Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу

Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу
 

Асырап алынған баланы Қазақстан Республикасынан шетелге тұрақты тұруға кетерде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде консулдық есепке тұрғызу қажет. Ол үшін келесі құжаттар керек:
1) шетелдік азаматтар асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары – ұл (қыз) балаларды есепке алудың жеке карточкасы;
2) консулдық есепке алу туралы өтініш;
3) ішкі істер органдарының шетелде тұрақты тұру орнына жол жүруге арналған рұқсат жазбасы бар Қазақстан Республикасының ұлттық паспорты мен оның көшірмесі;
4) ұл (қыз) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (апостиль мөртабанымен куәландырылған немесе заңдастырылған) нотариалды түрде куәландырылған кіру визасы және көші-қон карточкасының көшірмелері;
5) нотариалды түрде куәландырылған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
6) нотариалды түрде куәландырылған ұл (қыз) баланы асырап алу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) сот шешімі (түпнұсқасы мен нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі);
8) асырап алушылардың агенттіктің филиалының өкіліне берген сенімхаты;
9) консулдық алым.
Барлық құжаттар екі данада ұсынылады. Құжаттар олардың толық топтамасын ұсынғаннан бастап үш жұмыс күні қарастырылады.

Қосылған : 26.11.2013, 10:56, Өзгертілген : 26.11.2013, 10:56