Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2019 жылдың 9 айда жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі ұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2019 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2019 жылғы 9 айда 13 аудиторлық іс-шаралар, оның ішінде жоспардан тыс 2 аудит жүргізді.

Аудитпен қамтылған жалпы бюджеттік қаражат сомасы 43 717,5 млн. теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1240,1 млн.теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

- сомасы 13,2 млн.теңге қаржының бюджетке түсуі кезіндегі бұзушылықтар;

-  сомасы 510,7  млн. теңге бухгалтерлік, бюджеттік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі заңнамаларды бұзушылықтар, сомасы 4,6 млн. теңге ағымдары шығындар бойынша бұзушылықтар, сомасы 0,7 млн. теңге күрделі жөндеу кезіндегі бюжеттік қаражаттарды пайдаланудағы бұзушылықтар, сомасы 710,9 млн.теңге өзге де бұзушылықтар.

Оның ішінде республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома - 4,9 млн. теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома  - 426,2 млн. теңге.

Аудит объектілеріне 12 аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға шешімдер жолданып, уақытылы орындалды. Бір аудит объектіcі бойынша шешім орындау мерзімі ү.ж. төртінші тоқсанында орындалады.

2019 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша республикалық бюджет кірісіне 3,8 млн. теңге өтеліп, бухгалтерлік есеп бойынша 426,2 млн теңге қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, төрт лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қосылған : 24.10.2019, 12:30, Өзгертілген : 24.10.2019, 12:30