2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылау нәтижелері

2013 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы бірқатар кешенді және тақырыптық бақылау іс-шараларын өткізді.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2009 жылғы 1 тамыздан 2013 жылғы 30 маусым кезеңінде жалпы сомасы 1 299,0 млн. теңге құрайтын, негізгі үлесі бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді қалыптастыруға жататын 183 бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, бюджетке қаражаттың түсуі және мемлекеттік бюджет қаражаттары мен активтерін қолдану бойынша бұзушылықтар 6,2 млн. теңгені құраған.

Бақылау жүргізілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды (немесе) және оларға себепші болған жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар бойынша мәліметті ұсыну мерзімдері көрсетілген Ұсынымдар жолданды.

Осы ретте, бақылау жүргізілген объектілерде бұзушылықтар толықтай жойылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бөлігіндегі есеп және қаржылық есепті жүргізу бюджеттік және басқа да заңнамаларға сәйкес келтірілді.

2013 жылдыңбірінші тоқсаны бойынша жүргізілген бақылау нәтижелерi

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-бабына және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекіткен Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2013 жылдың бірінші тоқсаны ішінде ҚР СІМ Ішкі бақылау басқармасымен бірқатар кешендi, сонымен бiрге тақырыптық бақылау іс-шаралары өткiзiлді.

Бақылаудың нәтижесiнде 981 868,40 мың теңге сомаға 73 бұзушылық анықталды, соның iшiнде:

- бюджетке қаражаттың түсуiнде 0,00 мың теңге сомада;

- мемлекеттің бюджеттiк қаражатын және активтерін қолдануында 0,00 мың теңге сомада;

бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi қалыптастыруда 44 829,77 мың теңге сомада, сонымен бірге бақылаудың қорытындылары бойынша бюджетке қайтаруға жататын 710,58 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар.

543,02 мың теңге сомасындағы қаржы бюджеттiн кірісіне қайтарылды.

Бақылау жүргізілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды (немесе) және оларға себепшi болатын жағдайларды жоюға және қабылданған шаралар бойынша мәлiметтi ұсыну мерзiмдерi көрсетілген ұсыныстар жолданды.

Бақылау жүргізілген объектiлер атқарған жұмыстары туралы ақпаратты, Ұсынымда көрсетілген мерзімде растайтын құжаттарымен бірге ұсынады.

Қосылған : 19.11.2013, 09:46, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:35