Қазақстан мен Грекия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-жылдығын атап өтуде

1992 жылы 1 қазанында заманауи Қазақстанның сыртқы саясатында елеулі оқиғасы болды – тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасында ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынастарының негізі қаланды.

Сол тарихи кезеңнен бастап екі ел арасындағы байланыс достық және сенім арқасында даму үстінде. Грекия Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және т.б. алаңдарында алға тартқан түрлі халықаралық бастамаларын әрдайым қолдап келуде. Афина 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне үміттенген Қазақстан кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Өз кезегінде, Қазақстан Грекияны 2025-2026 жылдары сол ұйымның тұрақсыз мүшесі атану ниетін қолдауда.

Мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынастарындағы ең маңызды оқиғасы, мызғымас ынтымақтастықтың негізіне айналған 2001 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Грекияға, ал 2002 жылдың маусымында Грекия Президенті Константинос Стефанопулостың сапарларын атауға болады.

Аталған елеулі сапарлардан соң екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар ұдайы дамуда, саяси және сауда-экономикалық үнқатысу да нығаю үстінде. Мысалы, 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында қазақстандық-грек сауда айналымы 627 млн. АҚШ долларына жетті (экспорт – 617 млн. долл., импорт – 10 млн. долл.). Қазақстан Грекияға көмірсутектерін, бидай, тұз, түрлі тастар, гипс, цемент, мыс, мыстан жасалған шикізаттар мен т.б. экспорттайды. Ал, Грекия отанымызға химиялық және металлургиялық өндірістерінің өнімдері, пластик, тері мен трикотаж, аяқ киім, механизмдер мен құрылғылар, және де электрондық материалдарды жөнелтеді.

Екіжақты қарым-қатынастар үшін аталған күн маңыздылығына орай Қазақстан Елшісі Алексей Волков 2017 жылғы 2 қазанда Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - экономика және технологиялық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының грек тарапынан теңтөрағасы Йоргос Катругалоспен кездесу өткізді.

Кездесу басында қазақстандық дипломат грек әріптесін мерейтойлық күнмен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі терең дамуының түрткісіне себеп болатын сауда мен инвестиция, саяси және парламентаралық үнқатысу, мәдениет пен туризм салаларын дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Алексей Волков грек тарапына екі елді жақындастыратын ортақ тарихи, мәдени және адами байланыстардың баршылыған тоқталды. Бұл орайда, ол Қазақстанда көптеп тұратын грек диаспорасының, сонымен қатар бүгін де екінші отандарымен тамырларын үзбеген грек ұлты өкілдерінен құрылған бұрынғы отандастарымыздың ерекше ролдеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Йоргос Катругалос 25 жыл ішінде мемлекеттер шынай достық пен ынтымақтастықтың мызғымас негізін құрғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол Еуразия кеңістігінде жаңа көліктік және сауда дәліздерінің қарқынмен даму тұрғысын Қазақстан Афинаның Орталық Азия аймағындағы маңызды және әлеуеті жоғары әріптесі екенін ауызына тиек етті.

Мерейтойға орай, 2017 жылғы 4 қазанда Афинада «Парнассос» концерттік залында Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтетін болады.

Қосылған : 2.10.2017, 09:25, Өзгертілген : 2.10.2017, 09:25