Айгүл Көшербаева. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлауға арналған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметі туралы

Айгүл КӨШЕРБАЕВА

Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлауға арналған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметі туралы

Ағымдағы 2019 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы (МБА) өзінің жиырма жылдық шағын мерейтойын атап өтпек. МБА өзінің құрылған сәтінен бастап, егемен Қазақстанның мемлекеттік аппаратының кәсіби қалыптасуына және мемлекеттік басқару жүйесін дамытуда зор үлес қосты.

Академия іс жүзінде ел тәуелсіздігінің құрдасы және бұл кездейсоқ емес.Ел басшылығы тәуелсіздіктің қалыптасуының алғашқы күндерінен бастап ұзақ мерзімді даму мақсаттарын жүзеге асырудыңбірінші қадамдарының бірі болып кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қадамы жасалды.Осы мақсатта 1994 жылғы 29 тамызда Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) құрылды, ал МБА оның құқығын иеленушісі болып табылады.

Академия соңғы 25 жылдың ішінде мемлекеттің, азаматтық қоғамның және бизнестің өзгермелі қажеттіліктеріне бағытталған, олардың эволюциялық бағыты барынша сәйкес болу үшін, бірқатар құрылымдық және мазмұнды өзгерістерге ұшырады.Бүгінгі таңда АМУ-дің құрылымында төрт негізгі бөлімше бар – Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебі, Басқару институты, Дипломатия Институты және Кәсіби даму Институты.

Академияда магистрлік бағдарламалардың қомақты портфелі бар,бұған қоса, елдегі және әлемдегі әлеуметтік және экономикалық нақтылыққа сәйкес өзгеріп отыратын мемлекеттік органдар тарапынан келетін практикалық сұраныстарға қарай соңғы үш жылда олар айтарлықтай түбегейлі қайта қарастырылып, өзектілендірілді. Қазіргі уақытта магистратураның 10 бағдарламасы іске асырылуда, биылғы жылымемлекеттік қызмет саласындағы адам ресурстарын басқару деген 11-сі іске қосылмақ.МБА 25 жыл ішінде 1800-ден астам түлектерін дайындап шығарды. АМУ-да меритократия қағидаттарының жүзеге асырылуы Академия түлектерінің одан әрі қызметтік өсуінен көрініс табуда. Бүгінде олардың көпшілігі мемлекеттік қызметтің жоғары лауазымдарында отыр, оның ішінде саяси, сондай-ақ "А"корпусы да бар.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттік аппараттың үш даму сатысына бөлінеді: кәсіби, стратегиялық және инновациялық. ЭЫДҰ сарапшылары тарапынан 2017 жылы жүргізілген талдауға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік аппараты стратегиялық элементтерімен кәсіби деп танылған.Мұнда Академияның да үлесі бар. МБА – қазіргі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білімінежауап беретін еліміздегі жалғыз оқу орыны. Біздің жұмыс әрдайым стратегиялық және инновациялық тұрғыдан ойлайтын, және тиісінше, тек бүгінгі күннің ғана емес, сонымен бірге ертеңгі күннің міндеттерін шеше алатын мемлекеттік аппаратқа арналған осындай кадрларды даярлауға бағытталған.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерді сапалы даярлау барлық деңгейде жүріп жатыр: орталық атқарушы, сондай-ақ жергілікті органдарда. 2018 жылы облыс әкімдері жанындағы мемлекеттік қызметшілердің өңірлік оқыту Орталықтарының қосылуы арқылы МБА болып қайта құрылды. Осылайша Академияның 16 филиалы пайда болды. МБА-да әзірленіп жатқан сол бағдарламалар, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өңірлерде жүзеге асырылады, яғни нақты облыс дамуының өзекті мәселелері көрсетілетін оқу пәндері оқуға енгізіледі

Бүгінгі таңда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды цифрлау және дамыту тіршілік әрекетіндегі барлық салалардың ең өзекті сын-тегеуріндеріне айналады. 2017 жылы АМУ «Цифрлы Академия» жобасын әзірледі, бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында болған 120 жобаның бірі және білім саласындағы жалғыз жоба болып танылды. Бүгінде Академияда мемлекеттік қызметшілердіңIT-құзыреттілігін дамытуға арналған сандық алаңы құрылған. Әңгіме тек қажетті техниканы сатып алу туралы тұрғысында емес, бизнес-процестердің сандық ре-инжинирингі туралы.Академияда ре-дизайн оқу кеңістігі өтізілді, оқу процесін ұйымдастырудың өзі сандық және интерактивтік оқыту технологияларынбарынша пайдалану үшін негізделген болатын.

Қазір технологиялармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық жұмыс, Академияда оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Осындай нәтижелердің бірі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге оқыту болып табылады. Оқытушылардың бағалау саясатында тіпті «Фэйсбукте» міндетін атқарып жүргендері үшін де балл қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтің өз ерекшелігі бар, онда регламенттер көп, және кейде мемлекеттік қызметкерлердің ойларын ашық айтуға құқықтары жоқ деген пікірде қалыптасады.Бірақ бұл пікір дұрыс емес, біздің мемлекеттік қызметшілер ойларын ашық айтуына және азаматтармен тікелей байланысқа шығуына біз назар аударып отырамыз. Бүгінде Академия мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мен баспасөз хатшыларын әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге оқыту жөніндегі жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Әлеуметтік желілерге қатысы бар аудандық әкімдерге, облыс әкімдіктерінің басқарма басшыларына, баспасөз хатшыларына, әкімдіктердің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік желілердегі жұмысқа назар аударта отырып «Коммуникациялық менеджмент» атты арнайы семинар-тренингі әзірленді.

2018-2019 оқу жылында соңғы әлемдік трендтердің барлығы ескерілген сандық мемлекеттік басқару – жаңа магистрлік бағдарламасы бойынша қабылдау жүзеге асырылды. Мысалы, е ден smart-қа дейінгі «цифрлы мемлекет» қозғалысы аясында мемлекеттің сандық жетілудің бес дәрежесін бөледі: e-gov, open, data centric, fully digital және smart.Біз қазір data centric–ке қарай жылжып келеміз, яғни мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және «үлкен деректер» талдауы негізінде шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, Академия ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кибер-қауіпсіздік бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеген.

Академия өз қызметін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі агенттікпен өзара іс-қимылдарын тығыз жүзеге асырады. Агенттіктің негізгі құндылықтарының бірі– ашықтық идеялар мен бастамаларды бірлесіп іске асыруға барлық тілек білдірушілерді: мемлекеттік қызметшілерді, кәсіпкерлерді және жай ғана белсенді азаматтарды тарту.Сондықтан 2019 жылдың ақпанынан бастап Академияда Агенттіктің төрағасының бастамасымен әр жұма сайын youtube-каналының Академия арнасында таратылатын «Идеялар фабрикасы» алаңында брейнстормингтік тікелей эфирі жүргізіледі.

Біз алға жылжу үшін бізге мемлекеттік басқару жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын жақсарту мақсатында нақты нәтижелерге бағытталған қызықты идеялар қажет екендігін бәріміз түсінеміз. Идеяларды талқылау «memlekettik qyzmet: quick wins» ұранымен өтуі жайдан-жай емес: Фабрика нақты шешімдер қабылдауға арналған алаңы болуы тиіс. Өйткені, ең бастысы –жылдам енгізуге және пайда алуға болатын нақты жобаларды одан әрі іске асыру. «Идеялар фабрикасында» біз формализм мен бюрократияның дамуын тежемейтін жылдам жеңістерге жеткіміз келеді. Сондықтан әрбір Фабрикаға министрліктер мен ведомстволардың басшылары шақырылады

Жобаға келетін идеялар мен ұсыныстар әр түрлі болады: біреулері бірден енгізілуі мүмкін, ал басқалары пысықтауды талап етеді. Кейбір жобаларды өзіміз алып жүреміз, ал кейбірінде күш-жігерді шоғырландыру қажеттігін көреміз. Бүгінде біз бірлескен шешімдер механизмін - «өзіндік үдеткіш идеяларды» ойлап табуды тырысамыз. «Идеялар Фабрикасында»әлеуетті жобаларды талқылайтындар Агенттік қызметкерлері, Академияның және Персоналды басқару Ұлттық орталығының, Академияның магистранттары мен докторанттары. Бізді қуантатыны, Фабрика форматы мемлекеттік қызметшілердің айтарлықтай салмақты әлеуетін ашуға мүмкіндік берді, идеялар ұсыну және қоршаған шындық пен күнделікті еңбек қызметін қалауы бойынша өзгертуге бастамашылдығы мен батылдығын көрсетті.

Тағы бір маңызды ерекшелік: Фабрика алаңында біз «галстуксыз және лауазымдық иерархиясыз» режимінде жиналамыз, өйткені идеяларды алқалы түрде талқылаймыз. Идеяларды кез келген қызметкер өз атынан немесе жалпы депертаменттің атынан ұсынуы мүмкін. Кейін жобаға айналатындай идеялармен қатысуға және сөз сөйлеуге ниет білдірушілер саны күн сайын артып келеді. Егер жобалар туралы санмен айтар болсақ, 12 Фабрика өткізілді, 49 идея таныстырылды, жүзеге асырылғаны – 10, белсенді іске асыру фазасында – 10.

«Идеялар Фабрикасында» жүзеге асырылған жобалар арасында – 2019 жылы 18 ақпанда Академия қабырғасында өткен мемлекеттік қызметшілердің форумы – алғашқы HR Форумға қатысқандар орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтерінің басшылары мен мамандары, корпоративтік және жеке секторлардың жетекші HR-менеджерлері.Форумға қатысушылардың саны 300-ге жуық адам болды, сондай-ақ, 16 Академияның аймақтық филиалдарынан БКБ арқылы қосылған 445 жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері. Форум қатысушыларынан сапалы кері байланыс алып,біз мұндай форумды жыл сайын өткізу қажеттігін түсіндік.

«Идеялар Фабрикасының» басқа жобасы - 2019 жылғы 27 сәуірде мемлекеттік органдардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған «Азаматтық қызметі + азаматтық қоғам + бизнес» сенім мен тиімді шешімдер Формуласы» семинар-тренингі өтті. Біз бүгінде өмір сүрудің және қоғамның әл-ауқат деңгейінің сапасын жақсартудың өзекті мәселелері бойынша азаматтық сектормен бірге мемлекеттік қызметтің өзара іс-қимылдар тиімділігін арттыру қажет екендігін көріп отырмыз. Осы жобамен біз мемлекеттік органдармен бірге шешім қабылдауға азаматтарды тарту жолындағы тосқауылды еңсеруге болатынын дәлелдедік.

Тағы бір қызықты жоба – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Академи ямагистранттарымен ашылған «Jangyroom» мемлекеттік қызметшілердің дамуына және демалуына арналған бөлмесі. Бөлмеде министрліктің сол немесе басқа механизмдерін жақсарту жөніндегі креативті идеяларды талқылау үшін басшылықтың қызметкерлермен кездесулері өткізіледі. Сонымен қатар, «Jangyroom»-да жұртшылықпен тренингтер мен кездесулер өткізуге болады.

Академия бүгінде ішкі трансформациямен қатар, мынадай стратегиялық әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты да белсенді түрде дамытып отыр: БАӘ-дағы Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум атындағы Мемлекеттік басқару мектебі және DBB Академиясы (Германия), сондай-ақ Maxwell School of Citizenship and Public Affairs (Максвелл Азаматтық және қоғамдық істер мектебі), АҚШ-тағы Сиракуз университеті.

АҚШ-та Максвелл мектебі мемлекеттік саясат саласында көшбасшысы болып табылады.Және де дәл осы Мектеппен Академия оқу кредитін өзара мойындағанын болжамдап, магистратураның екідипломдық бағдарламасын жүзеге асырады. Бірінші нәтижелері де бар – 2019 жылдың 10 мамырында біздің еліміздің әртүрлі аймақтарының өкілдері болып табылатын Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттары Сиракуз университетінің дипломдарын алды. Олар - бірегей екі дипломдық бағдарламасы бойынша оқытудан өткендер Самат Зияшев, Әсел Бирназарова. Максвелл Сиракуз университеті кәсіби даму мектебінің директоры Стивен Лакс дипломдарды тапсыру кезінде олар үшін АҚШ пен Қазақстан арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды бөлігі қазақстандық студенттер болып табылатына ерекше назар аудартты.

Сонымен бірге Академия Монғолиядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркменстаннан, Ауғанстаннан келген мемлекеттік органдардың өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерін де жыл сайын оқытуда, осы жылы Өзбекстанмен де жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз. Орталық Азиядан келген мемлекеттік қызметшілердің біздің Академиядағы оқытуын қаржыландырып отырған Ханнс Зайдельдің Қорымен де ынтымақтастықты жүзеге асырып отырмыз. Өз елдеріне оралып және мансап сатысы бойынша өсетін біздің Академия түлектерінің көмегімен әріптестік қарым-қатынасты орнату, оны – біз стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде көріп отырмыз.

Сондай-ақ, осындай Президент жанындағы Академиялары бар Армениядағы, Белорусиядағы, Ресейдегібіздің серіктестерімізбен белсенді түрде ынтымақтастық қызмет атқарып отырмыз. Өзара ынтымақтастық бірнеше бағытта жүзеге асырылуда.Бірінші кезекте, бұл ғылыми блогы – түрлі зерттеулерді жүзеге асыру және жүргізу жөніндегі өзара іс-қимылдар. Екіншісі – өзара оқыту, оқытушылармен және тыңдаушылармен алмасу шеңберінде, оның білім беру қызметтерін экспорттау маңызды мәнге ие болуда. Мысалы, 2018 жылы Академияда Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметкерлері оқытудан өтті. 2019 жылдың ақпанында БҰҰ жобасы шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Академияның тәжірибесін Түркменстаннан келген делегация зерттеді.

Академия Орталық Азия аймағында жаңа форматтағы ынтымақтастықты ұсынды. Ол 2019 жылы 16 мамырда Академияда өткен шетелдік Мемлекеттік басқару академияларының ректорлары қатысқан#Leadershiptalks жаңа алаңы болды.Форум Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Тәжікстан РеспубликасыПрезиденті жанындағы Мелекеттік басқару иституты ректорларының, Ресей халық шаруашылығы академиясы және Президент жанындағы мемлекеттік қызмет, Беларус Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясының Мемлекеттік қызмет институтының, Макс Орталық Азиядағы Ханнс Зайдел Қорыөкілдерінің қатысумен өтті.Тәжікстан РеспубликасыПрезиденті жанындағы Мелекеттік басқару иститутының ректоры Абдухалил Гафурзод Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін даярлау жоспарының табыстарына түсінік бере отырып, Қазақстандық Академия Тәжікстаннан 15 жылға алда екенін атап өтті және кадрларды даярлауға жәрдемдесуін өтінді.

2016 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Темасек» (Темасек қоры) Сингапурдың Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауыменСингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен бірлесе отырып, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін көп деңгейлі бағдарламамен оқытуды жүзеге асыруда. 2016 жылы Академияның базасында Қазақстанның 120 мемлекеттік қызметшілеріне арналған орталық мемлекеттік органдардың салалық департамент қызметкерлеріне арналған экономикалық даму бойынша, кадр қызметінің қызметкерлеріне арналған көшбасшылық, адами ресурстарын басқару бойынша сингапурлік сарапшыларды тарта отырып,тақырыптық семинарлар өткізілді. Оқыту нәтижелері бойынша жобалармен жұмыс істеу үшінтоптар (3-5 қатысушыдан) құрылды, олар Колледж бен Академия қарауына ұсынылған болатын. Өткізілген скайп-конференциялардың нәтижелері бойынша30 қатысушыіріктеліп алынды, олар 2018 жылғы қарашада Сингапурдың Колледж базасында өткен 5-күндік оқыту семинарына қатысты. 2019 жылы 17 мамырда Академияның базасында өткен қорытынды конференция шеңберінде қатысушылар өз жобаларын көрсетті. Академияның Колледжбен және Қормен басталған бұл ынтымақтастығы осымен аяқталмайды, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыру жөніндегі кезекті жобаны іске қосу бойынша Сингапурдың өкілдерімен қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде.

Академияның жетістіктері туралы айта отырып, олардың артында кім тұрғанын ұмытпау керек – ол профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер. Кадрларды іріктеу мәселесіне біз мұқият қараймыз, қызметкерлердііріктеу және жалдау барынша ашық және әділ өтеді. Мемлекеттік қызметшілерді адам капиталымен жаңа тәсілдер арқылы жұмыс істеугеоқыта отырып, біз өзіміз үлгі-өнеге болуымыз қажет. Біздің оқытушылар, қазіргі заманғы оқыту процесі үшін талап етілетін барлық қажетті жабдықтармен барынша қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, өз қызметкерлерімізді біз әрдайым инвестициялап отырамыз: біздің оқытушыларды жаңа әдістемелерге тұрақты түрде оқытып отырамыз, олардың біліктілігін арттырамыз, олардың халықаралық конференцияларда ғылыми баяндамалармен шығып сөйлеуінқолдап отырамыз.

Ағымдағы жылы біз демеушілер қаражаты есебінен сандық/голографиялық дәріс залын білдіретін Академияның сандық коворкинг-орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарында пайдаланылатын осындай залдар, әлем бойынша саусақпен санарлық. Сандық залдың ерекшеліктерінің бірі, оның виртуалды мүмкіндіктерінде, яғни лекторлар ретінде бұрынғы қоғамдық немесе саяси қайраткерлерді, ғалымдар мен ойшылдарды пайдалануға болады.

Академияның профессор-оқытушылар құрамындаәрі штаттық, әрі шақырылған оқытушылар бар. Бізде үздік тәжірибенің және өзекті ақпараттың иесі болып табылатын мемлекеттік органдардың тәжірибелі адамдары (практиктері) дәріс береді. Сонымен қатар, Академияда министрлер, министрдің орынбасарлары,өзге департамент директорлары оқытады. Біз білім беру үрдісіне ең үздік сарапшы-практиктердітарту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп отырамыз. Академияда жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасалған, яғни, адамдар шын мәнінде өз жұмыс орындарын және осы атмосфераны бағалайды. Қазақстанның басқа жоғары орындарымен салыстырғанда, біз жоғары жалақыны ұсынамыз, олар зерттеу жұмысымен көбірек айналыссын және сабақтарға жете дайындалсын деген мақсатпен оқытушылардың педагогикалық жүктемесін төмендетеміз.

Және ең бастысы – бұл Академияда қалыптасқан корпоративтік мәдениет және құндылықтар және Академия қабырғасында оқытудан өткен мемлекеттік қызметшілер арқылы мемлекеттік қызмет жүйесіне оң әсерін көрсетеді және олар өзгерістер-агенттеріболып отыр.

__________________________________________________

АВТОР ТУРАЛЫ. Айгүл Көшербаева – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегівице-ректоры.

1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) философия-экономика факультетін «саяси экономия» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары мынадай басшы лауазымдарда қызмет атқарды: «Экономикалық зерттеулер институты» РМК Әлемдік нарықтың конъюнктурасын зерделеу орталығының директоры, «Қазмұнайгаз-Консалтинг» компаниясының Жобалық талдау және бағалау тобының директоры,«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚЖШС «Біріккен химиялық компаниясының» бас менеджері,«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту орталығының директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономика және интеграциялық зерттеулер мен өңірлік және әлеуметтік талдау орталықтарының директоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы зерттеулер институтының директоры.

Қосылған : 13.06.2019, 12:00, Өзгертілген : 13.06.2019, 12:00