2012 жылдың жүргізілген бақылау нәтижелерi

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-бабына және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекіткен Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2012 жылдың ішінде ҚР СІМ Ішкі бақылау басқармасымен бірқатар кешендi, сонымен бiрге тақырыптық бақылау іс-шаралары өткiзiлді.

Бақылаудың нәтижесiнде 690 822,61 мың теңге сомаға 187 бұзушылық анықталды, соның iшiнде:
- бюджетке қаражаттың түсуiнде 215 916,24 мың теңге сомада;
- мемлекеттің бюджеттiк қаражатын және активтерін қолдануында 135 191,7 мың теңге сомада;
бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi қалыптастыруда 339 714,73 мың теңге сомада, сонымен бірге бақылаудың қорытындылары бойынша бюджетке қайтаруға жататын 9 129,00 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар.
2 160,59 мың теңге сомасындағы қаржы бюджеттiн кірісіне қайтарылды.
Бақылау жүргізілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды (немесе) және оларға себепшi болатын жағдайларды жоюға және қабылданған шаралар бойынша мәлiметтi ұсыну мерзiмдерi көрсетілген ұсыныстар жолданды.
Бақылау жүргізілген объектiлер ұсыныстарды орындау бойынша iстелген жұмыстары туралы мәлiметтерді растайтын құжаттарымен бірге ұсынды.

2012 жылдың тоғыз айда жүргізілген бақылау нәтижелерi

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-бабына және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекіткен Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2012 жылдың тоғыз айы ішінде ҚР СІМ Ішкі бақылау басқармасымен бірқатар кешендi, сонымен бiрге тақырыптық бақылау іс-шаралары өткiзiлді.
Бақылаудың нәтижесiнде 258 065,31 мың теңге сомаға 135 бұзушылық анықталды, соның iшiнде:
- бюджетке қаражаттың түсуiнде 139 247,36 мың теңге сомада;
- мемлекеттің бюджеттiк қаражатын және активтерін қолдануында 956,8 мың теңге сомада;
бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi қалыптастыруда 117 861,15 мың теңге сомада, сонымен бірге бақылаудың қорытындылары бойынша бюджетке қайтаруға жататын 754,52 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар.
10,5 мың теңге сомасындағы қаржы бюджеттiн кірісіне қайтарылды.
Бақылау жүргізілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды (немесе) және оларға себепшi болатын жағдайларды жоюға және қабылданған шаралар бойынша мәлiметтi ұсыну мерзiмдерi көрсетілген ұсыныстар жолданды.
Бақылау жүргізілген объектiлер ұсыныстарды орындау бойынша iстелген жұмыстары туралы мәлiметтерді растайтын құжаттарымен бірге ұсынды.

Қосылған : 19.11.2013, 09:46, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:36