2014 жылғы 25 мамырдағы Украина Президентін мерзімінен ерте сайлау нәтижесіне қатысты Қазақстан Республикасы СІМ мәлімдемесі

Қазақстанда ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан бақылаумен ел азаматтарының еркін білдіруін қамтамасыз еткен Украина Президентін сайлауын өткізуді құптайды. Бұл дауыс беру Украинадағы ахуалдың тұрақталуы жолында маңызды қадам болды.

Қазақстан осы өткен сайлау жалғасып жатқан конституциялық реформалар, Украинадағы бейбітшілік пен келісімді нығайту шеңберінде жалпыұлттық диалогтың дамуына мүмкіндік беретініне және елдің барлық саяси күштері мен өңірлерінің мүдделерін есепке алатынына сенеді.

Біз Украина халқының таңдауына құрметпен қараймыз және саяси тұрақтылықты, қоғам бірлестігін, Украинаның одан әрі экономикалық және демократиялық дамуын нығайтуға бағытталған әлемдік қауымдастық ұмтылысын дәйекті түрде қолдап отырамыз.

Қосылған : 25.05.2014, 15:41, Өзгертілген : 31.07.2014, 13:56