Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 24-отырысы туралы

2019 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Анталия қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 24-отырысына қатысты.

Кездесудің негізгі мәселелері Ұйымды реформалау және ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңа жарналар мектебін бекіту болды.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде ЭЫҰ өңірінің маңызды экономикалық әлеуетін ескере отырыпҰйымның тиімділігін арттыруғаоның қызметін экономикалық жобаларды іске асыруға бағыттауға және ЭЫҰ Хатшылығының шығыстарын оңтайландыруға шақырды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес елімізге ЭЫҰ ХатшылығындаБас хатшының орынбасарының тұрақты қызметін қоса алғандақосымша лауазымдарды бөлу туралы шешім қабылдады.

 2020-2022 жжЭЫҰ-ға төрағалық ету Тәжікстан Республикасынан Түркия Республикасына өтті.


Қосылған : 9.11.2019, 16:45, Өзгертілген : 9.11.2019, 16:45