Агрис Прейманис. ЕҚДБ және Қазақстан: сенімді әріптестер

Агрис ПРЕЙМАНИС, PhD, Директор, Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша басшысы

ЕҚДБ және Қазақстан Республикасы: сенімді әріптестер

Қазақстанның мүмкіндіктерін ұлғайту үшін тығыз әріптестік

1993 жылы ЕҚДБ Қазақстандағы белсенді қызметін бастады, ол бүгінгі таңда ел экономикасына 8 миллиардтан астам доллар инвестициялады. Банктің ағымдағы қоржыны 2,9 миллиард доллар көлемінде бағаланады. Инвестициялардың 80%-ы инфрақұрылым, көлік, энергетика секторларына және табиғи ресурстарға келеді. Қалған бөлігін қаржы институттары арқылы қаражат алатын ШОБ секторы, сондай-ақ тікелей қаржыландырылатын корпоративтік және ауыл шаруашылығы секторлары алады. Инвестициялардың көлемі ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметімен және жеке меншік сектормен тығыз жұмыс істей отырып компанияларға және көптеген секторларда заңнамалық және реттеуші базаны жетілдіру процесіне әрі тұтастай ел халқының өміріне көрсетілетін әсер де маңызды.

1991 жылдан бастап Қазақстанның жан басына шаққандағы ІЖӨ ТМД елдерінің арасында ең жоғары деңгейлердің біріне жетіп, 2017 жылы айтарлықтай өсімді көрсетті, дегенмен дамыған елдермен салыстырғанда төмен деңгейде қалды. Алда әлі көптеген істер тұр, және Банктің мақсаттарының мемлекет алға қойып отырған: нарықтық экономиканың дамуын қолдау, бизнес жүргізудің бәсекелестік жағдайларын жасау, жасыл экономиканы дамытуға қолдау көрсету және т.б. сияқты міндеттермен тікелей үйлесетінін ескергенде, елдегі ЕҚДБ рөлі сөзсіз артып отыр.

ЕҚДБ инвестициялары және реформалар

ЕҚДБ бұрынғысынша инвестициялауды да, сондай-ақ елдегі реформаларды қолдауды да жоспарлауда. 2017 жылы Банк Қазақстанда тау-кен ісін («Шалқия мырыш» 140 миллион долларға), муниципалдық және көлік инфрақұрылымын (ирригациялық жоба 180 миллион долларға), жаңартылатын энергияны («Бурное Соляр» күн электр станциясы 45 миллион долларға) және банктерге кредиттік желілер түріндегі ШОБ-ны (жалпы сомасы 55 миллион доллар) қоса алғанда, экономиканың әртүрлі секторларында жалпы сомасы 700 миллион доллар 25 жаңа жобаға қол қойды.

Банк француздың Urbasolar компаниясымен күн электр станциясын салу жөніндегі жалпы сомасы 8 миллион доллар сомасындағы жобаға және Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясымен (ЭТК) 40 миллион доллардағы шартқа қол қойып, 2018 жылды сәтті бастады. Алда жаңартылатын энергия, газдандыру және өнеркәсіп секторларында бірқатар мәмілелер тұр. Осының барлығы басқа да шетелдік клиенттер үшін Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді көрсетеді.

ЕҚДБ үшін 2017 және 2018 жылдар жасыл экономика секторында қаржыландырылған жобалардың арқасында маңызды болды. 45 миллион доллар сомасындағы «Бурное» 50 мВ күн электр станциясы жобасына инвестиция негізгі жобаға айналды, ол жасыл экономикаға, сондай-ақ жаңартылатын энергия секторына коммерциялық ауқымда қолдау көрсетілуіне байланысты маңызды болды. ЕҚДБ ЭКСПО қарсаңында Энергетика министрлігімен 200 миллион сомасындағы негіздемелік келісімге қол қойды.

Көлік инфрақұрылымы сияқты басқа да секторлар да Банк үшін тартымды көрінеді. ЕҚДБ муниципалдық инфрақұрылымнан бастап жер суландыру жүйелерін қоса алғандағы бүкіл спектрді қарастырады. Банк елдің барынша шалғай өңірлерінде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар үшін тиісті экожүйелерді дамытуға үлес қосуға ұмтылады.

Осылармен қатар, банк және қаржы секторларының ерекше рөлін атап өту қажет. Банкте ШОБ-қа арналған және әйел кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары табысты жұмыс істейді, оларға қаражат елдің коммерциялық банктері арқылы бөлінеді.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде елдің реформалар саласында қол жеткізген елеулі прогресін атап өткен маңызды. ЕҚДБ мынадай салаларға өз үлесін қосты:

1) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) секторына. Банк Үкіметке 2014 жылы қабылданған «Концессиялар туралы» Заңға түзетулер пакетін әзірлеуге жәрдемдесті, Алматы айналма жолы бойынша (ҮАААЖ МЖӘ атауымен белгілі) МЖӘ тендерін іске қосуға жәрдемдесті. ҮАААЖ МЖӘ туралы концессиялық келісімге 2018 жылғы 7 ақпанда қол қойылды. Бұл Қазақстандағы жалпы сомасы 1,2 миллиард евродан асатын автожолдың алғашқы жеке меншік жобасы. ҮАААЖ МЖӘ туралы концессиялық келісімге қол қойылуы Банк үшін және жобаға басқа да қатысушылар үшін 12 жыл бойы жүргізілген диалогтан кейінгі реформалар бойынша жасалған аса ірі серпінді жобаға жатады. Бұл жоба болашақта Қазақстандағы көптеген жеке меншік инфрақұрылымдық жобалар үшін жол ашады.

2) Жаңартылатын энергия секторы туралы реттеуші ережелерге. Үкімет электр энергиясын жеткізуге арналған тарифті тұрақты валютамен ішінара индекстеу туралы шешім қабылдады және қысқа мерзімді шығындарды жабуға арналған резервтік қор құрды, сондай-ақ аукцион өткізу қағидалары қабылданды. Бірінші аукцион 2018 жылғы мамырға белгіленді.

3) Энергетика және табиғи ресурстар секторында инклюзивтікті және гендерді дамытуға. ҚР отбасылық және гендерлік саясатының 2030 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдамасы 2017 жылғы желтоқсанда мақұлданды. ЕҚДБ қолдауымен әзірленген осы стратегияның шеңберінде әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстардың тізімі қайта қаралды (жұмыстардың 100 түрі осы тізімнен алып тасталды).

4) Капиталдар нарығын дамытуға. «Астана» халықаралық қаржы орталығы» ресми түрде 2018 жылғы қаңтарда ашылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының» биржасы (АІХ) ЕҚДБ қолдауымен әзірленген листинг қағидаларын қабылдады, ол 2018 жылы толық күшіне енеді. АІХ 2017 жылдың басында NASDAQ-пен баға белгіленімдерін іздестіру жөніндегі NASDAQ технологиясын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Бұл жүйе қазір жұмыс істеуде.

5) Жер қойынауын пайдалану секторына. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудің жаңа қағидалары, ашықтықты және бәсекелестікті арттыру мақсатында құқықтарды/активтерді берудің өзгертілген рәсімдері көзделетін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс 2017 жылғы желтоқсанда қабылданды.

6) Жекешелендіру процесіне. Жетістіктерге 2017 жылы 334 кіші активтерді сату сияқты корпоративтік басқару, ашықтық және «Самұрық-Қазына» (СҚ) көгілдір фишкалары деңгейіндегі басқа да жетілдірулер жатады. Алайда ірі активтерді сату әлі іске асырылған жоқ. Алғашқы үш ірі активтің ІРО-сы 2018 жылғы 4-ші тоқсанда және 2019 жылы өтеді.

7) Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) күн тәртібін қалыптастыруға. ШИК мүшелері әзірлеген және ЕҚДБ қолдаған бірқатар ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қабылдады. Оларға Премьер-Министрдің және жалпы сессиялардың деңгейінде стратегиялық талқылаулар жүргізуге арналған неғұрлым икемді форматтағы платформа құру туралы ұсыныстар жатады.

Реформалардың тағы бір саласы реттелетін секторды қозғайды. 2017 жылғы желтоқсанда Парламент реттелетін секторлардағы тарифтердің реформасы тұрғысында Табиғи монополиялар туралы заңға 2020 жылдан бастап сумен жабдықтауға және орталықтан жылытуға коммерциялық тарифтер енгізуді көздейтін түзетулер пакетін қабылдады. Мұндай бастама Банк муниципалдық компаниялардың қатысуымен инвестициялық науқан ашқан муниципалдық секторда ЕҚДБ жүргізетін барынша кеңейтілген жұмыс бағдарламасына қолдау көрсетеді.

2017 жылғы желтоқсанда 3 жылға ұзартылған 2014 жылғы ЕҚДБ мен ҚР Үкіметі арасындағы Кеңейтілген әріптестік туралы келісім (КӘК) Қазақстандағы ЕҚДБ қызметі жәрдемінің тиімді платформаларының бірі болып қалып отыр. КӘК (ҚР Үкіметінің техникалық көмек бағдарламаларын және инвестициялық гранттарын қаржыландыру шеңберінде) шағын және орта бизнес бағдарламаларына арналатындары сияқты Банктің муниципалдық және көлік секторларына инвестициялар тартуда маңызды рөл атқарды. 2017 жылы КӘК қолданысын ұзарту жекешелендіруді және жаңартылатын энергетика секторын қоса алғанда, қызметтің жаңа салаларын көздейді.

Қазақстанда ЕҚДБ-ны не күтіп тұр?

Қазақстан ЕҚДБ үшін басымдық болып қала береді. Басталған жобалармен жүргізілетін белсенді жұмыстар жалғасуда. ЕҚДБ-ның елдегі реформаларға қатысуының нәтижелері жаңа инвестицияларға қатысты зор үміттер тудырады. Ағымдағы жылы ел экономикасына ЕҚДБ тарапынан инвестициялардың ауқымды көлемі жоспарлануда, ол нарықтың қазіргі сыйымдылығына тәуелді болады.

Банк қызметі жұмылдырылатын негізгі реформаларды іске асыру саласындағы прогресс таяудағы 3-4 жылда жеке меншік секторға инвестицияларды ынталандыруға ықпал ететіндігін атап өткен маңызды. Осы жылдардың өзінде-ақ МЖӘ жобаларының шеңберінде, жаңартылатын энергия секторларында, өндіріс пен көрсетілетін қызметтерде, сондай-ақ қаржы секторында жұмыс істейтін жеке меншік қазақстандық компаниялардың дамуы үрдісі байқалуда. Бұл кейіннен ЕҚДБ тарапынан қазақстандық жеке меншік секторға инвестицияларды ұлғайту үшін негіз қалайды. «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» 2018 жылғы 4-ші тоқсанға белгіленген көгілдір фишкалары активтерін жекешелендіру де осы секторда одан әрі инвестициялық мүмкіндіктер жасауға ықпал ететін болады.

Концессиялық келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстандағы осындай жобаларды дамытуға ынталылық жасайтын ҮАААЖ жобасына ірі инвесторлардың қызығушылығын ескеретін болсақ, халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген неғұрлым ауқымды МЖӘ жобаларының пайда болуы күтілуде. ЕҚДБ осындай жобаларды дайындауға және оларға инвестиция салуға дайын.

Үкіметтің соңғы екі жыл ішінде қаржы секторындағы жағдайды жақсарту бағытында жүргізген жұмысы жақсы нәтижелер беруде. Орта мерзімді перспективада Банкте осы секторда жұмыс істеуге арналған үлкен мүмкіндіктер пайда болады деп сенгіміз келеді.

ЕҚДБ жеке меншік компанияларға неғұрлым маңызды рөл беру мақсатында нарықтың конъюнктурасын өзгертуде Қазақстанға жәрдем көрсетуді жалғастырады. Таяу болашақта ЕҚДБ инвестициялық ортасының жай-күйі өзгеріске ұшырауы мүмкін, ол ел экономикасындағы өзгерістерге әсер етеді.

Қазақстанда бәсекелі экономика қалыптастыру

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуде тұрақты дамуды қамтамасыз ете отырып, оның айтарлықтай прогресіне қол жеткізді. Нақты ІЖӨ өсімі 2016 жылғы 1.1%-дан едәуір ұлғайып, 2017 жылы 4.0% құрады. АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкцияларына байланысты рубльге қысымның қауіптерінен туындаған кейбір құбылуларға қарамастан, айырбастау бағамы тұрақталды. Инфляция деңгейі төмендеді және Ұлттық Банк 2018 жылға белгілеген 5-7% дәлізінде тұр.

Елдің 4% өсу белгісіне жетуі және барынша дамыған елдердің қатарына өтуі үшін қажетті 5-6% өсуге қол жеткізуі туралы мәселе түйінді болып қалып отыр. Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасының арқасында көлік қатынасын жақсарту сияқты өсімнің негізгі зәкірлерін тиімді пайдалану жеке меншік сектордың толық әлеуетін ашуды тежейтін басты кедергілерді (мемлекеттік кәсіпорындарға артықшылық беру, жеткілікті дамымаған банк және инфрақұрылымдық-логистикалық секторлар, жасыл өсім экономикасының баяу қозғалысы, экономика секторларындағы белгілі бір теңгерімсіздік) жою жөніндегі жұмыс сияқты негізгіге айналады. Сонымен бірге, іс жүзінде осы мәселелердің барлығы ҚР дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында және басқа да бағдарламалық құжаттарда көрініс тапты, бұл оң индикатор болып табылады.

Осылайша, ЕҚДБ кедергілерді жою және елдің игілігі үшін өсудің шешуші драйверлері негізінде жұмысты жалғастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен және жеке меншік сектормен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.

Қосылған : 7.06.2018, 16:25, Өзгертілген : 7.06.2018, 16:25