Қазақстан Елшісі Норвегия СІМ-нің басшысымен кездесті

ОСЛО, 2019 ж. 13 маусым – Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов Норвегияның Сыртқы істер министрі Ине Эриксен Сорейдемен кездесті.

Норвегия СІМ-нің жетекшісі Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың нәтижелері мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымдағы инаугурациялық сөзінде ұсынған он басымды мәселелер туралы ақпараттандырылды. «Президент қазақстандық мемлекеттілік пен экономикалық күш-қуатын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, демократия мен әлеуметтік қоғамды дамытуға арналған бағытты жалғастырады»-деп жеткізді Елші.

Кездесу барысында екі жақты форматтағы және халықаралық ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастыққа қатысты сұрақтар да талқыланды. «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелік әрекеттері өте табысты болды. Норвегия өз үміткерлігін 2021-2022 жылдардағы Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақсыз мүшелекке ұсынғанына байланысты, Сіздердің еліңіздің тәжіребисі мен қолдауы біз үшін өте маңызды болып отыр» - деп айтты И.Сорейде.

Е.Ахинжанов Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда мен экономика қарым-қатынастарын жандандыру жайлы бірқатар ұсыныс білдірді. Байланастарды орнату мақсатында ауыл шаруашылық, транспорт пен логистика, көрсетілетін қаржы қызметтері саласындағы бірқатар шара биыл өткізілуге жоспарлануда. Елші қазақстандық даму институттары инновацияларды мадақтау, енгізу мен саудалау саласындағы норвегиялық қорлармен ынтымақтастық орнатуға білдіріп отырған қызығушылығын атап өтті.

Қосылған : 13.06.2019, 06:00, Өзгертілген : 13.06.2019, 06:01