Қазақстан Елшісі WILO SE компанияның басшыларымен кездесті


ДОРТМУНД, 2019 жылғы 4 қараша - ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Даурен Қәріпов Дортмунд қаласына жұмыс сапары кезінде WILO SE және Düchting Pumpen Maschinenfabrik компанияларының басшыларымен, сондай-ақ Дортмунд қаласының Сауда-кәсіпкер палатасының басшылығымен кездесті.

«WILO SE» компаниясының штаб-пәтеріндегі кездесу барысында Елші компанияның Президенті және Басқарма Төрағасы Оливер Герместі Герман экономикасының шығыс комитеті басқармасының Төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Д.Қәріпов бұл шешім оның нағыз кәсіпқой маман және білікті басшы ретінде сенімге ие және сыйластықтың көрсеткіші екенін атап өтіп, герман бизнесімен ынтымақтастық кезінде қазақстандық тараптың негізгі серіктесі болып табылатын ГЭШК-мен нәтижелі ынтымақтастықтың дамитынына сенімділік білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы «WILO» ҚР-да үлгілі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Компания көптеген жылдар бойы Қазақстанның дамуы үшін капитал құюды қамтамасыз етеді және жоғарғы қосымша құны бар тауарларды өндіру бойынша кәсіпорындар ашып, Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция құйып келеді.

Дортмунд қаласының СКП Басқарушы директорының орынбасары Кристиан Эрих та қатысқан кездесу барысында  екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды. Герман тарапының өкілдері бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін реттеу аясында герман бизнесінің қазақстандың кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға, өзара тиімді жобаларды бірлесіп іске асыруға және Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларына инвестиция құюға деген қызығушылықтары артуда. 

Елші кездесуге қатысушыларды елдің маңызды сауда жолдарының қиылысындағы транспорттық-географиялық ахуалын ескеріп, Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұдан бөлек, ол іскерлік климатты жетілдіру және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шетел инвесторларын қолдау, мемлекеттік билік органдары мен инвесторлар арасындағы тікелей диалогты дамыту бойынша шаралар туралы айтты.

Д.Қәріпов өңірдің кәсіпкерлеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы, кеден және техникалық реттеу және т.б. салалардағы қабылданып жатқан халықаралық-құқықтық актілер туралы ақпарат беру мақсатында бірлескен іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді ұсынды. Бұдан бөлек, Елші Дотрмунд қаласы мен Қазақстан өңірлері арасында серіктестік қатынастарды орнату бастамасын алға тартты. 

«Düchting Pumpen Maschinenfabrik» компаниясының Басқарушы директоры Карстен Дюхтинпен кездесу барысында қазақстандық тараппен алдағы ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ жеткізілетін құралдарды дайындау мен сервистік қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын ашу арқылы қазақстандық нарықтағы қызметін арттыру мүмкіндігі талқыланды. 

«WILO SE» компаниясы жоғары технологиялық сорғыш жүйелерін өндіру мен тасымалдау саласында әлемдік лидер болып табылады. Осы жылы компания қазақстандық нарықта қызмет етуінің 20 жылдығын тойлауда. Осы уақыт аралығында жарты миллионнан астам сорғыш әкелінді, WILO Central Asia еншілес кәсіпорны және Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларында 2 филиал ашылды. 2018 жылы Орталық Азия және Күнгей Кавказ өңіріндегі тапсырыс берушілердің негізгі өзара іс-қимыл орнату платформасы болып табылатын жеке әкімшілік-өндіру кешенінің ашылуы басты оқиға болды. 

«Düchting Pumpen Maschinenfabrik» компаниясы 1938 жылы негізі қаланған отбасылық бизнес болып табылады. Қазіргі уақытта компания әлемнің әртүрлі елдеріне жеткізілетін, әсіресе тау-кен рудасы өнеркәсібі үшін сорғыш құралдарын өндіруді қамтамасыз етеді.


Қосылған : 4.11.2019, 17:00, Өзгертілген : 4.11.2019, 17:00