Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы           № 145 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;»;

10-1) тармақша мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

«10-1) «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты».»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1) Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасына кіруге визалар беру, олардың мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

9-тармақта:

1) тармақшада «D1», «D2» және «D3» санаттардағы визалар үшін қосымша құжаттар ретінде жіберуші/іссапарға жіберуші ұйымнан виза беру туралы қолдаухат ұсынылады.» жолы жойылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезінен бастап – 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;

жеделдетілген тәртіпте 1 (бір) не 3 (үш) жұмыс күні ішінде;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезінен бастап – 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

9-тармақта:

1) тармақшада «көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);» жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақта

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезінен бастап – 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;».

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                      К. Мәсімов

     

Қосылған : 20.06.2014, 17:02, Өзгертілген : 20.06.2014, 17:02