Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 11 қараша

Мазмұны:


1) Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы туралы;

2) Қазақстан-Аустрия Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы туралы;

3) Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты саяси консультациялар туралы;

4) Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға сапары туралы;

5) Бельгиядағы дөңгелек үстел туралы.


1. Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясы туралы

11-12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы өтіп, оның барысында екі елдің министрліктері мен ведомстволары сарапшыларының кездесулері орын алады деп күтілуде.

Екіжақты Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы 2005 жылғы 10 қазанда Прага қаласында бастау алып, содан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Онда Қазақстан мен Чехияның үкіметтік делегациялары 2004 жылы Өнеркәсіптік, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап алғаш рет кездесті.

Қазіргі уақытта қазақстандық тараптан комиссияның тең төрағасы энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов болып табылады, ал чех тарапынан – Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Силван Йироткова болып табылады. 

Қазақстандық және чех сарапшыларының қол жеткізілген уағдаластықтарының қорытындысы Үкіметаралық комиссия отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылатын болады.


2. Қазақстан-Аустрия Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы туралы

11 қарашада Аустрияның Линц қаласында Экономикалық, ауылшаруашылық, экологиялық, индустриялық, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтеді.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Аустриядағы өзекті экономикалық жағдайды, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға ниетті.

Қазақстан тарапынан тең төраға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Аустрия тарапынан – Аустрияның Цифрландыру және экономика жөніндегі федералдық министрлігінің Экономикалық стандарттар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Флориан Фраушер болып табылады.

Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы 2017 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын.


3. Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты саяси консультациялар туралы

12 қарашада Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтеді.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарады, бельгиялық тараптан келіссөздерге Бельгия Сыртқы істер министрлігінің екіжақты істер жөніндегі Бас директоры Аник Ван Калстер қатысады.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бельгиядағы өзекті ішкі саяси жағдайды, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Брюссельге сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанда Ауған қыздарын оқыту жөніндегі Еуроодақ бағдарламасының ұлықтау рәсіміне қатысады, сондай-ақ еуропалық интеграциялық құрылымдар өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.


4. Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға сапары туралы

13-14 қарашада Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано Қазақстанға сапармен келеді.

Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Сандық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, қаржы, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшыларымен кездесулер жоспарлануда.

Келіссөздер барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл, сауда-инвестициялық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және т. б. мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. 

Сондай-ақ, Манлио Ди Стефаноның «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қолдауымен Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған Қазақстан-Италия бизнес-форумына қатысуы қарастырылған.


5. Бельгиядағы дөңгелек үстел туралы

13 қарашада Брюссельде Euractiv медиа агенттігінің алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың қатысуымен «Қазақстанның жаңа басшылығы: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қандай әсер етеді?» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді. Іс-шараға негізгі спикерлер ретінде Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы әрекет қызметі мен ой-талқы орталықтарының өкілдері қатысады. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енгеннен кейін екіжақты ынтымақтастықты дамыту кіреді (келісім Италиядан басқа, Еуропалық Одақ елдерінің барлығымен ратификацияланған).

Қосылған : 11.11.2019, 16:30, Өзгертілген : 11.11.2019, 16:30