасында табысты деп есептелуде.

2012 жылғы 9-10 сәуір аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиевтің және Грузия Экономика және орнықты даму министрі В.Кобалияның төрағалығымен Тбилиси қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-грузин үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.

2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары кезеңінде Қазақстан Республикасының Грузиямен сыртқы сауда айналымы 68,5 млн. АҚШ долларын құрады және 2010 жылдың аталып отырған мерзімімен салыстырғанда 26,1 пайызға өскен.
Қазіргі кезде Қазақстанда грузин капиталының қатысуымен 33 бірлескен кәсіпорындар атқаруда.

Қосылған : 19.11.2013, 14:05, Өзгертілген : 8.05.2014, 00:42