Jetіsý Invest форумы алаңында құны $859 млн. астам 13 меморандумға қол қойылды

Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысының Талдықоған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес-форумы өткізілді. Форум қатысушылары инвестициялық келісімге қол жеткізіп, жалпы сомасы $859,7 млн. құрайтын 13 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойды. 

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев, сондай-ақ, әлемнің 7 елінен, дипломатиялық корпустың, ірі отандық және трансұлттық компаниялардың, шетелдік және отандық бизнесмендердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының 400-ден аса өкілдері қатысты. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы инвестициялық ағынның төмендегеніне қарамастан, 2014-2016 жылдары Алматы облысындағы ішкі инвестициялар 27%-ға өсті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес өңірлер ішінде сыртқы инвестицияларды тарту бойынша бірінші орынға шықты, оның көлемі жыл сайын 2016 жылдан бастап 20%-ға өсуде.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев елде инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығы туралы айтып берді. «Ел Үкіметі үздік әлемдік тәжірибені тартуды және енгізуді тапсыра отырып, мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Қазіргі уақытта бізде шетелдік бизнесмендерді сүйемелдеудің үш деңгейлік жүйесі қызмет етеді. Сыртқы деңгейде Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, орталық деңгейде KAZAKH INVEST және үшінші деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін өңірлердегі фронт-офистер».

Сондай-ақ, өңірдегі өздерінің сәтті тәжірибелерін Leroy-Merlin, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Waste Energy KZ», «АрКазИнвест» пен басқа ірі және трансұлттық компаниялардың өкілдері баяндап берді.

Сонымен қатар, форум барысында өңір ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолайлы екені айтылды. Осылайша, Қазақстандағы 74 жаңартылатын энергия көздерінің 24-і Алматы облысында жұмыс істейді. Ірі Сингапурлық инвестордың қатысуымен Universal Energy компаниясы салған қуаттылығы 100МВт болатын Қазақстанның ірі күн электростанцияларының бірі қыркүйек айында іске қосылды. Келесі жылы осы компания әрқайсысының қуаттылығы 50МВт болатын екі күн және жел электростанцияларының іске қосылуын жоспарлауда. Бұдан басқа, ЖЭК 28 жобасы іске асырылудың түрлі кезеңдерінде.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар деп атап өтеміз. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, ал 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.


Қосылған : 5.10.2019, 12:45, Өзгертілген : 5.10.2019, 12:45