Адела Раз. Қазақстан мен Ауғанстан өзара ықпалдастықты нығайтуда

Адела РАЗ,

Ауғанстан Ислам Республикасы

Сыртқы істер министрінің орынбасары

Қазақстан мен Ауғанстан өзара ықпалдастықты нығайтуда


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ауғанстанның Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесуі. Астана қ., 2017 жылғы 10 қыркүйек (Akorda.kz)

Соңғы 25 жылда Орталық Азия елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап, халықаралық аренада жаңа рөл атқаруда. Ол әлемнің ең қарқынды дамыған экономикалары орналасқан Еуразия аймағындағы экономикалық интеграция орталығына айналды. Еуразия суперконтинентінің орталығында және тез дамып келе жатқан Қытай мен Үндістанның ортасында орналасқан Орталық Азия Еуразиядан тыс аймақта сауда және капитал ағындары үшін әлеуетті транзиттік хаб болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық дамуы Орталық Азия мемлекеттері арасында табысты үлгі болып табылады. Шамамен 160 млрд. АҚШ долларын құрайтын ЖІӨ-ге ие Қазақстанның экономикасы Орталық Азияның барлық елдерінің жалпы көрсеткіштерімен салыстырғанда жақсы дамыған (Дүниежүзілік банк, 2018 ж.) /1/. Бизнеске қолдау көрсететін Үкіметпен үйлесімдегі білікті жұмыс күші, сондай-ақ инвестицияларға қолайлы құқықтық жүйе Қазақстанды отандық және шетелдік инвесторлар үшін Орталық Азиядағы ең тартымды елдердің бірі етеді. Аталған жайт елдегі саяси институттардың тұрақтылығын көрсетеді, бұл инвестициялық тартымдылықты бағалаудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Аймақтағы басқа елдермен қатар Қазақстан әрқашан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуде сындарлы рөл атқаруға тырысты. Сонымен қатар, 2001 жылдан кейін оның Ауғанстанды тұрақтандыруға қатысуы оған дәлел болып табылады. 2001 жылдан бастап Қазақстан Ауғанстанға жалпы мөлшері 20 млн. долларды құрайтын азық-түлік жіберді және ауған студенттеріне Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін 50 млн. доллар бөлді.

Тарихи және мәдени байланыстарға ие Қазақстан мен Ауғанстан түрлі салаларда тығыз қарым-қатынастарға және оларды одан әрі кеңейту мен дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Мысалы, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде кеңейтілуде және қазір Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2015 жылғы 400 млн. АҚШ долларымен салыстырғанда 600 млн. долларды құрайды (The Kabul Times, 2018 ж.) /2/. Ағымдағы жылдың тамыз айында Ауғанстан мен Қазақстан екі ел арасындағы сауданы жеңілдету бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты берік байланыстармен қатар Қазақстан Ауғанстанның, соның ішінде «Азияның жүрегі – Ыстамбұл үдерісінің» (HoA-IP) және Ауғанстан бойынша аумақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясының аясында (RECCA), маңызды өңірлік әріптесі болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің) төрағасы бола отырып, Қазақстан осы жылдың қаңтарында Кеңес делегациясының Ауғанстанға сапарын ұйымдастырды. Аталған сапардың мақсаты Ауғанстан Үкіметінің күштерін және халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымының тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін мүмкіндігін ұсыну болды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстан мен көрші елдер арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін зерттеу үшін Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан, Құрама Штаттарының және кейбір еуропалық елдердің жоғары деңгейдегі делегацияларының қатысуымен министрлік пікірталастарын бастады.

Жаңа көзқарасқа сәйкес аймақтық деңгейде Қазақстан Үкіметі 2018 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласында Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту жөніндегі өңірлік конференциясын өткізді. Конференцияға Ауғанстан, Орталық Азия, Әзербайжан, Армения және Қытайдың жоғары дәрежелі делегаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының және Еуропалық Одақтың (ЕО) өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдары мен жеке сектор қатысты.

Конференцияда Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы Тұрақты экономикалық өсімді, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық арқылы Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуді қоса алғанда, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі тақырыптары және Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудегі білім мен оқытудың рөлі талқыланды. Ауғанстан Үкіметінің Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың жағдайын жақсарту жөніндегі күштерін бағалай отырып, қатысушылар әйелдердің қоғам мен экономикаға толық қатысуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылады және осы мәселелерді тиімді шешуге арналған саяси шараларға және стратегияларға ерекше назар аударды.

Конференция аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі сауданы кеңейту мақсатында Ауғанстан әйелдерінің сауда-өнеркәсіп палатасы мен Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы екі жеке меморандумға қол қойылды. ЕО қаржыландыратын жаңа бастаманы іске қосу Конференцияның тағы бір маңызды нәтижесі болып табылады, оның аясында Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдері білім алып, кәсіби-техникалық дайындықтан өтеді.

Конференция әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, соның ішінде әйел кәсіпкерлігін дамыту, білім беру процесіне, еңбек ресурстарына және саяси өмірге толыққанды қатысуы бойынша жұмыс атқару қажеттігі атап көрсетілетін «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту» атты Астана декларациясының қабылдануымен аяқталды. Ауғанстан жақын арада әйелдерді қолдау жөніндегі саясат пен бағдарламаларды қабылдағандықтан, Әйелдер проблемалары жөніндегі Астана конференциясы осы стратегиялар мен бағдарламаларды халықаралық деңгейде қолдауды жүйелеу үшін уақытылы және тиісті бастама болды.

Бұл ортақ проблемалар мен мүмкіндіктер туралы сөз ету, сондай-ақ бір-біріміздің тәжірибемізді үйрену үшін біздің өңір әйелдерінің шақыруы бойынша ұйымдастырылған Қазақстанның бірегей бастамасы болды. Соңғы бірнеше жылда Ауғанстан экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, әйелдердің техникалық әлеуетін нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдердің әлемдегі рөлін арттыруға басымдық бере отырып, олардың мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтуде үлкен прогреске қол жеткізді.

Бірқатар қиындықтарға қарамастан, Ауғанстандағы әйелдер азаматтық қоғамға белсенді қатысады және реформаны жүзеге асыруда тиімді және шешуші дауысқа ие. Бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы әйелдердің рөліне өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін тамаша жетістік және өз кезегінде өңір әйелдерінің техникалық дағдыларын үйренуге көмектеседі.

Ауғанстан Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударады. Осылайша, Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас екі елдің сындарлы өзара әрекеттестікке ұмтылатынын көрсетеді. Екі елдің басшылығы түрлі салалардағы, әсіресе экономика саласындағы, ынтымақтастықты жандандыру үшін саяси ерікке ие. Екі ел сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін импульсті тиімді пайдалануға ұмтылуы тиіс, бұл ұзақ мерзімді болашақта олардың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:

1. Дүниежүзілік банктің ұлттық шоттар бойынша деректері:

https://data.worldbank.org/indicator/NY.GDP.MKTP.CD?locations=KZ.

2. The Kabul Times (2018 жылғы 6 тамыз). Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы артады. https://thekabultimes.gov.af/2018/08/06/trade-between-afghanistan-kazakhstan-to-increase/.



Қосылған : 21.12.2018, 11:40, Өзгертілген : 21.12.2018, 11:40