«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет паспорты

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

баланың тууын тіркеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

неке қиюды және бұзуды тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

қайтыс болуды тіркеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Қажетті құжаттар тізбесі:

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсету қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 77777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 15.02.2017, 17:30, Өзгертілген : 15.02.2017, 17:35