Қазақстандық-израильдік ынтымақтастығыңың перспективалары үкіметаралық комиссия отырысында талқыланды

2017 жылы 30 қарашасында Израильде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-израильдік бірлескен комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Отандық делегацияны Қазақстан Республикасының қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов, израильдікті – қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин басқарды.

Отырыс барысында екіжақты сауданы арттыру, ауылшаруашылық, су қорларын басқару, индустриалды-инновациялық даму, ақпараттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және т.б. салаларда қазақстандық-израильдік ынтымақтастықты дамытудың өзекті бағыттары мен перспективалары талқыланды.

Мәжіліс қорытындылары бойынша сәйкес хаттамаға қол қойылды.

Өткен іс-шараның аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ және «Volcani Center» ауыл шарушылығы саласындағы израильдік ғылыми-зерттеу ұйымы арасында ғылыми зерттеулер мен білім саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен израильдік ресми және іскерлік орталардың өкілдерімен маңызды келіссөздер өтті.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов жұмыс сапары барысында әріптесі Израильдің қаржы министрі Моше Кахлонмен кездесті. Қаржылық мекемелердің басшылары табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты салық салудан жалтарудың алдын алу және қос салық салуды болдыртпау туралы конвенцияға жақын арада қол қоюға шығару бойынша, Азия даму банкі, Еуразиялық даму банкі, т.б. сияқты халықаралық қаржы институттары шеңберінде ынтымақтастық бойынша нақты қадамдарды белгіледі, сондай-ақ израильдік тараптың «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысу мүмкіндігі белгіленді.

Инновациялық эко жүйені дамыту саласында қазақстандық-израильдік ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен Б. Сұлтанов Еврей университеті жанындағы VLX (Van Leer Xenia) Ventures стартап-инкубаторына барды.

Отандық делегация басшысы израильдік LR Group компаниясының басшылығымен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін құрылған қазіргі қорларға қатысу мәселелерін талқылады.

Қосылған : 4.12.2017, 09:10, Өзгертілген : 4.12.2017, 09:10