Айша Мұқашева. Jas Diplomat – СІМ-ның әлеуметтік жобасы

Айша МҰҚАШЕВА

JAS DIPLOMAT – СІМ-НЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық бағдарламалық мақаласы жобалық менеджменттің көмегімен іске асырылуда. Осы мақсатпен республикалық және аймақтық деңгейлерде жобалық кеңселер құрылды. Олар белгілі бір жобалардың аясында нақты іс-қимылдарды жоспарлауға және іске асыруға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етуге арналған.

Дәл осы жобалық кеңсенің алаңында қазақстандық дипломаттардың тәлімгерлік институтын құру идеясы пайда болды. 2018 жылдың мамыр айында «Jas Diplomat» атты пилоттық жоба Астана қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесінде ұсынылды. Оны бірлесіп іске асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана әкімдігі және дипломатиялық корпус шақырылды. Бірнеше аптаға созылған пікірталастар мен кездесулерден кейін 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында жоба іске қосылды.

Jas Diplomat қазақстандық және шетелдік дипломаттардың, оқытушылар мен студенттердің күш-жігерлерін шоғырландыруға және осы күш-жігерді астаналық мектеп оқушыларына дипломатиялық қызметтің ерекшеліктерін түсіндіруге бағыттауға мүмкіндік берді. Осылайша, қазақстандық дипломаттар еліміздің болашағы – жас ұрпақтың ой-өрісін және әлемге деген көзқарасын кеңейту үдерісіне өз үлесін қосуға кірісті.

ҚР СІМ-дегі Jas Diplomat жобасы аясындағы БҰҰ Үлгісінің отырысы,

2018 жылғы 28 қазан

Jas Diplomat «Рухани жаңғырудың» алты негізгі мақсатының екеуін – қазақстандық қоғамның прагматизмі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Жобаның мақсаттары жаһандық әлемнің сын-қатерлеріне барабар жауап беру үшін ашықтық пен таным жолдарын дамыту туралы бағдарламалық мақаланың мақсаттарымен сәйкес келеді.

Jas Diplomat білімді, ашық және ойлампаз жас ұрпақты тәрбиелеуге қамқорлық ететін ел ретінде Қазақстанның имиджін нығайтуға бағытталады. Мемлекет басшысы «Жастар жылы» деп жариялаған 2019 жылдың тұрғысынан өзекті және ерекше маңызға иеленді.

Сонымен қатар, білім беру жобасы ағылшын тілін белсенді қолдана отырып, оқу үдерісінде мәдениетаралық қарым-қатынас пен үштілділікті пайдалануға қолайлы негіз жасайды.

Қазақстанда аккредиттелген жеті шет елдің елшіліктері жобаны іске асыруға ниет білдірді: Бразилия, Германия, Грузия, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония. Олармен ынтымақтастық үшін Астананың жеті мектебі еліктілірді. Ресми ашылу салтанатында салынған жеребенің нәтижесінде «Мектеп-Елшілік» топтары құрылды. Мектеп оқушылары мөрленген конверттерді созып, ынтымақтасуға түскен елшіліктің атын атады. Ынтымақтастықтың аясында түрлі іс-шаралар өткізілді: дипломаттар мектептерде дәрістер берді, балаларды дипломатиялық миссияларға шақырды, өз елінің тарихы, мәдениеті және қызықты фактілері туралы айтты. Алғыс ретінде балалар концерттер ұйымдастырып, презентациялар жасап және бірлескен суреттер бейнеленген естелік күнтізбелерді сыйлады. Барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде #jasdiplomat хэштегімен белсенді түрде ақпараттандырылды.

Қорытындылай келе, СІМ-нің БҰҰ Орталық Азия үлгісінің Үйлестіруші кеңсесімен және Назарбаев Университетінің студенттері қатарынан еріктілерді шақыра отырып ұйымдастырған БҰҰ Үлгісінің отырысына мектеп оқушыларын шақырды.

Балалар Jas Diplomat аясында жұмыс істеген дипломаттардың елдері атынан сөз сөйледі. Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары модератор болды.

Отырыс Тәуелсіздік күні қарсаңындасол уақытта ҚР Сыртқы істер министрі болған Қайрат Әбдірахмановтың қатысуымен өтті, ол мектеп оқушыларына және елшіліктердің өкілдеріне Jas Diplomat жобасына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Ол балаларға БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін атқарған уақытта басынан кешірген оқиғаларымен бөлісті және тырысып оқып, СІМ-не жас маман ретінде қайта оралуға нұсқаулар берді. Сонымен қатар, соңғы кездесуге шетелдік дипломаттардың қатысуы толқындандырды. Олар жақыннан таныған оқушыларға қолдау көрсетуге келіп, әрбір жас спикер үшін уайымдап, мұқият тыңдады. Осылайша, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Джин-донг Ким Jas Diplomat жобасы Астана оқушыларына басқа ұлттардың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысуға үлкенмүмкіндік береді деп атап өтті.

Отырыстың «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының тізімінен кездейсоқ таңдалған жоқ. БҰҰ ұсынған «2030 жылға дейінгі әлемді өзгертуге арналған 17 мақсат» әлемдік көшбасшылармен 2015 жылдың қыркүйек айында қабылданып, 2016 жылдың басында күшіне енді. Мақсаттардың сәтті жүзеге асырылуы дипломаттардың ұрпақтары арасындағы күш-жігердің сабақтастығын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл үшін өсіп келе жатқан жастардың жаһандық сын-қатерлерді дұрыс түсіне білуі, ТДМ қолжеткізу мен қолдау үшін нақты танымы мен дағдылары болуы маңызды. Бұл сабақтастықты Jas Diplomat сияқты білім жобалары көмегімен қамтамасыз етуге болады.

_____________________________________________

АВТОР ТУРАЛЫ. Айша Мұқашева – «Jas Diplomat» жобасының менеджері. 2018 жылы сәуір-желтоқсан айларында ҚР СІМ желісі бойынша «Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесінде жұмыс істеді. 2007-2017 жылдары ҚР СІМ жүйесінде, оның ішінде Қазақстан Ресупбликасының Вашингтон қаласындағы Елшілігінде қызмет атқарды (2015-2017 жылдары).

Қосылған : 29.03.2019, 18:00, Өзгертілген : 29.03.2019, 18:00